Открытый урок Сан есімнің түрленуі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,

Лицей мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Қойайдарова Назгүл Рызқұлбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға сан есімнен өткендрін еске түсіре

отырып, «Сан есімнің түрленуі» тақырыбын

жаттығу, дағдыландырыу және ойындар арқылы

меңгерту.

Сабақтың тәрбиелілік мәні: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрлерін,

қасиетті де киелі деп санайтын ұғымдарға

құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сан есімдердің жалғауларын ажырата білу

дағдыларынжетілдіру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көшбасшы, топтау, АКТ, СТО, диалог, талант пен

дарындылық, бағалау (формативті).

Күтілетін нәтиже: Өтілгентақырыпты жете меңгерген,келешекте

білімдерін, білгендерін саналы түрде қолдана

алатын тұлғаны дайындау.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу

ә) ынтымақтастық атмосферасын құру

б) үй тапсырмасын сұрау.

(Балаларды алдыңғы сабақтағы «ДжикСо» әдісімен бөлінгені күйінде қалдырамын).

І топ «Зат есімдер» тобы (Салыстырмалы шырай 2 сөйлем).

ІІ топ «Сын есімдер» тобы (Күшейтпелі шырай 2 сөйлем).

ІІІ топ «Сан есімдер» тобы (Сын есім емлесі 2 сөйлем).

2. Жаңа сабақ

6-шы сыныпта өткендерді еске түсіру, пысықтау.

1. Морфология саласы нені зерттейді?

2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

(9 сөз табы бар).

3. Онда атайық! 1. Зат есім

2. Сын есім

3. Сан есім

4. Есімдік

5. Етістік

6. Үстеу

7. Шылау

8. Еліктеу

9. Одағай

Ия, балалар дұрыс. Біз сендермен сөз таптары жайындағы мәліметті сонау бастауыш сыныптан бастап алғансыңдар. Ал, 7-ші сыныпта біз осы Морфология саласын кеңірек қарастырамыз.

Сабағымызды бастамас бұрын «Көрініс» көрейік. (Шешендік сөздерден үзінді).

Авторы: Дарина

Бұқар жырау: Азамат

Қазыбек би: Нұрсұлтан

Міне, балалар сан есімдер біздерге шешендік сөздерде де кездесіп отырады екен.

Онда, осы сан есімдер жайында халқымыз сандарға байланысты мағынасы, мазмұны терең мән тапқан. Санға байланысты қандай киелі ұғымдарды білеміз?

(Балалар (әр топтағы) біртіндеп орындарынан тұрып айта бастайды. «Жеті қазына», «Үш жұрт», «Қонақтың төрт түрі» т.б.с.с.).

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Сан есімнің түрленуі».

Сан есімдер бізге сонау санауды енді біле бастаған шақтан белгілі. Ал, енді балалар осы ан есімдер қалай түрленеді екен? Байқап көрейік.

Сан есімдер сандық ұғымды білдіреді, оған заттық ұғым тән.

Слайд №1

Сан есім (екі түрлі қызметте жұмсалады)

Белгілі бір заттың нақты сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Алматтың оқулығының саны он бір. (қанша?)

Жеке-дара айтылғанда тек абстракт ұғым атаулары реінде қолданады. Мысалы: жиырма бес, үш, он алты.

Заттардың сандық мөлшерін білдіретін есептік сан есімдер ешбір өзгеріске түспей, заттық ұғымда, жұмсалып тұрғанда көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

Сан есімнің түрленуі

Көптелуі

септелуі

Тәуелденуі

Жіктелуі

Ерназардың сегізі біз боламыз. («Ер Төстік» ертегісі)

Сегіз+дер

А

І

Б

Т

Ж

Ш

К

сегіз

сегіз-дің

сегіз-ге

сегіз-ді

сегіз-де

сегіз-ден

сегіз-бен

Жекеше

Іж сегізім

ІІ ж сегізің

сегізіңіз

ІІІж сегізі

көпше

Іж сегізіміз

ІІ ж сегіздерің

сегіздеріңіз

ІІІж сегізі

Жекеше

Іж сегізбін

ІІ ж сегізсің

сегізсіз

ІІІж сегіз

Көпше

Іж сегізбіз

ІІ ж сегізсіңдер

сегізсіздер

ІІІж сегіз

Жинақтық сан есімдер мағынасы жағынан заттық ұғым тән болғандықтан түрленуші қосымшаларды көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай береді.

Көптелуі

септелуі

Тәуелденуі

Жіктелуі

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді… (мақал)

Алтау+лар

А

І

Б

Т

Ж

Ш

К

алтау

алтау-дың

алтау-ға

алтау-ды

алтау-да

алтау-дан

алтау-мен

Жекеше

Іж алтау-ым

ІІ ж алтау-ың

алтау-ыңыз

ІІІж алтау-ы

көпше

Іж алтау-мын

ІІж алтау-сың

алтау-сыз

ІІІж алтау

(Балаларға өздері мысал келтіруін сұраймыз).

Бөлшектік сан есімдер негізінде заттанған сандар тіркесінен болғандықтан, әртүрлі тек септік жалғауларын қабылдай береді.

Септік

Септік жалғауы

А

І

Б

Т

Ж

Ш

К

Үштен бір

Үштен бірінің

Үштен бірге

Үштен бірді

Үштен біріде

Үштен бірінен

Үштен бірімен

Бөлшектік сан есімдер көптелмейді, өз құрылысы тәуелді болғандықтан, тәуелдік жалғауларын да қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдағанда заттық ұғымда жұмсалады.

