Әдебиет-өнер әлемі атты мақала

Әдебиет- өнер әлемі Ол шетінен бұл шетіне  ұшып өткен қыранның қанаты талатын байтақ Қазақстанның жалпақ аумағын алып жатқан Сарыарқаның қақ ортасындағы жасыл арал –Көкшетаудың әсем табиғаты жайында, осынау қасиетті де сырлы жұмбаққа толы өлкеде арғы-бергі кезеңде өткен қазақ тарихында ойып орын алған алып тұлғалар туралы, осы топырақта туған таңғажайып аңыздар мен тарихи оқиғаларды тебірене тыңдап, ой толғамаған, өлең-жырларына арқау етпеген ақын-жазушылар, тарихшы-зерттеушілер кемде-кем десек,...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Ақкөл орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Фариза Азмагамбетовна

Азмагамбетова

Әдебиет -өнер әлемі

Ол шетінен бұл шетіне ұшып өткен қыранның қанаты талатын байтақ Қазақстанның жалпақ аумағын алып жатқан Сарыарқаның қақ ортасындағы жасыл арал -Көкшетаудың әсем табиғаты жайында, осынау қасиетті де сырлы жұмбаққа толы өлкеде арғы-бергі кезеңде өткен қазақ тарихында ойып орын алған алып тұлғалар туралы, осы топырақта туған таңғажайып аңыздар мен тарихи оқиғаларды тебірене тыңдап, ой толғамаған, өлең-жырларына арқау етпеген ақын-жазушылар, тарихшы-зерттеушілер кемде-кем десек, сірә да артық болмаған болар еді.

Аспандағы аққуға әнін қосқан Көкшетаудың әйгілі әнші-ақындары- Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ жайлы тамаша поэтикалық тілмен кесек те көркем бейнелер жасайды. Бұл әрине, бекер емес. Себебі, қасиетті Көкше топырағы қазақ халқының рухани әлемінде әрқашан өзінің сүбелі үлесімен дараланып келген және қазір де сол дәстүрдің жалғастығын тауып келе жатуында болса керек.

Көкшедей көрікті мекенде ғұмыр сүрген жоғарыда аталынған ұлы тұлғалармен есімдері қатар аталынатын, қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар Орынбай, Арыстанбай, Шал ақын, Шөже, кешегі Жақан Сыздықов, Жұмағали Саин, Нұрмияш Көбенов, Көкен Шәкеев, Еркеш Ибраһим сынды жыр дүлдүлдерін тудырған қасиетті Көкше топырағындағы бүгінгі аға буын ақындарымыз Кәкімбек Салықов, Аманжол Қорғанбек, Төлеген Қажыбайлардың өнегелі жолын жалғастырып, өзінің тума таланты, дарынымен дараланған, бүгіндері жас ақындар үшін ағалық дәрежеге жеткен Алмас Темірбай шығармашылығы туралы кейінгі жылдары аз айтылып, жазылып жүрген жоқ.

Әдебиет -кәсіп емес, өнер деп ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов айтқанындай, Алмас ақын шығармашылығын оқып, қарастыру барысында, аталған ойың Алмас ақын шығармашылығына да толығымен қатысы бары анық байқалады.

Ақындық, яғни қиыннан қиыстырып өлең тудыру -әрбір адамның басына қона бермейтін бақ дегенімізбен, ақындық өнер мен оны қастерлеп, қадірлеп, адалдықпен алып жүру одан да ауыр болса керек. Қазақ екі ауыз өлеңнің басын құрайтын адамды «өлеңші» десе, тереңнен шымырлатып, нағыз сөз сарасын ғана толғайтын киелі өнер иесін ақын деп ежелден құрметтеген. Өлең жазудың машақаты мен қызығы туралы көптеген ақындардың шығармашылығынан кездестіре аламыз. Өлең жазудағы өзіндік биік мақсаты жайында АлмасТемірбай ақын былайша толғанады:

Жазамын өлең, жазамын, жазамын өлең,

Ақыл-сезімнің алысып, азабыменен.

Сырласам дағы Хаямның рубайыменен,

Мұңдасам дағы Хафиздің ғазалыменен.

Көз жасы болып төгілем еркенің кейде,

Шекесінен де шер-мұңның шертемін кйде,

Қырық бір тасын сөйлетіп, құмалақ күннің,

Еппен айтам елімнің ертеңін кейде.

Таласа жүріп тағдырдың тажалыменен,

Тірліктің түрлі тіл жетпес ғажабын көрем.

Іші тар жандар сырымды іштей ұғынып,

Мақтауды қажет етпейтін жазамын өлең!

Жазамын...

Иә, нағыз ақын мақтануды қажет етпейді. «Айтсын деп адамзатқа тілді берген»,-демекші, ақынға да қоғамдағы құбылыстарды өзгелерден бұрын сезіну, соны ақ қағазға қара сия арқылы түсірсін деп талант дарын сыйлайтын болса керек.

Ақын өзінің Ұлы Тәңірі сыйлаған киелі өнер-ақындықтың жүгін, ақындық жолдың қаншалықты ауыр екендігін жақсы сезінгендей.

