8-наурыз Халықаралық әйелдер күні

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күні8-наурыз Халықаралық әйелдер күніӨмірбаев атындағы орта мектебі



Ашық тәрбие сағат

«8 - наурыз,мерекелік кеші»

Дайындаған: Джанаева А Х



Форт-Шевченко-2015

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні

Сыныбы: 9 «В»

Тақырыбы: 8-наурыз « Халықаралық әйелдер күні»

Көрнекілігі:Сынып бөлмесін мерекеге лайықты безендіру,даналық ссөздер жазылған плакаттар ілу. Слайдтармен,видеолармен әрлеу.

Түрі:Тәрбие сағаты

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кешіміздің бастамасы ретінде, алғашқы сөз кезегін сынып жетекшіміз, Джанаева Айман апайға береміз.


Мұғалім сөзінен соң оқушылар айша дөңлегеніп, хормен Ана туралы бір ән айтады. Сахнада қысқаша би биленіп (Жолдыбай Жасулан,Нұрқасова Айгерім,Кеңесов Сырымбек)



оқушылар екі жаққа бөлініп кетеді.

Сахнаға екі жүргізуші келеді.

1-жүргізуші: Жусип Айгул Армысыздар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан - Қайырлы күн,ардақты ұстаздар және құрбы-құрдастар. Жайдары көктемнің алғашқы мейрамы - «Халықаралық әйелдер күні» құтты болсын! Барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, жер дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктем мерекесі қарсаңында сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық,мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім,көтеріңкі көңіл- күй тілейміз.

1-жүргізуші: Жусип Айгул Сөздің кезегін Анасын қадір тұтатын біздің оқушыларымызғабереміз.

1-оқушы: Бекқалиева Гулфара- Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

2-оқушы:Кенжеғалиқызы Медина- Өр десек те сіздерді - лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді - лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді - лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді - лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

3-оқушы:Бисенғалиева Ақниет- Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан - Бүгінгі кешімізді қызықтырақ ету үшін кезекті ойынға берсек. (Сахнаға 3 мұғалімді шығарамыз.)

Ойынымыздың аты «Би алаңы» деп аталады. Ал ойын шарты былай: сіздерге арнап музыка қосамыз. Ойынның қызығы сол, егер біз аяқ десек, тек аяқтарымызбен, ал бас десек тек бастарымызбен билейміз. Осылай барлық мүшемізді билетіп шығамыз.

1-жүргізуші: Жусип Айгул- Әлемді әрлеген әдемі жаратылыс иелеріне ханзадалар сыйлық дайындаумен жүрген шақта біз осы бір 8 наурыз деген ғажайып мейрамның тарихынан сыр шерте отырайық.

Бүгінде құшақ-құшақ гүл мен сырлы сезімге толы 8 наурыз атты мерейлі мерекенің түбінде нәзік жанды қауымның өз үні мен еселі еңбегі, қайсарлығы мен қажырлы күресі жатыр.

1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.

Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан -Келесі кезек сергіту сәті: біз сіздерге сұрақ қоямыз сіздер жауап берулеріңіз керек.

  1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

1-жүргізуші:

  1. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2-жүргізуші:

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

1-жүргіуші:

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

2-жүргізуші:

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

1-жіргізуші:

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

2-жүргізуші:

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

1-жүргізуші:

8.Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасайсыз?

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан - Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі 8 наурызды әлем халқы түрліше атап өтеді. Бірі еліміздегідей ерекше көңіл бөліп, оларды қуантуға асықса, екіншілері бұл мерекені елемейді. Олай болса, бұл мерекені өзге мемлекеттердің қалай атап өтетінін біле жүріңіздер.

Германия. Неміс халқы 8 наурызда демалмайды. Бұрындары Шығыс Германия бұл мерекені атап өтіп, нәзік жандыларды құттықтайтын. Ал Батыс Германия бұл мереке туралы ештеңе білмейтін. Екі Германия біріккеніменен, 8 наурыз мерекеcі кең көлемде тойланбайды. Германияда мамыр айында «Аналар күні» атап өтіледі. Бұл күні ақ жаулықты аналар мен әжелер үй шаруасынан босатылады.

