Контрольная работа по казахскому языку 3 класс

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы № 54. 2 тоқсан № 18.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін бақылау. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерінің меңгерілуін және білім сапасын тексеру.

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларының деңгейін бақылауды жалғастыру. Сөздік қорларының жүйелілігі мен санын, сапасын анықтау.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндіктер беру және бақылау.

Сабақтың түрі: бекіту.

Сабақтың әдісі: практикалық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.

  1. Дайындау. 6-тапсырма, 223-бет. Досыңа орындат.

3.Қайталау. Сөздерді қайталау.

7. Бекіту. Бақылау жұмысы.

6. Тексеру: Тапсырмалармен жұмыс:

1-тапсырма, 223-бет. К.Сауғабаевтың өлеңі бойынша мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

2-тапсырма, 224-бет. Өтіліп жатқан модуль негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жеке-жеке жүргізу. Тапсырманы жұптық жұмыс ретінде де өткізуге болады.

3-тапсырма, 224-бет. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы орындау.

4-тапсырма, 224-бет. Тапсырмада берілген суреттер бойынша «Оқу құралдары не үшін керек?» сұрағы арқылы әр оқушыға жеке-жеке тапсырма ұсыну. Ауызша тапсырманы жазбаша орындаумен жалғастырып, бекіту.

5-тапсырма, 225-бет. Оқушылардың аудармашылық қабілетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау. Тақырып бойынша аударма жұмсына берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Ұқсас тапсырмалар жасату. Практикалық жұмыспен бекіту.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана орнына отырамыз.

7. Бекіту: 6-тапсырма, 225-бет. Айтылым әрекетіне берілген сөйлемдермен ауызша және жазбаша жұмыс ұйымдастыру. Қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру. Тақырып бойынша жеке тапсырма жасату.

8. Сабақты қорытындылау.

Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: барыс септік жалғауларын қайталап шығу.





© 2010-2022