АКТ тақырыбындағы коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып

Оқыту мен оқуда АКТ-ның тиімділігі

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаты

  • Мұғалімнің сапалы білім беруін жетілдіреді.

  • ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдана отырып, кәсіби дейгейін үнемі жетілдіру.

  • Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында сандық технологияны қолдану арқылы педагог мамандардың біліктілігін көтеру.


Күтілетін нәтиже

  • мұғалімдердің кәсіби құзырлылығының дамуына жағдай жасайды;

  • мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологиялармен инновацияларды меңгертуге,өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсетеді;

  • озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеуіне, үйренуіне , қолдануынуына мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін,шығармашылық ізденісінің қалыптасуына қол жеткізеді;

  • ерекше қабілетті оқушыларды анықтап,қабілетіне қарай шығармашылыққа баулу

  • мектепте ақпараттық білім ортасын құруда мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырады;

Түйінді идея

Мұғалімдерге оқыту мен оқуда АКТ-ның мүмкіндіктерін айқындау арқылы сапалы білім берудің тиімді жолдарын ұсыну, мұғалімдердің ізденіспен жұмыс істеулеріне ықпал ету

Ресурстар

Интерактивті тақта,слайликтер,анимациялық стикерлер, қаламсаптар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, жетондар, ақ қағаздар (А3), плакат, оқулық .

Коучинг - сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын ашады

Психологиялық ахуал туғызу

3мин

Жұптасып бір-бірінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын айтады, шеңбер бойымен жылжып отырады, аяғында тілек тілейді.

Топқа бөлу

5 мин

Әдістер арқылы топқа бөлу .

І топ «Телефон», ІІ топ «Планшет», ІІІтоп «Ноутбук».

Ой қозғау

5 мин

Қазіргі замандағы технологиялар видеофильм көрсету

Оқыту мен оқуда АКТ ні тиімділігі

5 мин

Презентациямен таныстыру.

Миға шабуыл

5 мин

"Планшет",«Телефон»,«Ноутбук» сөздеріне постер құрау

Сергіту сәті

3 мин

«Би» «Веселая зарядка»

Бейнебаян көру

5 мин

Смарттық техникалық құралдар

Тапсырма

5 мин

Ребус құрау смартфонның СМС жазу пәрменін пайдаланып кодталған сөздерді табу

Жеке тапсырма

10 мин

Ой толғау. «Ақылдың алты қалпағы» АКТ оқытуда тиімді қолдану сыни тұрғыдан бірнеше шешімдерді шоғырландырады.

Рефлексия

5 мин

Біз бүгін не үйрендік?

Оқыту мен оқуда АКТ-ның тиімділігіне көз жеткіздіңіз бе?

Егер көз жеткізсеңіз қолыңыздағы жіпті тілек айта келе өзіңіз қалаған адамға ұстатыңыз.



© 2010-2022