«Білгірлер сайысы» 7-сынып. Сайыс презентациясы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : «Білгірлер сайысы»

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім деңгейлерін байқау.

Оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету,ой өрістерін кеңейту.

Мемлекеттік тілге деген көзқарасын қалыптастыру және оны құрметтеуге баулу.

Барысы : Қымбатты ұстаздар ,оқушылар мектебімізде қазақ тілі аптылығы өтіп жатқаны баршамызға белгілі. Бүгін 6 «В» және 6»Г» сыныптары арасында өтетін « Білгірлер сайысы » танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ, - дей келе сайысымызды бастаймыз.

Алдымен, сайыс шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіз.

  1. «Мақал-сөздің мәйегі» -берілген тақырып бойынша 10 мақал айту.

  2. «Ойлы жүйрік»- сұрақ-жауап айдары.

  3. «Жалғасын тап»-мақалды жалғастыру.

  4. «Тілі көркем»- берілген сөзден мемлекеттік тіл туралы эссе жазу.

  5. «Қи,құрастыр» -өлеңді дұрыс құрастырып ,мәнерлеп оқып беру.

  6. «Өнер алды-қызыл тіл

Ал,енді бірінші турымызды бастамас бұрын командаларға кезек берейік

Біздің топ:»Қыран» тобы.Ұранымыз:Тіл-ұлттың жаны.

Өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ:»Тұлпар» Ұранымыз:Сүйемін туған тілді-қазақ тілін.

Өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі.

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

І тур:»Отан»,»Білім» туралы 10 мақал айту.

ІІ тур :Сұрақ-жауап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

(қазақ тілі)

Туда не бейнеленген?

(ою,қыран құс,күн)

Қазақтың ұлттық ойындары?

(көкпар,бәйге,қыз қуу)

Тұңғыш президентіміз?

(Н.А. Назарбаев)

Фонетика нені зерттейді?

(дыбыс,буын,екпін,тасымал)

Ақсайда неше даңғыл бар және қандай?

(2: Абай және Достық даңғылы)

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

(42 әріп)

Дыбыс неше түрге бөлінеді және қандай?

(2: дауысты,дауыссыз)

Ауыз әдебиетінің түрлері?

(мақал-мәтел,ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар)

Аптада неше күн бар? (7 күн

ІІ-топ:

Қазақстан Республикасының рәміздері?

(ту, елтаңба, әнұран)

Наурыз мейрамы қашан тойланады?

(22 наурызда)

Еліміздің бас қаласы?

(Астана)

Буынның неше түрлері бар және қандай?

(3: ашық, тұйық, бітеу)

Жалғаудың неше түрі бар және қандай?

(4: көптік, жіктік, септік, тәуелдік)

Ең ыстық жыл мезгілі қай мезгіл?

(Жаз)

Антоним дегеніміз не?

(мағыналары қарама-қарсы сөздер)

Дауыссыз дыбыстардың түрлері?

(үнді, ұяң, қатаң)

Кім? Не? Қай септіктің сұрағы?

(Атау септік)

Күз айларын ата.

(қыркүйек, қазан, қараша)

ІІІ тур Мақалдың жалғасын тап.

  • Отанды сүю - отбасынан ........

  • Отан оттан да .......

  • Ел-елдің бәрі жақсы

Өз елің бәрінен ...............

  • Отансыз адам -

Ормансыз .............

  • Досыңды мақтағаның - өзіңді ...............

  • Жаман жолдастан жақсы .... ........

  • Өмір - үлкен .........

  • Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз ....... ....

  • Кітап - алтын .....

  • Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып .......

ІҮ тур : «ҚАЗАҚСТАН» және «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» тақырыбына эссе құру.

Ү тур :Тілге байланысты өлеңдер беріліп,оның дұрыс нұсқасын құрастырып, мәнерлеп оқу.

Ү І тур :Қанатты сөздерді беріп, мағынасын ашу.

Қыран тобына: Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А.Байтұрсынов)

Тұлпар тобына :Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпау -бүкіл ата-бабамызды ,тарихымызды ұмытпау. (Б.Момышұлы)






© 2010-2022