Ашық сабақ: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмолаоблысы

Зеренді ауданы

Викторовка ауылы

«Айгөлек»балабақшасы

Ертеңгілік

«Тәуелсіздіктің арайлы таңы».

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні



Өткізген:Қаһарман Т

Буршахбай А



2015-2016 оқу жылы

«Тәуелсіздіктің арайлы таңы».

Жүргізуші :Қымбатты балалар және әріптестер сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып бүгінде әлемге танымал.Тәуелсіз Республикамыз қазіргі кезде байда бақытты болашағы зор тәуелсіз егеменді елміз.Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз !Тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Міне егеменді ел болдық!

Қазақ жерінде тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті!Көк туын желбіретіп,өзінің тарихи таңдауын жасады!Бұл күні еліміздің барлық азаматтары үшін ол ерекше мереке деп білеміз.Себебі осындай жүрек жарды қуанышқа толы күнге ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған.

Бейбіт таңдар арайланып атады

Туған жерді аймалады шапағы

Байтақ елім Қазақстан

Ең бақытты балалардың Отаны!

Ән: «Ән ұран»

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Жүргізуші:

Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн!
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын,
ОМОН - дар бастан тепкен күн!
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып - қызыл мұз боп жатқан күн.
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн!
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды - ау жанын батпан мұң.
Енді қайтып келмессін
Сол бір қарғыс атқан күн!

Міне, балалар, соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған бұл қандай күн деп ойлайсыңдар?
1986жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап - тілектерін айту ол кезде оңай болған жоқ. Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды!

Бүгінгі ұрпақ ерлерін есіне алып, олардың рухына бас иеді. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген аға - апаларымызды ұмытуға тиіс емеспіз!
«Орнында бар оңалар» деп халқымыз айтқандай бүгінде киелі әрі қасиетті елімізде 22 жасар Тәуелсіздіктің арайлы таңы астында бақытты өмір сүріп жатырмыз.

Олай болса бүгінгі сабағымыз «Тәуелсіздіктің арайлы таңы» деп аталады.

«Желтоқсан желі»слайд.

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Желтоқсан оқиғасынан үзінді.

Апа-апа қайрат көкемнен хат келді!

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күніРаспа?Құлынымның хатын әкелші өзім көрмесемде хатын оқиын.Мауқымымды басайын.

Амансыңдар ма! анам,туған туысқандарым!Меніннақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын.

Жасақшыны ұрды,өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер?!

Менің сол күнде алаңға шыққан қазақ жастарында еш кінәсі жоқ.Алаңға барғанымыз азаттық іздеп барғанбыз.

Қазақтың бостандық алар күні алыс емес!Аман болыңыздар!

Анасы:Ұлым менің.Сен әлі 21 жаста ғанасың ғой.Аман болсаң бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтемін.
Жүргізуші:Қайраттың басынан өткен оқиғасы:

Үкім:Қазақ КСРО жоғары сотының сот мәжілісі залында ашық отырысында 1987 жылдың 25-ші мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп Қазақ КСРО қылмыс істеу кодексі Қайрат Рысқұлбековты кінәлі деп таныды.

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Қайрат: Босатыңдар,мені жіберіңдер!

Күнәдан тазартпасыңдар

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Ән «Желтоқсан желі»-минусовка

Жүргізуші: Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,

Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.

Көк байрағым сені еске алып тұрады,

Желтоқсан желінің мұзғалығы.

21 жасың жатыр пешенеде,

Айналар атың неше өлеңге.

Жастар жүрер рухыңды тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерге.

Қазақстан Тәуелсіздік бесігі,

Отан деген от басынан басталар.

Отбасыма,от салмасын басқалар,

Отан деген қасиетті жиелі.

Жүргізуші:

Ал енді балалар тақпақтарымызды айтайық.
Аррайан:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Санжар:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Алмас:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Жасмина:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Жансая:
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Марғұлан:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату - тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Антон:

Жасасын, жаса Азат күн

Жасасын бейбіт ел,су, жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел

Жүргізуші:

Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.
Жүргізуші:

Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын.

Ойын:

-Балалар мынау не?

Ол глобус деп аталады.

Ол бүкіл дүние жүзінің кішірейтілген нұсқасы.Ал енді балалар мен сендерге сұрақтар қоямын.Соған жауап береміз.

-Біздің Республикамыз қалай аталады?

Карта жапсыру.

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

-Қазақстан Республикасы қандай Мемлекет?

Қыран құсты жапсыру.

-Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

Астананың суреті.

-Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер?

Рәміздерді жапсыру.

-Елбасымыз кім?

Елбасының суретін жапсыру.

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Би: «Қамажай»

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Жүргізуші:

«Болса екен қазақ баласы».
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» - десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман - есен өсе берсін.

Ән; «Отан»

Жүргізуші:

Ойын :Ал енді балалр өзіміз тұратын жер шарымызды құрастырайық.

Балалардың Тәуелсіз мемлекетке деген жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Санжар: Отанымыз тыныш болсын!

Жасмина:Достығымыз мықты болсын!

Жансая:Тумыз биік болсын!

Аррайан:Қазақ жері гүлдей берсін!

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Төрт бала төрт тақтайша қояды,оның үстіне

1.карта.

2.күннің көзі.

3.қолдар.

Ашық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Барлық бала өз тілектерін айтып,қолтаңбаларының суреттерін жапсырады.

Жүргізуші:

Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер ! Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Ән «Атамекен» Е.ХасанғалиевАшық сабақ : 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Дайындаған :Буршахбай. А және Қаһарман. Т







Распа?Құлынымның хатын әкелші өзін көрмесемде хатын оқиын.Мауқымымды басайын.

Амансыңдар ма! анам,туған туысқандарым!Менін нақақтан нақақ абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын.

Жасақшыны ұрды,өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер?!

Менің сол күнде алаңға шыққан қазақ жастарында еш кінәсі жоқ.Алаңға барғанымыз азаттық іздеп барғанбыз.

Қазақтың бостандық алар күні алыс емес!Аман болыңыздар!

Анасы:Ұлым менің.Сен әлі 21 жаста ғанасың ғой.Аман болсаң бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтемін.








Күнәдан тазартпасыңдар

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!








© 2010-2022