• Преподавателю
  • Другое
  • Коучинг №5. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда кәсіби қолдау көрсету

Коучинг №5. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда кәсіби қолдау көрсету

№5 коучинг – сессияның жоспары. Коучинг тақырыбы:Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда  кәсіби қолдау көрсету.Жалпы мақсат:АКТ  құралдарын пайдаланудағы сауаттылық.Оқу нәтижесі:АКТ құралдарын оқушы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін оқушының өздеріне қолдандыру керектігін ұғынады.АКТ құралдарын тиімді пайдалану сауаттылығы артады.Негізгі идеялар:Мұғалімдер АКТ  құралдарын пайдаланудағы сауаттылықты үйренеді.Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация,  видеожазба, тренингтер. т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№5 коучинг - сессияның жоспары.

Коучинг тақырыбы:

Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда кәсіби қолдау көрсету.

Жалпы мақсат:

АКТ құралдарын пайдаланудағы сауаттылық.

Оқу нәтижесі:

АКТ құралдарын оқушы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін оқушының өздеріне қолдандыру керектігін ұғынады.АКТ құралдарын тиімді пайдалану сауаттылығы артады.

Негізгі идеялар:

Мұғалімдер АКТ құралдарын пайдаланудағы сауаттылықты үйренеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер.

түрлі-түсті стикерлер,маркерлер.

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі

«Алты ойлау қалпағы», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері.

Дерек көздері:

Әдістемелік нұсқау

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал.

Тапсырмалар:

Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Қоданылатын әдіс-тәсілдер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Тренинг (5 мин)

«Танысу» тренингі.

Танысып, топқа бөлінеді.

Топқа бөлу (2 мин)

Мұғалімдерді топқа бөлу.

Санамак бойынша топтасады

Қызығушылықты ояту кезеңі

(10 мин)

Мұғалімдерге «Келін» телехикасынан үзінді бейнежазбасын көрсетіп, Каляни ханымнын немере тәрбиелеудегі жіберген қателіктері туралы ой қозғау.

Мұғалімдер телехикаяның мән -жайын түсініп, пікірлерін ортаға тастайды.

Мағынаны ашу кезеңі

(30 мин)

«Алты ойлау қалпағы әдісі. Телехикаяны «алты қалпақ» ережесі бойынша талдау жүргізу.

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Қызыл қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?

Сары қалпақ

Сары түс - күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?

Қара қалпақ

Қара түс - қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда - суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?

Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ - өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? - деген сұрақтар туындайды

Көк қалпақ

Көк қалпақ - аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

«Алты қалпақ» әдісі бойынша слайд жасайды. Сурет, видео, дыбыс кірістіреді.

Ой толғаныс (10 мин)

Мұғалімдерді өз презентацияларын

қорғауға шақыру.

Әр топ өз слайдтарын қорғайды.

Кері байланыс. Рефлексия. (3 мин)

«Екі жұлдыз, бір тілек»

әдісі.

Мұғалімдер стикерлерге

коучингтен алған екі жағымды әсерін, бір ұсыныс жазады.



© 2010-2022