Есімдіктер түрлерін қайталау 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні : Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуін қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың есімдік бойынша алған білім дағдыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру.

2.Ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, ойлау, шығармашылық белсенділіктерін дамыту арқылы жан - жақты тұлға қалыптастыру.

3.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, басқаның жауабын тыңдай білуге,бірін-бірі бағалауға,өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.Тілге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, кесте, мемлекеттік рәміздер

Сабақтың түрі: жарыс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ -жауап, топтық жұмыс

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру 2

минут

а. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, түгелдейді

ә. Тыныштық сәті

Психологтың оқушылармен жұмысы - (Музыкалық табиғат туралы слайд жасау)

Мұғалім: Біз сабағымызды бастар алдында сыныпты 3 топқа бөліп алуымыз керек.

Оқушылар топқа бөліну үшін жасырын жатқан рәміздердің аттарын өздері таңдап алуы қажет,содан кейін өздернің орындарына жайғасады.

3 минут

I топ - Әнұран II топ - Ту III топ- Елтаңба

1.Камшат 1.Бақыткүл 1.Нұргүл

Мұғалім: Топ басшылары топтың аты туралы қысқаша мәлімет айтып өтеді.

Топ басшылары тобындағы оқушылардың жауаптарын «Бағалау парағына » белгілеп отырады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай

II. Есіңе түсір . Қайталау 3 минут

Сұрақ - жауап әдісі арқылы өткен сабақтарды пысықтау (үй тапсырмасы )

Мұғалім: - Әр топ бір- біріне үйден дайындап келген сұақтарын қояды, келесі топ жауап береді, оқушылар дайындықсыз бірден жауап беруі тиіс.

III топ: 1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы? I топ: ( заттың атын, сынын, санын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы )

I топ: 2. Есімдіктер мағыналарына қарай қандай топтарға бөлінеді? II топ: ( жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, болымсыздық,белгісіздік, жалпылау есімдіктері)

II топ: 3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не ? Ерекшелігін атаңдар III топ: (Зат есімдерше септеледі, жіктеледі )

III топ: 4.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Ерекшелігін атаңдар I топ: (Зат есімдерше септеледі, тәуелденеді)

I топ: 5.Сұрау есімдігі дегеніміз не? Ерекшелігін атаңдар II топ: ( Зат есімдерше септеледі, тәуелденеді және жіктеледі)

II топ: 6.«Өз» есімдігінен жасалған қандай есімдік? Ерекшелігін атаңдар III топ: (Тәуелденіп барып септеледі, тәуелденіп барып жіктеледі )

III топ: 7.Белгісіздік есімдігі дегеніміз не? Ерекшелігін атаңдар I топ: (Зат есімнің орнына жұмсалады : тәуелденеді, септеледі)

I топ: 8.Болымсыздық есімдігі дегеніміз не? Ерекшелігін атаңдар II топ: ( Зат есімдерше тәуелденеді,септеледі, бірақ жіктелмейді)

2 топ: 9.Жалпылау есімдігі дегеніміз не? Ерекшелігін атаңдар III топ: ( тәуелденеді, септеледі)

III.Сынап көр (кесте арқылы есімдіктерді дұрыс орнына қою) Тақтамен жұмыс 5 м

р/с

есімдіктер

Жіктеу

сілтеу

сұрау

өздік

белгісіз-дік

болым-сыздық

жалпы-лау

1

осы

+


2

кейбіреу


+

3

өзім

+

4

барлық


+

5

олар

+


6

кімге

+


7

менің

+


8

мынау

+


9

кіммін

+


10

ешкім


+

11

барша


+

12

біреу


+

13

өзімен

+

14

дәнеме


+

15

бұл

+


16

нешеу

+


17

бірдеме


+

18

өзі

+

19

бізді

+


20

бәрі


+

I топ II топ III топ

Жіктеу е. сілтеу е. сұрау е.

Өздік, жалпылау е. белгісіздік е. болымсыздық е.

М - Ойын шарты 3 деңгей бойынша жүргізіледі

III деңгей тапсырмаларына дайындықсыз жауап беріледі

II деңгей тапсырмаларына да уақыт берілмейді

I деңгей тапсырмаларына 5 минут уақыт беріледі

III деңгей тапсырмалары 5 минут

IV.Жүйрік болсаң, шауып көр (кітапшаларды ашып, берілген тапсырмаларға

жауап беру ) Тапсырмаларды орындауға уақыт берілмейді

I топ- Әнұран

1.Қай сөйлемде өздік есімдігі бар?