Ақындық деген Тәңірінің берген сом алтындай сыйы болғанымен, ақындық жолдың даңғыл шиыр емес екені де бұрынғы -соңды ғұмыр сүрген ұлылы -кішілі ақындарымыздың өмір соқпағынан белгілі жайт. Алмас ақын қоғамымызда болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғалардың барлығын жүрек сезімінің сүзгісінен өткізеді, әрі оған өзіндік үн қатады. Бірақ та, Алмас ақынның жырларын оқып отырып, жалаң науқаншылдық пен мерейтойлық мадақтау өлеңдерді мүлде кездестірмеуіміздің себебі- жоғарыда айтылған ақындық деген киелі өнерге деген антына беріктігінен болса керек.

Адамзат қоғамының рухани тамыршысы -ақын деген халықтың сезімтал жүрегінің қылынан қоғамымыздағы жағымды, жағымсыз құбылыстар жырға айналып, ақ қағазға қара сия арқылы төгілмек.

«Поэзия, асылы, тікелей қарабайыр фактілердің жетегінде кетіп, күнделікті тұрмыстық мәселелерге араласа беруді қалмайтын жанр. Әйтсе де оған өмірлік маңызы зор әлеуметтік фактілер мен адамгершілік рухани проблемалардың әсер ықпалы ерекше екенін жоққа шығаруға болмайды.

Айталық, ел өмірінде саяси-әлеуметтік оқиғалар мен жаңалықтар, әлемдік масштабтағы әр түрлі өзгерістер поэзия назарынан тыс қала алмайды. Мұның өзі поэзияның әлеуметтік сипатын тереңдетіп, азаматтық пафосын ажарландыра түседі...»,-деген болатын белгілі сыншы Сағат Әшімбаев.

Алмас ақынның өлеңдері халықтың жүрек қылын тербететін, сергек сезімтал ғана емес, оның өлең-жырлары «Жұмбақтастай» сан қырынан қарасаңыз түрлі суретті көз алдыңызға әкелетін құпияға толы деп айта аламыз. Оның құпиясы -өлеңді оқыған кездегі оқырмандық көңіл -күй мен өлеңдегі ойлардың кеңес құруы болса керек.

Адамзаттың құлақ сап, тілегіне,

Дарытпасам шуақ-нұр жүрегіне,

Жұбатпасам жылаған жанды жырмен,

Менің қанша құным бар бұл өмірде?!

Ақын өлеңдеріндегі сәтті эпитеттер мен метофоралар, айшықтаулардың сәтті қолданыстарына қоса, қазақ тілінің қасиетті қайнарынан қанып ішкендей тіл байлығын қапысыз меңгергендігінде риза болмасқа шарамыз қалмағандай.

Қазақ қоғамында айта-айта, жаза -жаза жауыр болған бір тақырып болса, ол -тіл туралы болса керек. Онда ұран да, жылау да, ашыну да жоқ. Тек ойнақы әзіл мен ащы мысқыл ғана бар.

«Бәлду-бәлду...» атты өлеңнің тақырыбы, ондағы пайдаланылған көп нүкте атты пунктуациялық белгінің өзі де өлең арқылы айтар ойға алдын ала жол тартып тұрғандай.

Ана тілдің ертеңі-аналардың қолында.

Аналардың ертеңі-мыналардың қолында.

Мыналардың ертеңі -мырқымбайдың қолында.

Мырқымбайдың ертеңі -жыртынбайдың қолында.

Жыртыңбайдың ертеңі- хатшы қыздың қолында.

Хатшы қыздың ертеңі -басшымыздың қолында.

Басшымыздың ертеңі -әкімдердің қолында.

Әкімдердің ертеңі -кәпірлердің қолында...

Бәрін айт та бірін, әлгі ана тілін айт

Ана тілдің ертеңі, бәлду, бәлду ертегі...

Осы өлеңді оқығанда бастауыш сыныпта оқыған «Мақта қыз бен мысық» ертегісі ойға оралады. Бірте-бірте, бірден бірге ұлғайту немесе градация тәсілін ұтымды қолдана отырып,ақын бүгіндері жаттандылыққа айналып дауыр болған ана тілінің мұңын жалаң сөздермен зар төге жоқтамайды. Мақта қыз бен мысық әдеттегі барлық қазақ ертегілері сияқты жақсылықпен аяқталса, Алмас ақынның өлеңі басқаша өріс алады.

Ана тілінің дамып, қанат жая алмай отырғандығына басты кінәлілердің динамикасын ащы мысқыл арқылы қарапайым ғана тіркестермен ұғынықты береді. Тіл жайлы, қасиетті қасиетті қазақ тілі жайлы айтылса, сөйлер сөзі көп, тындырар ісі аз жоғарыдағы көптеген басшыларымыздың тірлігін тайға таңба басқандай көрсеткен ақынның бұл өлеңінен соң ана тілінің мәселесі бәлду-бәлду ме екен деп қалғандаймыз.

«Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Бірінен бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деген ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін нәрсе -әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең үлкен арман осында.»,-деп ұлы Ғабит Мүсірепов айтқанындай, әдебиетті өмірім, өнерім деп білген Алмас Темірбай шығармашылығының әрбір сөзінен, жолынан біз әдебиетке, өнерге деген адалдықты байқаймыз және Алмас ақын шығармашылығын қызыға оқимыз, үлгі аламыз.


© 2010-2022