• Преподавателю
  • Другое
  • Топтық жұмыс арқылы оқушылардың тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыру тақырыбында өткен № 1 коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыру тақырыбында өткен № 1 коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2015-2016-оқу жылында өткізілген коучингтердің рефлексивтик есептері.

Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс- әрекетті талдауға ынталандыратын, ойландыратын құрал - коучинг. Коучингті жүргізудегі мақсаттың бірі бірлесе отырып шешім қабылдау, қорытынды шығару. Коуч ретінде мүғалімдерді оқытуда олардың сұраныстарын есепке ала отырып мұғалімдерді оқытуда көптеген әдіс-тәсілдерді өз орнында, өз уақытында ұтымды қолданған жөн. Коучинг сабақтар арқылы оларға топтық жұмыс барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас арқылы диалогтік оқытуды мұғалімдерге үйрете отырып, коучинг жүргізу арқылы шешімді бірлесіп болатындығын жеткізгім келді. Осы арқылы мұғалімдерді ашық диалогқа түсіруді, сабақ барысында дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамытуды, қажеттіліктерін қанағаттандыруды, сыны тұрғыдан ойлау арқылы ой жүгірту, тұжырым жасау, маңызды мәселелерді талқылау, тәжірибені ой елегінен өткізіп, қолдануға болжам жасауді көздедім.

Александердің пайымдауы бойынша әңгіме барысында екіұдайы пікірлер қалыптасып,идеялар екі жақты дамиды,соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп сипаттады.Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні айтылған. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығы атап көрсетті.

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыру тақырыбында өткен № 1 коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Мақсаты: Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау.

Күтілетін нәтиже: Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатын, мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игереді. Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісіледі. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеуге қол жеткізіледі. Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықтар анықталады.

Коучинг сабағына жас ерекшелігі әр түрлі 12 мұғалім қатысты. Бірінші сессия болғандықтан мұғалімдермен жақын танысу және өзара сенімді, ынтымақтастық топ қалыптастыру үшін есім-акроним ойсергек өткізіліп, әркім өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтірді. Жаттығу ұнап, арадағы ресмилік сейіліп,мұғалімдер өздерін еркін сезіне бастады. Қалай оқу керектігін үйрету модулін кіріктіре отырып, мұғалімдерді стикерлер арқылы 6 адамнан 2 топқа бөлінді, бірлесе отырып топ ережесін құрдық. Себебі, топта жұмыс істеу барысында, мұғалім оқушылардың топ құрамында тапсырманы орындамайынша және түсінбейінше ынтымақтаса жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады, оқушылардың өзара оқыту, оқу және бағалау қызығушылықтарын оята алады. Барно АКТ-ны пайдаланып бүгінгі сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сабақ барысында топтық жұмыс қажет пе?, сіз сабақта топтық жұмысты қалай ұйымдастырасыз ?, сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін сіз қандай тәсілдерден пайдаланасыз?,қорыта келгенде «Бірлескен топтық жұмыс дегеніміз не?» деген сауал төңірегінде ой шолу жүргізілді.

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыру тақырыбында өткен № 1 коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есепТоптық жұмыс арқылы оқушылардың тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыру тақырыбында өткен № 1 коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Соның нәтижесінде мұғалімдер топтық жұмыс дегеніміз не екеніне өз тәжірибелері бойынша жауаптар берді. Мәселен, химия пәні мұғалімі Д.Жаналиева -оқушылардың бірлесе жасаған жұмыс нәтижесі десе, Г, Нурова- өзбек тілі пәні мұғалімі - ынтымақтасқан жүйе, Ш.Ханжанова- орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі - ол оқу үрдісіндегі оқушылардың өзбетінше білім алуына жағдай жасайтын тәсіл дегендей түрлі пікірлер болды. Осыдан кейін мен видеопроекторда «Ауысып отыратын топтар » атты презентация көмегімен бағалаудың түрлерімен, сол топтық жұмыстың мақсаты, мән-маңызымен таныстырды. Мұғалімдер қызығушылықпен тыңдады. Сабақтың мәнін ашатын тапсырма ретінде мұғалімдерге топтық жұмысқа оқушылардың өзара бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу, топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу, топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау мазмұнын баяндайтын МАНдан 18-19 беттер бойынша мәтін мен жұмыс істеуді ұсындым.

Мұғалімдер белсенділік танытып, тапсырманы орындауға кірісті. Мен сырттай бақылап, тақырып бойынша жеке, жүптік,топтық жұмыстың орындалуын күзетіп бардым. Талқылау жұмыстары біткеннен соң әр топтың көшбасшылары өздеріне берілген тапсырма бойынша пікірлерін ортаға тастап, ой бөлісті. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісуге көмектесу, топ ережелерін құру, топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу, тағыда топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша пікірталастар жүргізілді, оның нәтижесінде мұғалімдер белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатын, мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игерді. Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісілді. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеуге қол жеткізілді. Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықтар анықталды. Сергіту сәтінде мұғалімдерге қос шеңберде комплементтер айту тапсырмасы ұсынылып, олар бір-біріні қарама-қарсы тұрып жылы ләбіздерін білдіріп,ынтымақтастығы артады,көніл-күйі көтеріледі.Рефлексия кезеңінде мұғалімдер «Екі жұлдыз,бір тілек» және «Алған білімдерді қай жерде қолданамын?» өзім үшін жазу парағын толтырып, сабақ соңында «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білдім?" смайлик арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетді. Коуч сессияны талқыланып,сабақ соңында кері байланыс жасалды.

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыру тақырыбында өткен № 1 коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Бүгінгі сабақта мақсатыма жеттім деп ойлаймын,-деп өз пікірін білдірді Б.Бердиярова. Оның дәлелін мұғалімдердің жұмысы, сұрақтар қойып, сабаққа белсенді қатысуы, сабақ соңында алған кері байланыстарынан көруге болады. Сәтті жағы мұғалімдер өздерін оқушы ретінде сезініп, бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісуге көмектесу, топ ережелерін құру, топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу, тағыда топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша пікірталастар жүргізілді, оның нәтижесінде мұғалімдер белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатын, мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игерді.




© 2010-2022