А. Сөйлей- сөйлей шешен болады * Б. Өз елің бәрінен жақсы

Ә. Туған үйдің түтіні

2.Болдымсыздық есімдігін атаңыз

А. бірнеше * Б.ешкім

Ә. сізге

3.Көп нүктенің орнына есімдік қойыңыз

Әсемпаз болма әрнеге, * ... де бір кірпіш дүниеге, (сен)

Өнерпаз болсаң арқалан, Кетігін тап та бар қалан !

II топ- Ту

4. Сөйлемде есімдіктің қай түрі бар?

Өзіңді зор тұтпа,

Өзгені қор тұтпа.

5 .Жалпылау есімдігі бар сөйлемді табыңыз

А. Ешкімге тіл тигізуші болма * Б. Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны Ә. Мен Отанымды қастерлеймін

6. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз

А. Менге Ә.Сеннің * Б. Маған

III топ- Елтаңба

7. Есімдіктерге мағынасына қарай жалғау жалғаңыз

Біз... сыныптың балалары шетінен өнерлі (-дің )

Олар... барлығы беске оқуға тырысады (-дың )

8.Өлең жолдарындағы есімдіктерді табыңыз

*Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Тебем деп тірі болсам надандықты,

Ойында оты барлар асылық емес. * Серт етіп өзіме - өзім еткем егес.

9.Қай сөйлемде жіктеу есімдігі бар?

* А. Біз туған жерімізді сүюге міндеттіміз! Б. Ынтымақты ел - сарқылмас көл

Ә. Отан үшін отқа түс күймейсің

II деңгей тапсырмалары 5 минут

V. Мықты болсаң, тауып көр (әр топ ұяшықты ашып 3 тапсырмаға жауап береді)Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.

1.I топ - Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құраңдар

Мен, менің, маған, мені

1.О- Мен...

2.О- Менің...

3.О- Маған...

4.О- Мені...

2.II топ - Еш, әр, кей сөздері қай кезде бірге, ал қай кезде бөлек жазылатынын мысал келтіріп дәлелдеңдер.

а.Еш, әр, кей сөздері басқа есімдіктің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады. Мысалы : ешкім, әрбір, кейбір т.б.

ә.Еш, әр, кей сөздері басқа сөз таптарымен тіркесіп қолданылса, бөлек жазылады. Мысалы : еш уақытта, әр адам, кей шақта т.б.

3.III топ - «мен» - дегі , «сен»-дегі н - ды ң - ға ауыстырса, мен қалай боламын, сен қалай боласың

Мысалы: мен -мең, сен- сең болады

4.I топ - Өздік және белгісіздік есімдігін пайдалана отырып, екі сөйлем құрап жазыңыз.

1.О-

2.О-

5.II топ- Көп нүктенің орнына қай есімдік лайықты?

1. ... елің - алтын бесік. (өз)

2. ... өлсең де достарыңды жауға берме. ( өзің)

3. ... айлакер, ... қу, жүрген жері айқай да шу. ( өзі, өзі)

6.III топ - Тұлғалық жағынан біріккен сөздер болып келетін есімдіктер қайсы?

1. Болымсыздық және белгісіздік есімдіктер

7.I топ - Есімдіктерді мағынасына қарай топ - топқа бөліп жазыңдар

Ешкім, бәрі, қайда, барша, қашан, біздер, ешбір, неше, ештеңе, бүкіл, өздері, сол, олар. (ешкім, ешбір, ештеңе )- (бәрі, барша, бүкіл) - (қайда, қашан, неше)- (біздер, олар ) - (өздері )- (сол)

8.II топ - Жаңылтпашты жылдам айтып көріңдер

Есімдіктерді тауып, қай сөз табының орнына жұмсалып тұрғанын табыңдар

Ол алқапты олар орар,

Бұл алқапты бұлар орар.

Олар ормаса, Омар орар.

9.III топ -Жұмбақты шешіп, есімдікті табыңдар

Ана ауылдың бурасы,

Мына ауылдың бурасы Желкілдейді шудасы. ( түтін)

10 минут

VI. Ойлы болсаң, озып көр (әр топ берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрады , суретін салып постер жасайды, әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып қорғайды)

Тапсырманы орындауға - 5 минут уақыт беріледі

I топ- « Біздің сынып »

II топ- « Біздің ауылымыз»

III топ- «Біздің Отанымыз »

Сергіту сәті (Оқушылар дене мүшелерімен айтылған есімдіктерді көрсету керек) 1 м.

