Сценарий на тему Соғады жүрек. .. (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 26 мектеп-гимназиясы




Соғады жүрек...



М.Мақатаевтың туған күнін еске алу кеші

Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)


Жауапты: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері

Ибраева Алия Атакозыовна









Екібастұз қаласы

Соғады жүрек...

Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Мақсаты: ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, поэзия алыбына айналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың ақын поэзиясына, еліне, жеріне, деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жүргізуші: Кеш жарық құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық. Қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен ұлы ақын. Дара дарын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған М.Мақатаевтың туғанына 82 жыл толуына арналған «Соғады жүрек...» тақырыбында өтетін кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Ақынның өмірі жайлы мәліметке көңіл аударсақ. Ортада 7 «ғ» сынып оқушысы Ахметжанов Бауыржан.

Жүргізуші: Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын. -

Жалғасы бар

Жырымның жалғасы бар.

Жырларым жылдарменен

Жалғасыңдар - деп Мұқағали

айтқандай Мұқағали үні мәңгілік жалғасуда. Ортада Құсжанова Заринаның орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің

Бір түйір жерге түскен тамшым едің

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, -

деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы - мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай ғасырларға жетеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

1. Слямханова Гүлдана

2. Рустемханова Арайлым

3. Мадинетов Слям

Жүргізуші: Жанымды жырға бөлеп, таң атырған,

Әкем едің ақ таңда жаратылған.

Төліңнен айналайын жаңа туған

Айналайын еліңнен дара туған!!!

Ақынның көптеген шығармаларына қазақтың атақты композиторлары ән шығарды. Қазақ поэзиясының көгінен орын алған заман жыршысы, мұзбалақ ақынның өзі өмірден өтсе де өлеңдері өлген жоқ. Көрермендер мен қатысушыларды серпілту үшін тағы да кезекті әнге берейік. Ән. Орындайтын Назикенова Жанар.

Жүргізуші: Ақын өз жырының өміршеңдігіне, нарқының қандай екеніне де баға беріп, өлмес өнер туралы жырлап кетті. «Кезінде өз бағасын ала алмаған ақын «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп кеткен болатын. Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.

... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай!

- деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол - біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Ақынның атақты «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді. Оқитын Наурызова Айдын.

Жүргізуші:

Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Оның өлеңдері өз рухымен бірге жер әлемді аралай берсін! Кездескенше күн нұрлы, болсын!









Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)







Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)











Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)







Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)

























Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)



Сценарий на тему Соғады жүрек... (Мұқағали Мақатаевтың туған күнін еске алу)






© 2010-2022