Қазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағатыҚазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағатыҚазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағатыҚазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағатыҚазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағатыҚазақстан-мәңгілік ел тәрбие сағаты«Қазақстан- Мәңгілік ел!»

Апталықтың ашылуы салтанаты

мақсаты:

Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.

Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

/Б.Тілеухан «Елім менің» әні орындалады/

Қазақ биі 4а сынып оқушылары

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің 24 жылдық мерекесіне арналған «Қазақстан- Мәңгілік ел!» атты апталығымыздың ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Желтоқсанның алауы- Тәуелсіздік жалауы!» атты әдеби-сазды кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші: Ия, бүгін үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр. Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманына жеткен тәрізді. Халықтың тыныс-тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барады.

1 - жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақтан бет алды мәңгілікке!

2 - жүргізуші:

Тәуелсіздік ырысым мен қазынам!
Ол - әсем ән,
Жан тынығар сазынан.
Әнұраным шалқығанда асқақтап
Жаздай жайнап
Құрысымнан жазылам.
Әнұран. («Менің Қазақстаным» - ҚР әнұраны орындалады)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.


1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік - ата - бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған

Тәуелсіздік - ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Олар ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғаған. Сондай-ақ, ел егемендігі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен, қазақтың ұлтжанды жастарының күшімен келгені тарихымызда алтын әріптері мен жазылып қалған.
2 - жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатына кәміл сенді. Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Слайд1 «Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы»

слайд2 «Желтоқсанның белгісіз суреттері»

слайд3 «Желтоқсан -1986»

1 - жүргізуші:

Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн - «желтоқсан оқиғасы».Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.

Оқушылардың әдеби- монтажы

Ортада 2а сыныбы,9а сынып оқушылары

«Алға,Қазақстан» 4а сынып оқушысы Бағланов Сабыржан

2 - жүргізуші:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.

1 - жүргізуші:

Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме

Қазақстан - бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Қазақстан - бүгін міне, достықтың туын тіккен жер:

мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз,

Мәдениет те таң қалдырып, ғылымымыз өрлеуде.

Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,

Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім аршында!

«Елім менің» орындайтын Сейтмұрат Аружан 10 а сынып оқушысы

2 - жүргізуші:

Биылғы жыл дүбірлі тарихи оқиғаларға толы жыл,Қазақ хандығының құрылғанына- 550 жыл,Қазақстан ассамблеясының құрылғанына- 20 жыл,Конституциямызға- 20 жыл.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев 30-қарашада «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» аттыҚазақстан халқына Жолдауын паш етті.

1 - жүргізуші:

Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 140-тан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

2 - жүргізуші:

«Орыс биі» орындайтындар 4а сынып оқушылары

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбіреді көк байрағы.

2 - жүргізуші:

Осы күні сіздерді,

Шын жүректен құттықтаймыз!

Азат елдің білікті, білімді.

Жігерлі азаматы болындар!

Осымен «Желтоқсанның алауы- Тәуелсіздік жалауы!» салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.Сау-саламат болыңыздар.

«Жаса, Қазақстан» орындайтын 6 а сынып оқушысы Сражадин Али



© 2010-2022