Сабақ жоспары қазақ әдебиеті Жамбыл - айтыскер ақын

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспары қазақ әдебиеті Жамбыл - айтыскер ақынСабақ жоспары қазақ әдебиеті Жамбыл - айтыскер ақынСабақ жоспары қазақ әдебиеті Жамбыл - айтыскер ақынСабақ жоспары қазақ әдебиеті Жамбыл - айтыскер ақынСабақ жоспары қазақ әдебиеті Жамбыл - айтыскер ақын

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Бастаушы ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Байкубинова Роза Картаевна

Әдебиет 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жамбыл - айтыскер ақын»

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Жамбылдың ақындық айтыс өнеріне әкелген жаңалығы туралы түсіндіру. Дамытушылық: Айтыстарды мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың айтыстарының мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақтіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Түрі: Танымдық сабақ

Типі: Жаңа сабақты меңгеру

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, Венн диаграммасы, интеративтік тақта, слайд.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

(Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамын)

Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

ІІІ.Ой шақыру кезеңі. Алдымен топта талқылау жұмысы, кейіннен сынып алдында топ жұмысын көрсетеді.

ІҮ.Бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Жамбыл- айтыскер ақын ».

1.«Айтыс»- деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Айтыс - «айт» етістігінен туған зат есім өз мағынасымен алғанда «айтыс» екі кісінің сөйлеуі. «Ақынға қара сөзден өлең оңай» - дегендей, өлең сөзбен қақтығысу ең биік өнер.

2.Айтыстың қандай түрлері бар?(блок, схема)

Айтыстың 9 түрі бар. Олар: Бәдік айтысы, Салт айтысы, Өлі мен тірінің айтысы, Жар-жар айтысы,Қыз бен жігіт айтысы, Жұмбақ айтысы, Жануарлармен адам айтысы, Ақындар айтысы, Осы күнгі айтыс.

3.Қазақ айтысының тарихында алатын өзіндік орны бар қандай ақындар бар?

Олар: Сүйінбай, Жамбыл, Біржан мен Сара, Мұхамеджан Тазабеков, Дәулет Кәпұлы, және т.б.

Айтыс ақындарына тән

тән қасиет

Суырыпсалма

Тапқырлық

Бағалаушы, тыңдаушысы- халық

Әрі әдепті, шыншыл, көркем болуы керек

5.Осы сипаттардың бәрі Жамбылдың бойында толық болған.

6.Жамбыл кіммен айтысқаны( слайд)

Олар: Сарбас, Бұрым, Досмамбет, Құлмамбет, Сайқал, Айкүміс және т. б.

Жамбыл- айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңнің атақты ақындарымен айтысып, бірде бірінде жеңілмеген.

Топтастыру стратегиясы

1881 жылы

Жамбыл Құлмамбет айтысы

Алматы облысы, Кеген ауданы

Күрделі, мазмұны кең айтыс

Екеуі де дарабоз ақын

Құлмамбет, Дулат; Албан руының байлығын дәріптейді

Ү.Мәтінмен жұмыс.

Айтыстан үзінді оқылады.

1.Балалар осы айтыстағы Қарынбайдай сараңдар, т.б сөздердің мағынасын ойланайықшы.

2.Құлмамбетке қандай сурет берер едіңдер?

3.Оқушы мәтін бойынша өз ойын жазбаша білдіреді.

Бұл тақырып бойынша не белгілі еді?

1.Жамбыл Құлмамбет сияқты бір жақты, бір сарынды емес, ойлауы кең жөнді жауап береді.

2.Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік қасиеттерге сүйінеді.

3.Жамбыл өзінің руы- тайпасы көлемінде қалмай, бүкіл қазақ елінің Жонқайт, Бұқар жырау,Баита атты ақындарын ту қып көтеріп, олардың өзінің рухани қазынасы дейді.

4.Ақша қатынасы мен еңбекті жоғары қояды.

ҮІ.Осы күнгі ақындар айтысы мен Жамбыл заманындағы айтыстың ерекшелігіне тоқталу.

Мұхамеджан Тазабеков- айтыскер ақын. «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде бала Жамбылдың рөлін ойнаған.

Мұхамеджан: Жамбыл:

Уа, Мэлс, тектілікке сай Адамдықты айт, ерікті айт, батырықты

болайық, айт,

Бұл айтыс- шайқасатын Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

майдан анық, Қарынбайдай сараңдар толып жатыр.

Арғы атаң найза ұстаған Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт.

батыр еді.

Атқан оғы тиетін ойға

барып.

Үрнес- тірлес іріден сөйлесенші,

Әңгіме айтқан жан болмай шой-

ға барып,

Қайран біздің қазатың ұрпағы да,

Майшабақтай барады- ау майдала-

нып.

Осы өлең жолдарынан Мұхамеджан қарсыласын жеке емес, бүкіл қазақ жастарын мәртілікке, ірілікке шақыратын ой тастайды. Ал Жамбыл адамдық, батырлық, елдік жоқ жерде тірлік жоқ жерде адам мен мал басының көптігінде ешқандай қасиет болмайтынын дәлелді жеткізеді.

Қорытынды.

Венн диаграммасы.

Жамбыл Құлмамбет


1. Зат есім (Жамбыл)

2.Сын есім (Талантты, әділ)

3.Етістік (Айтысады, жеткізеді, дәлелдейді)

4.Сөйлем құрау (Жамбыл- жыр алыбы)

5.Бір синоним (Ақын)

Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Жамбыл-айтыскер ақын. Айтыстан үзінді жаттау.















© 2010-2022