Урок по самопознании для 7 класса Семья: прошлое, ностаящее, будещее

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по самопознании для 7 класса Семья: прошлое,ностаящее,будещее

Урок по самопознании для 7 класса Семья: прошлое,ностаящее,будещее



Түркістан қаласы

"№ 22 жалпы орта мектеп"КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Маханбетжанова Эльмира

Сынып: 7

Сабақ тақырыбы: Етістік шақтарын қайталау

Мақсаты: Етістіктің шақ түрлері, олардың жасалу жолдары жайлы білімдерін нақтылау;

Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамытуға жағдай туғызу; Ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, ынтымаққа үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  1. Шақ түрлерін ажырата алады;

  2. Жасалу жолдары жайлы түсініктерін нақтылайды;

  3. Талдау барысында көрсете алады.

Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Технологиясы: дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қазғау, топтастыру.
Сабақтағы құралдар: семантикалық кесте, бағалау критериилері, постер, маркер, үнтаспа, тақта, бор, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Топқа бөлу (1 минут)
Оқушылармен амандасу, қажетті құрал-жабдықтарын тексеру. Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу
І. Қызығушылықты ояту. (7 минут)
1.1 3 топқа шақтардың жасалуын қалай меңгергендігін байқау мақсатында сұрақтар беріледі, қалай топтасқандарын түсіндіреді.

1 топ. Осы шақ: тұр, жүр, отыр, жатыр, дағдылы іс-әрекет

2 топ. Келер шақ: ар, ер, р; мақ, мек; бақ, бек; а,е,й + мезгіл; пақ, пек.

3 топ .Өткен шақ: атын, етін; ған, ген; ып, іп; ды, ді; йтын, йтін; қан, кен.

ІІ Мағынаны тану (15 + 7 минут)

2.1 Әр топ өз атауы жайлы постерде жан-жақты ашып, қорғайды.

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

нақ

ауыспалы

мақсатты

болжалды

ауыспалы

жедел

бұрынғы

ауыспалы

қалып етістіктер

дағдылы

іс-әрекет

мақ, мек

бақ, бек

пақ, пек

ар, ер, р

а,е,й +

мезгіл

ды, ді, ты, ті

ып, іп, п

ған, ген, қан, кен

атын, етін, йтын, йтін

Сергіту сәті: «Қара жорға» жаттығуы.(1,5 минут)

2.2 Тақтамен жұмыс: Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасап, етістіктердің шақ түрін ажырату керек.

1-топ. Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр.-нақ осы шақ

2- топ. Қазақ хандығы мемлекетіміздің негізі болып табылмақ.- мақсатты келер шақ

3- топ. Мұхтар Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытқан болатын.

ІІІ Ой толғаныс

Семантикалық картамен әр топ мүшелері өздерін тексереді және өзін -өзі бағалайды. (5 минут)

Сөздер

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Жыртып жүр

Жазып отыр

Барар

Келмекші

Айтыппын

Оқыған едік

Келесіңдер

барғанмын

Келіп отыр

Келіп кетпек


IV Бағалау критериилері бойынша бағалау: кейбір оқушылардың бағалауына талдау

V Үйге: «Боранды түнде» әңгімесінен шақ түрлеріне мысал теру




© 2010-2022