1.Жіктеу есімдігі: мен ол біз

2.Сілтеу есімдігі: анау сонау мына

3.Сұрау есімдігі: кім нешеу қанша

4.Өздік есімдігі: өзім өзіміз өздері

5.Белгісіздік есімдігі: біреу әлдекім әлдеқашан

6.Болымсыздық есімдігі: ешкім ешқашан дәнеңе

7.Жалпылау есімдігі: барлық түгел күллі

VII.Топтастыру стратегиясы (Оқушылар есімдіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы ереже айтады)

1 топ 1.Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады.

1 топ 2. Есімдіктер жіктеліп қолданылса баяндауыш болады.

3 топ 3. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады.

2 топ 4. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып анықтауыш болады.

2топ5. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса пысықтауыш болады.

бастауыш----- Есімдіктің ------баяндауыш

толықтауыш ----- сөйлемдегі қызметі -----пысықтауыш

----анықтауыш----

VIII. Кестемен жұмыс Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі (Дәптермен жұмыс) 5 минут

Оқушылар сөйлемді оқып есімдікті белгілейді және астын сызады , дәптерлеріне жазады.

I топ - 1, 6 сөйлем

IIтоп - 2,4 сөйлем

III топ - 3, 5 сөйлем

Мысалдар

Жіктеу

Сілтеу

Сұрау

Өздік

Белгі-

сіздік

Болым-

сыздық

1

Мен жаспын, менің өмір сүргім келеді.

*бас-

тауыш


2

Менің мектептегі сыныптас досым - осы.

*баян-дауыш


3

Кеудемде жаным тұрғанда намысты ешкімге бермеспін.


*толық-тауыш

4

Отанға опасыздық еткенің, өзіңнің түбіңе жеткенің.


*анық-тауыш

5

Биыл әлдеқашан күн суытып кеткен.


*пысық-тауыш

6

Сен нешіншісің?


*баян-дауыш


IX.Бекіту. Тәуелсіздік толғауы 1 минут

I топ басшысы: Қабанбай мен Бөгенбайдың қаныменен қорғалған,

Бұқар жырау, Махамбеттің жырларымен сомдалған.

«Тәуелсіздік» деген сөздің қасиет пен қадірін,

Біз ұрпақпыз оқып- білген қатпар - қатпар томдардан.

Әлия мен Мәншүгіміз ел мерейін асырған,

Сын сағатта ерлігімен дұшпан құтын қашырған.

«Тәуелсіздік» деген сөздің қасиет пен қадірін,

Біз ұрпақпыз танып білген XX ғасырдан.

II топ басшысы:Сонау жылы Алматыда қарға қаны төгілген,

Қайрат, Ләззат қайсарлықпен қаймықпаған өлімнен.

«Тәуелсіздік» деген сөздің қасиет пен қадірін,

Біз ұрпақпыз естіп өскен Желтоқсанның желінен.

Біз ұрпақпыз, Елтаңбасын ел мөрі деп санаған,

Біз ұрпақпыз, Әнұранын ұлт үніне балаған.

«Тәуелсіздік» деген сөздің қасиет пен қадірін,

Сондықтан да өшірмейміз мәңгі бақи санадан!

III топ басшы: Тоқтар көкке ұшпас еді, Егемен ел болмасақ,

Әлем қадір тұтпас еді Астананы салмасақ.

Мұның бәрі ең әуелі Елбасының арқасы.

Сондықтанда жарасады жыр жауһарын арнасақ.

«Тәуелсіздік» деген сөздің қасиет пен қадірін,

Тарих емес, мен әуелі халқымыздан таныдым.

Сондықтан да күндіз - түні бір Алладан тілейміз.

Аман қыл деп қазағымның жұлдызының жарығын!

2. Үйге тапсырма:

1. Есімдіктердің түрлерін қатыстырып 7 сөйлем құрау

2.«Біз тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағымыз!» тақырыбында шағын ойтолғау жазу

X.Кері әсер парағы «Екі жұлдыз, бір тілек» критериі бойынша оқушылар бір-біріне тілек жазады 1 минут

1 топ

2 топ

3 топ



1. Бағалау

Берілген кесте арқылы топ басшы топтағы оқушылардың білімдерін бағалайды.2 минут

Бағалау парағы

Бағалау шкаласы: «5» - 6 ұпай «4» - 5 ,4 ұпай «3» - 3, 2 ұпай

р/с

Оқушының аты- жөні

Сұрақ-жауап

Семан-тикалық карта

1-тап-сырма

2-тап-сырма

3-тап-сырма постер

Постер қорғау.

Топтас-тыру

Кесте

Тол-ғау

Ұпай

Баға

























© 2010-2022