Эссе Менің педагогикалық философиям

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің педагогикалық философиям»

Өмірдің мәні-өмірдің өзінде, оны дұрыс түсінуде, дұрыс ұйымдастыруда, қоғамдық мақсат пен жеке мақсаттардың сәйкестігінде, Отан, мектеп, жақындары, ата-ана алдындағы нақты міндеттерді орындау, жеке бас бақыты, тұрмыс қуанышы.

Менің тәрбие беруші, педагог мамандығын таңдай отырып түйген ойларым, педагогикалық сенімім мынада- басқаға жақсылық жасау іштей жақсылық жасау, өзіңді қайта құру, үлкен күштерді шығындау. Әр адамда өзінің рухани шыңына көтерілу жолы, өзінің самғауы, өзінің шынығу сәті болу керек. Әрбір адамды осыған әкелу-міне тәрбие маңызы осында.

Мен тәрбие беруші, мұғалім, ұстаз болғаныма қуанамын. Мұғалімнің тілі бал, жүрегі таза, еңбегі адал. Баланың қиялына қанат бітіретін, ойын өрістететін, шабытын шарықтататын, аңсаған арманын жақындататын жанның бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, дегенмен, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мұғалімнің орны бөлек. Мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал, жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәрбиесіне байланысты. Ұстаз-мектептің жүрегі.

Білім ордасы-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін орын.

Жақсы мұғалімге тән қасиеттердің негізгісі- балаларға деген сүйіспеншілік сезімінің болуы. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз тәлім-тәрбие берудің негізгі ұйытқысы. Жағдай мәжбүрлегенде ғана емес, баланың дәл осы сәттегі және алдыңғы мінезіндегі өзгерістерді көре отырып, жағдайдан озып отыру керек. Яғни педагогикалық үрдіс балардың дамуынан алда және оптимистік болуы керек. Мұғалімнің өзінің шабыт көзі болуы қажет. Олар: балалар, әріптестеріміз, ізденіс.

Білім тәрбиелей ме? Жоқ, ол өз-өзінен тәрбиелемейді. Дәннің өздігінен емес, құнарлы топырақ пен нұрлы күн шуағымен өсетіні тәрізді, білім емес, осы білімді жеткізуші адамдар тәрбиелейді. Оқушыны кім және қалай оқытады-тәрбиелей отырып білім берудің ең негізгі шарты осында. Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен шәкіртінің ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауға жағдай жасайтын , білім нәрін санасы мен жадына емес, бірінші кезекте олардың жаны мен жүрегіне сіңіретін құнарлы топырақ, сәулесін шашатын күн болса. Бала жүрегі айнадай тап-таза, мөлдір. Сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады.

М. Жұмабаев «Жас бала-жас бір шыбық, жас күнінде қалай исең, есейгенде сол иілген күйінде қалады» деп түйін жасайды.

«Адам дегеніміз-қандай адам болғандығы емес, қандай адам бола алатындығымен маңызды» дейді. Ізгілікті тәрбиелік қызметте мына бағыттарға басты назар аударғанымыз жөн: баланы зерттеу, баланың өзін-өзі дамытуына тәрбиелеу, баланың іс-әрекетін ұйымдастыру, әрбір баланың қоршаған ортада, қоғамда өзін- өзі дұрыс сезінуін қамтамасыз ету.

Ендеше, педагог-мұғалімнің басты мұраттарының бірі: баланың үнемі даму үстінде болатынын ұмытпау, оны жазалауға асықпау. Ұстаз баламен шынайы құрметке лайық қарым-қатынас құра білсе ғана үлкен табыстарға қол жеткізе алады.

Педагог А.С. Макаренко «Балалардың бойына жақсы әдеттерді қалыптастыруға ұмтылу керек, ал бұл мақсат үшін ең бастысы дұрыс әрекет жасауға ұдайы жаттықтыру болып табылады» деп, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да мұғалім өз алдына өз күшіне сай емес үлкен мақсаттар қою керек, осылай ғана ол өзінің оқушыларын және өзін биіктете алады.

Тәрбие беруші, педагог-Иманова Марта Қайырбекқызы.











Адамгершілік тәрбиесі мектептің ең негізгі жұмысы. Нағыз адам ол рухани бай, жоғары адамгершілікті, Отанын беріле сүйетін, мемлекет құндылықтарын өз байлығындай құрметтейтін, өзіне берілген өмірді жоғары мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттер жасауға берілген деп есептейтін адам. Нағыз адамда ақыл-ой байлығы, еңбеке деген махаббат пен әлемді эстетикалық қабылдау қалыптасқан.

Білім беру -шығармашылық үрдіс, адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды үрдіс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи үрдіс. Білім арқылы жұмыс істеуге үйрену адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты. Сухомлинский В.А.



© 2010-2022