Поурочный план на тему Жалауша

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы орта мектебі «КММ»

Айналайын шағын орталығы

«Айгөлек» тобы


Тақырыбы:

Жалауша

/ Жапсыру сабағы/



Тәрбиеші: Б.Атаева




















Сабақтың тақырыбы: Жалауша

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жалауша жайлы түсінік бере отырып,оларды жапсыруға үйрету.

Дамытушылық: Түстерді ажырата білуге дағдыландыру,сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Білім көзі: Шығармашылық

Көрнекілік: Суреттер,желім,түрлі-түсті қағаздар.

Әдіс-тәсілдер: Жапсыру

Жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І Бөлмені дайындау

ІІ Балаларды сабаққа дайындау

Жылулық шеңбері

Ал балалар тұрмайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Уық болып иіліп,

Кереге боп керіліп,

Қазақ үйді құрайық.


Жаңа сабақ


І Балаларды тақырыппен таныстыру.

ІІ Жалау туралы түсінік беру.

Жалау мемлекеттердің белгісі болып саналады. Қазақстан Республикасының Мемлеккеттік туы тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген,оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген.

Тудың сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені 1 метр ал ұзындығы 2 метр.

ІІІ Тақпақты мәнерлеп айтқызу.

1 Бала

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

2 Бала

Көк аспанда-алтын күн,

Көк аспанда- жас қыран.

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

3 Бала

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз көктейміз.

Қазір балалар осы жалауды жапсырамыз.

Сергіту жаттығулары

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Қорытындылау

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Балалар біз бүгінігі сабағымызда не үйрендік?


© 2010-2022