Cценарий праздника на тему Наурыз-думан

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



НАУРЫЗ - ДУМАН!

II -кіші «Балапан» тобының ертеңгілігі





Жаркент * 27.03.2014 жыл

Зал іші мерекеге сай безендірілген, ұлттық үлгіде жабдықталған.

«Тұсау кесу» рәсімінің түсінігі:ортада ақ матадан жол салынады. Ақ жол - үсті шашу шашар,баланың тұсауы кесілер алғашқы қадамы жасалар «Ақ жол»!

Қажетті бұйымдар:екі - үш түсті жүннен есілген тұсау кесер жібі, қойдың тоқ ішегі, көк - шөптен өрілген жіп, баланың ит көйлегіне түйілген шашу.

Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл күй сыйлау.Ұлттық дәстүрлерді, киімдерді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Асыл мұра салтым үшін,

Аянбаймыз халқым үшін

Ата - бабам салып кеткен,

Аянбаймыз салтым үшін, -

демекші Наурыз тойында II - кіші «Балапан» тобының «Тұсау кесу» рәсімін тамашалаңыздар!

Бүгін біз қазақтың салт - дәстүрлерінің бірі - «Тұсау кесу» рәсімімен танысамыз. Бұл рәсім бала жүре бастағанда жасалады. Оған үлкен көңіл бөледі. Бала болашақта жолы болғыш, өмірден сүрінбей жүрсін деген ақ тілектен тұған. Қазақ халқы баланың аяқ алысы жақсы, нық болуы - «Тұсау кесу» рәсіміне байланысты деп сенген.Қуанышты оқиғаға той жасаған.

Көрініс: «Тұсау кесу»

Залдың ішінде әже,келіні, немерелерімен дастархан басында шәй ішіп отырады. Қонаққа қаладан құдағиы,келіні екі баласымен келеді. Қонақты қарсы алады да дастархан басына шақырады.

Қаладан келген келіншек: Апатай, біздің Абылай қаз - қаз тұра бастады.

Әжесі: Бұл керемет қой! Онда келін, көршілерді шақыр «Тұсау кесу» рәсімін жасайық.

(Залға 3-4 әже немерелерімен кіреді)

Әжесі: Қош келдіңдер! Қаладан қызым келген, енді, немеремнің тұсауын кесейін деп сендерді шақырдым.

Әжелер: Жақсы, жақсы олай болса,немереңнің тұсауын кесейік.

Әр әже Тұсау кесудің түрлеріне түсінік береді:

  1. Тоқ ішекпен кескенім, тоқшылық болсын дегенім.

  2. Көк шөппен кескенім, көгеріп көктесін дегенім.

  3. Ала жіппен кескенім, адал болсын дегенім.

Біздің Абылайдың тұсауын Сәрсенбала әжесі кессе деп отырмын.

Абылайдың екі жағынан екі әже ұстап тұрып, ал Сәрсенбала әжесі «Бисмиллаһи-р-рахмани-ирохим»,деп тұсауын кеседі.

Әжелер тұсау кесе отырып,ән айтады:

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Тоқымыңды жаз балам

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Тұсау кесіп болған соң

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Қадам бассаң,мәз болам

Қадамыңа қарайын

Басқаныңды санайын.

Отырған қонақтарға шашу шашылып,балаларға шашудан беріледі.

Ал, баланың итжидесіне оралған шашуды тұсауын кескен кісіге беріледі.

Жүргізуші: Рахмет, әжелер, енді сіздерге арнап немерелеріңіз «Ақ әжем» әнін орындап берсін.



© 2010-2022