Қош келдің жаңа жыл!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің жаңа жыл!


Айжан:Армысыздар алтыннан ардақты, күмістен салмақты ұлағатты ұстаздар!

Талшын:Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар

А: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Т: Жер жылжыса жылжымайтын сабырлы, аузын ашса жүрегі көрінетін ақ ниетті, абзал да ақылды, білімді де тапқыр аяулы ұстаздарды ортаға шақырамыз.

А: Сөзі орыс болғанмен өзі қазақ, қазақ болғанда да шындыққа шаң жұқтырмайтын, адалдықты жаны сүйетін, аяулы ұстаз Нұргүл Құлмұхаметқызын және спорт десе ішкен асын жерге қоятын, қабырғасы қақпақтай, жауырыны тоқпақтай есіл азаматтар мен ерке бойжеткендерден құралған 11 а сыныбын салтанатпен, сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен ортаға шақырамыз!

Т: Әркімнің басына оңайлықпен қона бермейтін, қиын да қызықты биология пәнінің сырын ұқтырған, сыныбының шын жанкүйері болған Шынар Айтмұханбетқызын және білімге де, өнерге де жақын жүрген, не бір саңлқтар жиналған 10 а сыныбын ортаға шақырамыз!

А:Табиғат берген ерекше қабілетін жас ұрпақ санасына сіңіріп, физика пәнінің білгірі атанған Гүлнар Шакеновна және бүгінгі кештің еркелері, бірінен бірі асқан биші әрі спортсмені атанып үлгерген 9 а сыныбын ортаға шақырамыз! (Шығады)

Ең бірінші рет 9 сынып оқушылары жоғары сынып оқушылары ретінде қатысқалы отырғандықтан, мына сынақтардан өтулеріңіз сұралады:

1.Жаңа жылдық ән

2.Снежинка қию

3.Лимон жеу

А: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың,

Көргендер де, көрмегенде арманда

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл Жаңа жылың құтты болсын ағайын! Ән: Жаңа жыл. Құсайын Талшынның орындауында.

Т: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектебіміздің директоры Б.Қ. Артықбайқызына, Оқу ісінің меңгерушісі А.Қайырбекқызы мен тәрбие ісінің меңг.Д.Ерсаиновна және әдіскер Ү.Серікқалиевнаға береміз.

А: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! - деп кезекті әсем әнге берсек. Алдарыңызда қонақ әрі бүгінгі кештің диджейі атанған Серік аға)

А: Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жылдық кешіміз айрықша өтейін деп тұрғанын сезген де шығарсыздар, сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Т: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

А:Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алу үшін барлығымыз орнымыздан тұрып шыршаға 2 шеңбер жасап тұрсақ (Аяз ата Ақша қар ауууууууу)

................Аяз ата мен Ақшақарға сөз беріледі.

Т: Бүгінгі кештің құрметті қонақтары Аяз ата және оның сүйікті немересі Ақша қар, ешқандай жаңа жыл лотореясыз өтпейді. Келесі кезекте лоторея (Лото 98) 10 өткізу

А: Басталарда жаңа күн

Құйылады жаңа нұр

Жүрекке арман бөлеген

Қош келіпсіз Жаңа жыл,-дей отырып, назарларыңызда көздеріңізді қызартып, көңілдеріңізді қуантатын тамаша би 9 а сыныбы қыздарының орындауында. Қабыл алыңыздар!

Т: Лоторея (10)

А: Ойын............

Т: Армысың, аманбысың, Жаңа жылым

Жаңа жылым, о, менің Жаңа жырым

Қой жылы келгенде, сый ғып тартып

Ақтарайық әнменен көңіл сырын,-дей келе 10сынып атынан Төлеу Айдана мен Қалиасқарова Еркежанның орындауында «Жаңа жыл» әні, қарсы алыңыздар)

А: Ойын....

Т: Лоторея (Ұтыстарыңыз құтты болсын)

А: Сонымен кешіміздің ең қызықты сәттерін жалғастыратын Серік ағай.. қарсы алыңыздар

Т: Аяз ата, Ақша қар, көрген шығарсыздар, біз мектебіміздің оқушыларын текке мақтамаған шығармыз. Жаңа жылдық ең әдемі безендірілген сынып атанғандар: 5, 8, 10 сыныптар және мини центр) Ең үздік қабырға газеті 6сынып Ысқақ Қуаныш

Ендігі кезекте 9 сыныптың орындауында КВН

Ойын.......

А: Бағанадан бері оқушылармыздың өнерін көріп таңда қағып, тамсаныпжатқан Аяз атаның да айтары бар сияқты(аяз ата кетеді)

Т:Тілек айту (свечамен)

А: Құрметті қонақтар, оқушылар! 2015-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Би: 9-11 қыздары «Jingle bells»





© 2010-2022