Үздіксіз білім беру процесіндегі тәрбиенің маңызы атты мақала

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ

ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ


«Адамзатқа ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек.

Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы.

Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»

Әбу Насыр әл-Фараби


Қазіргі бәсекелестігі басым қоғамда әрбір алпауыт еледерден суырылып алға озып алдыңғы қатарда көріну үшін, еліміздің тек экономикалық немесе саяси жағынан ғана емес білім беру жағынан, оның ішінде тек политехникалық білімді болуын талап етіп қоймай, әрбір тұлғаның жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануымен қатар, қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуін де талап етеді. Жалпы баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы негізгі қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады, сонымен қатар адам осы қасиетттердің жиынтығы арқылы басқа адамдардан ерекшеленеді.

Үздіксіз білім беру процесіндегі білім беру жүйесіндегі басты міндеті-жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасу мен дамуы және оның кәсіби жетілу үшін қажетті жағдайлар жасау болғандықтан, яғни оларға баланың дұрыс тәрбиелену үрдісі, білім алуы мен жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс-әрекетке осы заманға көзқарастың ерекшелігі тәрбие үдерісіндегі жүйелілік және сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың жиындығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершелікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасу барлық тәрбиенің бастауы болмақ. Тәрбие-ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері болып табылады. Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталса және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. Ал үздіксіз білім беру процесіндегі тәрбиенің негізгі мақсаты-білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, жеке білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары жеке патриоттары ретінде қалыптасу мен өзін-өздері танытуларына әлеуметтенуін, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау, ал тәрбиенің негізгі міндеттеріне келсек төмендегідей тұжырылдылынады:

  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,

адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға үйрету;

  • Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсету мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабіеттерін, жалпы білімге икемділін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту, бейімділігін қалыптастыру;

  • Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсібі тұрғыда үздіксіз пісіп-жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және білімділік сапаларын қалыптастыру.

Педагогикада баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие-қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын үздіксіз білім беру процесінде ойып тұрып орын алатын объективтік процесс. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық әрекетіне, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынасынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру, аз сөйлеп, көп тыңдау, иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие буруден жалықпау, халық дәстүріне берік болу, оны жаңарту, әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу, сегіз қырлы, бір сырлы болу, халқының рухына кір салмау, ел берекесін сақтап, оны баюына үлес қосу сияқты тәрбиенің бастауы болатын ерекшеліктерді негізделген. Сонымен үдіксіз білім беру процесінде жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты жан-жақты үйлесімді дамығын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан бұл ерекшеліктер аса маңызды роль атқармақ. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты - Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотымызды, саяси бостандықтықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, эканомикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Ал И.Г.Песталоцци тәрбиенің мақсаты - балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген. Ендеше, тәрбие мен білім беру жүйесі үнемі тығыз байланыста болатын құбылыс. Неміс педагогы А.Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, «Мектептің міндеті-адамзатты және өз халқын сүйетін саналы адамзаттарды тәрбиелеу» - деген. Ендеше білім беру жүйесінің міндеті тұлғаның қалыптасу барысында оның бойына тек білім нәрімен сусындатып қоймай, тәрбиелі де тәлімі зор тұлға тәрбиелеу болып табылады.

© 2010-2022