1-жүргізуші: Жусип Айгул -Польша. Бұл күні поляк ер-азаматтары нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, бәйшешек, қызғалдақ сияқты көктем гүлдерін сыйлайды.

Вьетнам. Әйелдердің мерекесі бұл елде 200 жылдан астам уақыт атап өтіледі. Бұл мереке ертеде «Чынг апалы-сіңлілерін еске алу күні» деп аталатын көрінеді. Чынг апалы-сіңлілер соғыс кезінде вьетнам халқының бостандығы үшін күрескен болатын. Жеңістен соң, оларды еске алу күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне ауысты. Бұл күні әйел азаматтарға игі тілектер айтылып, сый-құрмет көрсетіледі.

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан- Франция.Бұл мерекені орыс тілді аймақтарда тұратын жандар мен коммунистер тойлайды. Француздар «Аналар күнін» мамыр айында, «Әжелер күнін» наурыз айының алғашқы жексенбісінде атап өтеді екен.

Италия.Италия халқы 8 наурыз мерекесіне бейресми мереке болғанына қарамастан, аса мән береді. Алайда, бұл мерекені нәзік жандылар ер азаматтармен қатар атап өтпейді. Италия сылқымдары төл мерекелерін өзара мейрамханалар мен кафелерде тойлап, бір-біріне сый-кәделер тарту етеді. Кешкі уақытта ойын-сауық мекемелеріне әйел азаматтар тегін кіре алады. 1946 жылдан бері бұл мерекенің нышаны мимоза гүлі болып табылады. 8 наурызда әйел азаматтарға сары түсті мимоза гүлдерін сыйлау үлкен дәстүрге айналған.

1-жүргізуші: Жусип Айгул - Кешімізді ойынмен жалғастырамыз.(Сахнаға мұғалімді шақырамыз.)

Ойынның шартын айтсақ, мұғалімдер қолдарына әр-түрлі суреттер салынған парақшаларды ұстайды да, басынан асыра көтеріп, ұстаган бейнелеріне жарнама жасауы керек. Ескертетін жәйт: суретті мұғалімдер көрмеуі керек.

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан - Аруларымызды, ардақтыларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, бірқатар қызықты ойларды ортаға салғымыз келеді.

8 наурыз - әйел заты барлық қошеметке лайық жалғыз күн


1-жүргізуші: Жусип Айгул

8 наурыз - әйелге бағынатын күн

2-жүргізуші:

8 наурыз - әйелмен қоса әлем өзгеретін күн

1-жүргіуші:

8 наурыз - әйел барлық кінәңді кешіретін күн, егер...

2-жүргізуші:

8 наурыз - әйел заты ең бақытты, сондай мейірімді әрі ұрысқақ емес күн.

1-жүргізуші:

8 наурыз - ердің құрығына түсетін күн.

2-жүргізуші:

8 наурыз - қалта тоналатын күн.

1-жүргізуші:

8 наурыз - бір сөзбен айтқанда, ерлердің "күні

2-жүргізуші:

8 наурыз - ерлерге барлық әйел ұнайтын күн.

1-жүргізуші:

8 наурыз - әйелдің тілегі қаралатын күн.

2-жүргізуші:

8 наурыз - ерлердің өтірігіне көнетін күн.

1-жүргізуші:

8 наурыз - жалғыздықты ұмыттыратын жалғыз күн.

2-жүргізуші:

8 наурыз - ақымақ ердің ақылдыдан озатын күні.

1-жүргізуші:

8 наурыз - гүлдердің санына қарай күндерді сатып алатын күн.

2-жүргізуші: Жолдыбай Жасулан - Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі - көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Тәрбие сағатымыздың соңын тосын сыйымызбен, сіздерге арнайы түсірілген видеомен, аяқтаймыз.




© 2010-2022