Дені саудың жаны сау (3-сынып)

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

«Дені саудың - жаны сау!»



Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау.

Мақсаты:

  1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсндіру.

  2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.

  3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тірек сызбалр, ойын түрлері

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдерме ,Балалар.

II.Кіріспе
1.Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі.

Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.
Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз «дені саудың - жаны сау» деп аталады.

2.Сұрақ-жауап

- Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы, паста)

- Ол судан қорқады, одан кір қорқады. Ол не? (сабын)

- Денені шынықтыратын денсаулыққа әсері мол сабақ. (дене тәрбиесі)

- Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)

- Жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер? (пікірін ортаға салу)

III. 1. «Денсаулық - зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

Байлық

Білім Мал Машина Саябақ Ақша Денсаулық

Сызбамен жұмыс: Сызба бойынша ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырмыз.Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Еңбектенген адамға мал да, машина да, ақша да бітеді.

Олай болса деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі қайсар да қайратты, ұқыпта да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

(Тазалық,Табиғи күш,Тамақ,Дене шынықтыру)

Топтық жұмыс:

- Күн тәртіптері туралы пікір бөлісу.

- Дене шынықтырудың маңызы туралы сыр шерту. (Өзің сүйетін спорттық ойындар мен жаттығулар түрлері)

- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?

- Жек бас тазалығы деген не? Өз ойың.

IV. Сергіту сәті. Әуеннің көмегімен жаттығулар жасау.

V.Қорытынды

«Денсаулықтың қастары мен достары»

Еңбек, Су, Еріншектік, Ауа, Күн тәртібі, Ластық, Дұрыс тамақтану, Арақ, Дене күтімі, Дұрыс ұйықтау, Темекі, Жеміс-жидек, Жалқаулық


Ой тұжырымы:

-Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

- Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?

-Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.



© 2010-2022