Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Халел Досмұхамедов атындағы

№4 жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаракөзова Жанар Шаяхметқызы.

Жалпы еңбек өтілі: 22 жыл I санат

Тақырыбы: Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы - баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламалары арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында қазақ тілін орыс топтарында жүргізу балабақшадан бастау керектігі атап көрсетілген, себебі баланың болашақ тұлға ретінде қалыптасуы балабақшадан басталады.

Әсіресе балабақшада, мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйрету - аса үлкен жауапкершілікті жүктейді, себебі бірінші рет мектеп табалдырығын аттап, даярлық тобына келіп отырған бала, бірінші кезеңде не жазуды, не оқуды білмейді, не әріп танымайды, сондықтан баланың болашақта қазақ тілінде қалай сөйлеуі, қазақ тілін қалай меңгеруі баланың мектепке дейінгі алған біліміне де байланысты.

Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйрету ең бірінші тіл дамыту жұмыстарымен жүргізіледі, себебі, жаңа атап өткендей не жазуды, не оқуды білмейтін бүлдіршіндер үшін бұл кезеңде балалармен ауызекі сөйлеп, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу үлкен рөль атқарады.

Мектепалды даярлық орыс топтарында балалардың тілін дамыту жұмыстарын мен ең бірінші кезекте фонетикадан бастаймын. Себебі фонетика әрбір тілді үйретудің алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Тіл білімінің маманы Адамбаева «Жаңа бір тілді меңгеруді фонетикадан бастамайынша, жаңа тіл игерілмейді» деп атап өткен екен.

Даярлық орыс топтарында балалардың тілін дамытуда ерекше орын алатын жұмыстардың бірі - ол фонетикалық жаттығулар, себебі орыс топтарында дыбыс жүйесін терең меңгерту - басты мәселе. Қазақ тіліне тән дыбыстарды бала жетік меңгермейінше, ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды.

Фонетиканы меңгерту жұмыстары сөздік жұмысымен бірге атқарылады. Осы жұмыс түрлерін мен сабақта қалай қолданатыныма тоқталып өтсем:

Мысалы «Оқу құралдары» тақырыбын өткенде мен келесі жұмыс түрлерін жүргіземін:

  1. Ең бірінші оқу құралдарының атауларын сурет арқылы таныстырамын. (орысша-қазақша аудару арқылы)

  2. Енді сөздерге фонетикалық жаттығу жасаймыз. Әсіресе, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалаймын. Дыбыстарды сыныпта әр түрлі формада (хормен, жұппен, жеке) айтқызамын.

  3. Кейін сөздерді іс-қимылды білдіретін сөздермен байланыстырып айтамыз (мысалы кітапты не істейміз? оқимыз, дәптерге жазамыз, сызғышпен сызамыз, т.б.) ең бірінші өзім тіркестіріп айтып шығамын, кейін оқушылар қайталайды.

  4. Кейін оқушылар жалпы сурет бойынша әңгіме құрастырады. (Бірінші өзім әңгімелеп беремін, кейін сұрақ қою арқылы оқушыларға әңгімелетемін).

  5. Кейін балаларға сөздерді грамматикалық тұлғада өзгертуді үйретемін. (-дікі, -тікі, -нікі жұрнақтарын жалғап сөйлеуді үйретіп, дағдыға айналдырамыз. (әрбір оқушыға бір-бір оқу құралдарын таратып сұрақ қойып үйретемін (кітап кімдікі? (Еркіндік)

Дәптер кімдікі? (Ангелинанікі

Сызғыш кімдікі? (Олянікі)

  1. Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда үндестік заңымен таныстырудың рөлі ерекше, себебі қазақ тілінің тірегі - бұл үндестік заңы. Осы үндестік заңын білмеуі, балалардың кейін мектепте жазба жұмыстарында қате жіберуіне, сөздерді дұрыс айтпауына әкеп соқтырады. (Суретте оқу құралдары айтылуына қарай жуан және жіңішке болып көрсетілген) Жабайы жануарларға да байланысты.

  2. Балалардың тілін дамытуда, сөздік қорын молайтуда антоним, синоним сөздерді қолданудың да маңызы зор. Мысалы: «Менің күн тәртібім» тақырыбын өткенде балалар күн тәртібі туралы әңгімелейді. Осы әңгімелеуде «мен әдепті баламын» деген сөйлем бар. Осы сөйлемдегі әдепті сөзіне балалар әдемі, жақсы, ақылды, тәртіпті синонимдерін енгізеді.

а) Антоним сөздерді мына тақырыптарда да қолданамын

«Адамның дене мүшелері» (Еркіннің шашы қысқа Ангелинаның шашы ұзын Еркін-бала, Ангелина-қыз).

«Оқу құралдары» (дәптер-жұқа кітап-қалың)

«Біздің қала» (мына үй биік мына үй аласа)

  1. Жалпы атаулар. Балалардың тілін дамытуда жеке және жалпы атауларды меңгертуге баса назар аударамын.

Мысалы: қасқыр, аю, түлкі - жабайы жануарлар.

кітап, дәптер, өшіргіш - оқу құралдары, т.б.

  1. Диалог, монолог. Балалардың тілін дамытуда, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретуде диалог пен монологты қолданамын. Мысалы «Менің отбасым» тақырыбын өткенде балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.

  2. Сөздерді көпше, жекеше түрде айтып үйрету.

Балалардың тілін дамытуда сөздерді жекеше және көпше түрде айтқызып үйретудің маңызы зор.

Мысалы қарындаш - қарындаштар

Сызғыш - сызғыштар

Бояу - бояулар

Дәптер - дәптерлер

  1. Лексикалық қателерін жөндеу.

Балалардың тілін дамытуда лексикалық қателерді үнемі жөндеп отырудң маңызы бар.

Мысалы: Бетімді жуамын

Жүзімді жуамын.

Жүзім (үзім)

Сиыр не береді (ет (гөш))

  1. Ертегілер айтып беру. (Балаларға қазақша ертегі айтып беру, кейін балалар монолог түрінде осы ертегіні өзі айтып беруі, (мысалы бауырсақ, үш торай).

Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтқызу. Санамақтар үйрету.

Балалар ц, р, с, ш, ч, қ, ү, щ, з, ж дыбыстарын дұрыс айта алмайды, осы дыбыстарды дұрыс айтуға және тіл дамытуға арналған жаттығулар

Шақ-шақ-шақ-кішкентай құйыншақ

Са-са-са -шағады маса

Ыр-ыр-ыр-ырылдайды қасқыр

Ян-ян-ян-секіреді қоян.

Сөз соңында айтарым:

«Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі - елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Сондықтан тілдің мәртебесін өсіру баршамыздың міндетіміз деп айтқым келеді.»

Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамытуМектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамытуМектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

© 2010-2022