Урок на тему Жаңаша оқытуды меңгеру – заман талабы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


I

190

I

193

«Бекітемін»

«Қармақшы аграрлы-техникалык»колледж

директорының оқу-ісі жөніндегі

орынбасары:_____ Г.Аралбаева.

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзінің халқы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Тақырыпқа талдау жасау қосымша анықтамалық мәліметтермен таныстырып кескін картамен жұмыс жүргізу

2. Дамытушылық: Танымдық білім дағдыларын, өзіндік іс - әрекеттерін қалыптастыру, сараптау, іскерлік қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өз тілін, дінін құрметтеуге, өзге ұлт өкілдерімен тату - тәтті өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

Р/с

Сабақтың кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Географиялық қабық заңдылықтары тақырыбына түсінік айту.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым антропология деп аталады. Ғалымдар пікірінше алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан адамдардың қаңқасын тауып, осы жер адамдардың шығу ортасы деп отыр.
Халық санағы. Халық саны туралы нақты ақпаратты ұйымдасқан түрде халық санағы анықтайды. Халық санағы б. з. д. ІІІ мың жылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. ХХ ғ. Халық санағы барлық елдерде жүргізіліп, Азия елдерінде ІІ д. ж. соғыстан кейін өткізілді. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әр он жыл сайын болды.
1999 - 14 млн 953 мың адам
2009 - 16 млн 432 мың адамға жетті.
Д. ж. Халқының саны қазіргі таңда 7 млрд. астам.
Халық санының күрт өсуі «демографиялық жарылыс» деп аталады.
Демографиялық саясатты әр бір мемлекет өзі қабылдайды.
М: Қытай «Біз екеуміз екеумізге біреу»,
Үндістан «Біз екеуміз, екеумізге екеу», деген саясатты ұстанады.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы елдегі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге, экологиялық жағдайға, денсаулық жүйесінің қызметіне тікелей байланысты.
М: Қазақстанда әйелдер - 72, ерлер - 60 жас, орташа өмір сүру ұзақтығы 66 жасқа тең. Д. ж. өмір сүрушілер - Жапондықтар, 83 жас.

Халықтың жастық құрамы 3 типке бөлінеді.
Алға басушы тип (прогрессивті) Балалар үлесі жоғары
Тұрақты тип Балалар мен егделер саны тепе - тең
Кері кетуші тип(регрессивті) Егде адамдар саны артық

Тілдік құрамы.
Тіл - кез келген этностың басты белгісі. Д. ж. деректер бойынша үш мыңнан астам тіл бар десе, кейбір ғылыми еңбектерде бес мың деп айтылады. Тілдерді 45 - тен астам тіл тобына, 20 тіл семьясына топтастырады.

Діндер үшке бөлінеді:
1. Әлемдік
2. Ұлттық
3. Дәстүрлі
Термин сөздермен жұмыс:
1. Энтогенез -
2. Диаспора -
3. Урбандалу -
4. Имиграция -
5. Миграция -
6. Субурбандалу -
7. Этностардың ассимиляциясы -

4

Өтілген сабақты бекіту

1. Ең ұзақ өмір сүрушілер кімдер?
2. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
3. Демографиялық «қыс», «жаз» елдерін атаңдар.
4. Ұлт жандылықты қалай түсінесің?

5

Үйге тапсырма

Дүниежүзінің халқы тақырыбын оқып, түсінік айту. Сұрақтарға жауап беру.

6

Сабақ қорытындысын жасау,бағалау

Пән оқытушысы: Қ.Темірбаев



© 2010-2022