СЫНИ ОЙЛАУ-ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

№ 44 орта мектеп






Тақырыбы: СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ

дайындаған: Абдразахова Қаракөз




2015 жыл.


СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)



Қызылорда облысы
Сырдария ауданы
Қоғалыкөл ауылы
№44 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Абдразахова Қаракөз Өмірзаққызы

Сыни ойлау- ойды шыңдау

КОУЧИНГ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ

Күні: 24.10.2014жыл

Коуч: Қ. Абдразахова

Сабақтың тақырыбы

Сыни ойлау- ойды шыңдау.

Жалпы мақсаты:

- Қатысушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, сын тұрғысынан терең ойланып, философиялық тұжырым жасайды және өз өміріне жарата алатын әдіс -тәсілдерді үйренеді

Оқытуда күтілетін нәтижелер


  1. Қисынды ойлау қабілеті дамиды.;

  2. Сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларға деген қызығушылықтары артады.

  3. Қойылған мақсат,міндеттер қолжетімді болуы керектігін,белгілі бір уақытқа бағынуы керектігін,шынайы болуы керектігін түсінеді.

Дереккөздер


Мұғалімге арналған нұсқаулық-

«күріш өсіру» видеороликтер

«Ынтымақтастық шеңбері» ойыны

Ресурстар

Стикерлер, маркерлер, қағаз, интераткивті тақта, плакат


Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер


Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

уақыт

Бастапқы байланыс

Жағымды ахуал туғызу

Танысу ойыны

8 мин

Топқа бөлу

Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ топқа бөлінеді.

Әріптер сөйлейді

2 мин

Коучингтің тақырыбын негіздеу

Постер қорғау

«Күрішті өсіру»Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісімен байланыстырыңыз.

Осы дан не түйдіңіз?

Постер қорғау

17 мин

Сергіту сәті

«Ынтымақтастық шаңырағы»

10 мин

«Ой толғаныс» кезеңі.

. Психологиялық тест

«Менің бойымдағы қасиет...»

3 мин

Қысқаша рефлексия

- Мені қызықтырған…, - Біз бүгін мына мәселелерді талдадық


"Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,

ойын ойнамағандықтан қартаямыз". Бернард Шоу

Барысы:

1.«Танысу» ойыны
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу меңгеру;
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.

Талқылау:
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталды?
2. несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б

"Әріптер сөйлейді" А,Б , Ж, З, К, Л ,М, Н, О, Р, С, Т

Мақсаты:Әріптестер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.

  • Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?

  • Басы ауырған Науқасқа қандай дәрі берер едіңіз?

  • Алдыңызға келген науқастың көңіл күйін қалай аулайсыз?

  • Денсаулығыңыз қалай?

  • Ауыл тұрғыны өтінішпен келген жағдайда қалай жауап бересіз??

  • Қытайға повышенияға барғыңыз келе ме?

  • коучингтен өзіңізге керекті мағлұмат ала аламын деп ойлайсыз ба?

  • Коучингке не мақсатпен келдіңіз?

  • Коучингте кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?

  • Коучингке немен келдіңіз?

  • Маған айтар ұсынысыңыз…

Топқа бөлу: Алфавиттің алғашқы 4 әріпі І топ , келесі 4 әріп ІІ топ, келесі 4 әріпі ІІІ топқа бөлінеді.

Ой қозғау: Топтық жұмыс дегеніміз не?

2. "Күріш өсіру" Шетелдің ғалымы үш бірдей 2 литрлік банкіге бірдей көлемде су құйып , күріш салып,аузын жауып қояды.Күнделікті сол банкілерге барып бірінші банкіге «Сен қандай кереметсің,сұлусың,адемісің,жақсысың,тамашасың», екінші банкіге «Сен жақсысың,жарайсың», деп үшінші банкіге мүлде көңіл бөлмейді.Бір апта өткеннен кейн банкілерді тексереді.Сонда бірінші банкі құлпырып,жайқалып тұр, екінші банкі орташа қалыпта тұр, ал үшінші банкі мүлде өспей шіріп кеткен.

Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне

байланыстырып постер қорғау.Бағалау:(Екі жұлдыз,бір ұсыныс)

Сергіту сәті

«Ынтымақтастық шаңырағы»

10 мин

Бір-бірлеріне мінездеме беру арқылы сыни көзқарастарының қалыптасуына,логикалық ойлау қабілеттерінің артуына ықпал ету.

Бірін бірі бағалауға және өздерін-өздері бағалауға үйрену

(10 мин)

ІV. «Ойтолғаныс» кезеңі. Психологиялық тест

«Менің бойымдағы қасиет...»

Бірнеше аң-құстар мен жан-жануарлардың (мысық,қасқыр,ит,тышқан,қой,жылқы т.б.) суреттері берілген слайд көрсетіледі. Алдарына кесте берілген.Соның бірінші жолына осылардың ішінен ең ұнайтындарын,екінші жолына азырақ ұнайтындарын, үшінші жолына мүлдем ұнамайтынын жазу керек.

Мәселен:

Мысық-жұмсақтық

Қой-момындық

Аққу-тазалық

Қасқыр-батылдық

Ит-адалдық

Тасбақа-жалқаулық

Қоян-қорқақтық

Тышқан-ұсақтық

Түлкі-қулық

Жылқы- мықтылық

Осыдан кейін мұғалімдерге психологиялық тестің жауабы келтіріледі.

Жоғары жағына жазылған қасиет

Өзімізге жетіспейтін қасиет,біз оны өзіміздің тұла бойымызда арттыруға, жетілдіруге ұмтыламыз.

Екінші жолға жазылған қасиет

Өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді осылайша түйсінеміз.Басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығымызды білдіреді,ел көзіне біз осылайша көрінеміз.

Төменгі жолға жазылған қасиет

Біздің неден қашқақтайтынымызды көрсетеді,біз тұла бойымызды бұл қасиеттен арылтуға тиіспіз.

Расында,Абай атамыз өзінің І қарасөзінде айтқандай: «Күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» дегені еріксіз ойға оралады.Олай болса, өз-өзімізді бағалай білейік, құрметті әріптестер!

Кесте толтырады.Өзінің мінез-құлқын бақылайды,өзіне-өзі есеп береді.

Ең ұнайтыны

Аздап ұнайтыны

Мүлдем ұнамайтыны

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

СЫНИ ОЙЛАУ- ОЙДЫ ШЫҢДАУ (КОУЧИНГ)

Рефлексия

V. "Мені қызықтырған ……..,-Сабақтан алған әсерлеріңізді параққа жазып қалдырыңыздар

Рефлексия жазып қалдырады


РЕФЛЕКСИЯ


Сабақтың кезеңі

Маған үнады, сәтті болды

Мақсатыма жеттім. Дәлелдемем

Менің кемшілігім, сәтті болмады

Мақсатыма жете алмадым.Неге?

Алдағы уақытта көрсетілген кемшілікті болдырмау үшін мен не істеймін?

Кіріспе бөлімі

«Танысу»


















Тұсау кесер бөлімі

Топқа бөлу





















Негізгі бөлімі



Топтық тапсырма





















Қорытынды бөлімі



Психологиялық тест

















Рефлексия











А Б Ж З К Л М Н О Р С Т

Г Ш Л

Е Д И

В П У

Ә Х Ф

Қ Ө Ғ



© 2010-2022