Қазақ тілінен бір жауапты тест тапсырмалары

Қазақ тілінен 11-сынып оқушыларына арналған бір жауапты тест тапсырмалар берілген. Тест тапсырмаларының фонетика, морфология, лексика, синтаксис салалары бойынша құрылған. Тест тапсырмасында бес жауап берілгенімен, дұрыс жауабы - біреу. Тест тапсырмалары құрылуына қарай үш қиындықты: А,В,С қиындығы бойынша құрылған.
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

01_01_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Езулік дауыстыларды табыңыз.
А) б, в
В) е, і
С) м, н
D) ү, у
Е) о, ө

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= А

{Учебник}= Қазақ тілі, Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 108-бет

{Класс}= 5

{Четверть}= 3

01_02_Қазақ тілі_қаз


$$$001

Тұйық буынды сөзді табыңыз.
А) ата-баба
В) ас-су
С) ас үй
D) ат-тон
Е) алша

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= А

{Учебник}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 126-бет

{Класс}= 5

{Четверть}= 3


01_03_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

А) Көш басын сәнді түйелі көш бастапты.
В) Көш басында бір топ қыз келеді.
С) Көш соңында ақ лақ келеді.
D) Тілеуімбет осылай айбар шегіп тоқтады.
Е) Ол Мүсірепке иек қақты.

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= В

{Учебник}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 141-бет

{Класс}= 5

{Четверть}= 3



02_01_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Сөйлемнен ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

Сөз де - кілт, көңіл құлпын ашады.
А) сөз
В) кілт
С) көңіл
D) құлпын
Е) ашады

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= А

{Учебник}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 126-бет

{Класс}= 5

{Четверть}= 1

03_01_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Сөйлемнен туынды сөздердің санын табыңыз.

Көктеу - қыстау маңындағы қыртысты, құйқалы қоныс.

А) 5
В) 4
С) 3
D) 2
Е) 6

{Правильный ответ}= А

{Сложность}= В

{Учебник}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 163-бет

{Класс}= 5

{Четверть}= 4

$$$002

Сын есімнен болған қосарлама қос сөзді табыңыз.

А) оқтын-оқтын, құрт-құмырсқа
В) қызыл-жасыл, үлкен-кіші
С) ауыл-аймақ, ыдыс-аяқ
D) абысын-ажын, жақсы-жаман
Е) қазы-қарта, алыс-жақын

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= В

{Учебник}= Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова, 170-бет

{Класс}= 5

{Четверть}= 4



04_01_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Күрделі зат есімдерді табыңыз.

А) Ақпан, бойтұмар
В) Жасұлан, қала
С) Алтынай, ел
D) Отан, ата-ана
Е) Ар-ұждан, Асқар

{Правильный ответ}= Е

{Сложность}= А

{Учебник}= С.Исаев, Қ.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова, 57-бет

{Класс}= 6

{Четверть}= 1

05_02_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Сөйлем мүшелерінің орналасуын табыңыз.

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

А) Бастауыш, анықтауыш, баяндауыш
В) Бастауыш, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш
С) Бастауыш, пысықтауыш, баяндауыш
D) Бастауыш, толықтауыш, баяндауыш
Е) Бастауыш, пысықтауыш, анықтауыш

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= С

{Учебник}= С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова, 53-бет

{Класс}= 8

{Четверть}= 1

05_03_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Лепті сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

А) Іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта жүзеге асқандығын білдіреді.
В) Сұрау есімдіктері мен ма, ме, ба,бе, па, пе, ше шылаулары мен интонация арқылы жасалады.
С) Сөйлемнің ақ, ау, ғой, ай шылауларының қатысуы мен етістік формалары арқылы жасалады.
D) Сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық райының ІІ жақ жекеше, көпше түрі мен ІІІ жақ түрі арқылы жасалады.
Е) Бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= А

{Учебник}= С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова, 20-бет

{Класс}= 8

{Четверть}= 1

$$$002

Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен.
В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
С) Мәуелі ағаш майысқақ.
D) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
Е) Өлеңі де жақсы екен.

{Правильный ответ}= А

{Сложность}= А

{Учебник}= С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова, 41-бет

{Класс}= 8

{Четверть}= 1

05_09_Қазақ тілі_қаз

$$$001

Төл сөздің төлеу сөзге дұрыс айналғанын табыңыз.

- Енді кері қайтуға бола ма? - деп сұрады жауынгерлер.

A) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатынын, болмайтынын сұрады.

B) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатынын сұрады.

C) Жауынгерлер енді кері қайтуға сұранды.

D) Жауынгерлер енді кері кетуге бола ма екенін сұрады.

E) Жауынгерлер енді кері қайтуға болмай ма екенін сұрады.

{Правильный ответ}= А

{Сложность}= В

{Учебник}= С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова, 41-бет

{Класс}= 8

{Четверть}= 1


© 2010-2022