Сан есім

Алтау

Бестен үш

Өз мысалдарың

Көптелуі

алтау+лар

Септелуі

алтау+дың

бестен үш+ке

Тәуелденуі

алтау+ы

бестен үш+ті

Жіктелуі

алтау+сың

бестен үші+сіз

74-жаттығу. Слайд№2. Берілгенін оқушы оқиды.

І топ 1-ші шумағын

ІІ топ 2-ші шумағын

ІІІ топ 3-ші шумағын

(Әр топтан бір-бір оқушы шығады. Тек сан есімдерін жазады).

Сан есімдерге байланысты киелі ұғымдарды атау ойыны.

Мысалы: жеті қазына, үш арсыз, үш жұрт т.б.

75-жаттығу. Берілгенін оқушы оқиды. (Жалпы сыныптық тапсырма).

Сергіту сәті. «Кім тапқыр» ойыны.

(Оқушыларға бір мақал, бір жұмбақты кезектестіре отырып жасыру. Тауып отырған топтар смайликтермен марапатталады. Смайликті көп жинаған топ «Жеңімпаздар тобы» атанады).

  1. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта.

Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)

  1. (Жүз) теңгең болғанша, (жүз) досың болсын.

  1. Көлемді, үлкен, алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әрбірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам одан қашып.

(он екі ай, 12 месяцев, twelve month)

  1. (Алтау) ала болса, ауыздағы кетеді,

(Төртеу) түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Он көзі бар өзінде,

Он саны бар көзінде

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың. (телефон (орыс т) telephone)

  1. Білекті (бірді) жығады,

Білімді (мыңды) жығады.

  1. Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы, ножницы)

8. (Қырық) кісі бір жақ,

(Қыңыр) кісі бір жақ.

  1. Таңертең төрт ақты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты

(адамның сәбилік, жастық, кәрілік шағы)

Орысша (дество, молодость, старость)

Ағылшынша (shield, young and )

  1. (Жеті) атасын білмеген - жетесіз.

11. Бір көлде 12 қаз ойнайды,

Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.

Келгенде жақындасып, қожаңдасып,

Бірін-бірі алмасына еш қоймайды. (дойбы, шахмат).

12. Ер жігіттің (екі) сөйлегені - өлгені.

77-жаттығу. Берілгенін оқиды.

І топ «Зат есімдер» тобына есептік пен реттік сан есімдер 5 сөйлем.

ІІ топ «Сын есімдер» тобына жинақтық, болжамдық сан есімге 5 сөйлем.

ІІ топ «Сан есімдер» тобына топтау, бөлшектік сан есімдерге 5 сөйлем жазады.

Постермен жұмыс

І топ (морфологиялық талдау).

Мүсінші суретті айнытпай ұстап қалыпты.

Мүсін - зат есім.

  • ші есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ.

сурет - не? зат есім деректі, жалпы, негізгі зат есім.

  • ті - табыс септік жалғауы.

айны - түбірлі етістік.

  • т - өзгелік етіс жұрнағы.

  • па - болымсыз етістіктің жұрнағы.

  • й - көсемшенің жұрнағы.

ұста - түбірлі етістік

  • ып - көсемшенің жұрнағы.

  • ты - ІІІ жақ жіктік жалғауы

ІІ топ (Синтаксистік талдау).

Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға дегенде айырып алды. (Көксерек

шығармасынан).

ІІІ топ «Сан есім» тобына (Фонетикалық талдау).

«Сан есімдер» сөзін кешенді фонетикалық талдау жасау.

  1. Тіркескен сөз 1 сөз 3 әріп 2 дауыссыз, 1 дауысты

2 сөз 7 әріп 4 дауыссыз, 3 дауысты

10 әріп 4 дауысты, 6 дауыссыз, 4 буын

1 сөз, 2сөз 3 буын 1-ші ашық буын, 2-ші 3-ші бітеу буын.

С- дауыссыз қатаң

а - дауысты, ашық, езулік

н - дауыссыз, үнді

е - дауысты, жіңішке, езулік, ашық

с - дауыссыз қатаң

і - дауысты, жіңішке, езулік, қысаң

м - дауыссыз, үнді

д - дауыссыз, ұяң

р - дауыссыз, үнді

Тест

  1. Заттанған сан есім сөйлемлегі сан есімдердің мағыналық түрлерінің қайсысында

тұр? Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

а) реттік б) болжалдық г) есептік

ә) жинақтық в) бөлшектік

  1. Қайсысы заттанған бөлшектік сан есім?

а) бір бүтін б) екінің бірі г) екіден екіні

ә) үш жарым в) оннан екі

  1. Заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімді тап.

а) Емен - екі жүз жыл өмір сүретін ағаш.

ә) ҚР тәуелсіздін алғанына 22 жыл толды.

б) Екі ауылдың арасы ат шаптырым жер.

в) Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз.

г) Орда - он екі қанатты киіз үйдің үлгісі.

Қорытындылау.

а) Үйге тапсырма.

Жалпы сыныптық тапсырма.

  1. Сан есімдерге қатысты шешндік сөздер жазып келу.

  2. Сан есімдермен берілген мақал-мәтел, көркем шығармалардан үзінділер тауып, оларды қатыстыра отырып, шағын әңгіме жазу.

Бағалау парақшасын топбасшылардан алу.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Көрініс

Киелі ұғымдар

Жаңа сабақ

74-жаттығу

75-жаттығу

Сергіту сәті

77-жаттығу

Постермен жұмыс

Тест

Ққорытынды

Кері байланыс

Стикерге сабаққа байланысты алған әсерлері мен сұрақтарын жазып жабыстырып кетеді.



© 2010-2022