• Преподавателю
  • Другое
  • Жеті модульді кіріктіруде оқушы қалай оқу керектігіне үйрену арқылы танымдык iс-әрекеттiн дамытады

Жеті модульді кіріктіруде оқушы қалай оқу керектігіне үйрену арқылы танымдык iс-әрекеттiн дамытады

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СҚО, Аққайың ауданы, Смирнов №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары білімді, жаңа форматты бірінші санатты мұғалімі: Исмакова Ғалия Серікқызы, еңбек өтілі: 8 жыл



Жеті модульді кіріктіруде оқушы қалай оқу керектігіне үйрену арқылы танымдык iс-әрекеттiн дамытады

Қалай оқу керектігін үйрету - бұл біздің қалай оқып жатқанымыз туралы ойлайтынымызды сезінбейтіндігімізге қарамастан, біздің бүкіл ғұмырымыз бойы санамызда орын алатын үдеріс. Біз уақытымыздың көпшілігін оны қалай оқып- үйреніп жатқынымыздан гөрі, нені оқып-үйреніп жатқынымызға бөлеміз.

Мен мектептегі тәжірибе кезінде 8-сыныпта сабақ өткіздім. Қалай оқыту керектігі модулі өткізілген барлық төрт сабағымнан да көрініс тапты. Мысалы, оқушылардың жоғарыда айтылған метатану үрдісі арқылы түсінуін бірінші, үшінші, төртінші сабақтарда жаңа тақырыпты өткенде мен Блум таксономиясы бойынша бағыт - бағдар ретінде сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылар өздері топта бірлесіп, жұмыс жасап жүзеге асырып, алған білімді түсіну мақсатында бір тапсырма орындады. Алған түсінікті қолдануға жол ашты. Метатану үрдісі арқылы бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін оқушыларда үшінші, төртінші сабақтан байқауға болады. Үшінші сабақта лексикалық тақырып «Елдерге саяхат» тақырыбы бойынша мен алдын ала оларды топқа бөліп, сол тақырып бойынша әр топ берілген елдер туралы біраз мәлімет жинап әкеліңдер деген тапсырма берген болатынмын. Сабақта төрт топ болып жұмыс атқарды және зерттеуге алынған екі оқушы Ф есімді және Р есімді қоса Г есімді бақылаушы тобын құрды. Бұл жерде бұрын менің сабағыма ешқандай қызығушылық танытпайтын Р есімді бақылаушы рөлінде өзін ұсынды. Топ тапсырма орындап жатқанда бақылаушы топ әр топқа барып, сырттай жұмыстарын қадағалап отырды. Осы жерде Р есімді қадағалау, бақылау үрдісі жүзеге асқанын байқауға болады. Топтар жұмыстарын орындап болғаннан кейін, тақтаға кезекпен плакаттарын қорғап шыққасын, бір -бірлерін стиктер арқылы бағалап, бір ұсыныс, бір жұлдызша беріп отырды. Метатану үрдісі бойынша бағалау жүзеге асты. Бірінші сабақта қызығушылық танытпайтын Р есімді үшінші, төртінші сабақтарда ашылып өзін -өзі реттеп, метатату үрдісі бойынша өзгергенін байқауға болады. Бала тапсырманы мұқият талқылауға үйренеді, соңында абстрактілі ойлау мен іштей сөйлеуін пайдалана отырып, өзін толық реттей алады.

  • Джон Флейвелл атты американдық психолог өткен ғасырдың жетпісінші жылдары оқу мен ойлауды дамытудың маңызды аспектісі ретінде метатануды анықтады.

Балалардың өзін-өзі тануы және өзін-өзі оқыту туралы білімін жетілдірумен айналысатындығын көрсетті.

Метатану үрдісінің өзін - өзі реттеу бойынша мен екі оқушы зерттеуге алып, өзін өзі ретту бойынша зерттеу парағын жүргіздім. Сондағы шыққан көрініс төмендегідей:

Нәтижесінде: екі оқушыны салыстыра келе, мен мынаны байқадым. Қазақ тілі сабағына ешқандай қызығушылық танытпайтын Р есімді қалай өзгергенін көруге болады. Р есімді басында жаңа тапсырманы сеніммен орындаса, қазір тапсырманы өздігінен шешкенді ұнатады. Алға басуды бақыламайтын Р есімді, жаңа іс - әрекетті ұсына алады. Сұрақтар қояды және жауаптар ұсынады және ең бастысы құрдастарымен бірлескен жұмысқа қатысады. Ал Ф есімді болса, тек өзімшілдік қабілетін танытатын оқушы топпен бірлескен жұмыс жасау арқылы өзін ғана емес, топты алып шығу нәтижеге жетті.

Егер балалар өмір бойы оқитын болса, мыналарды үйренулері керек:

Зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдер: баланың дербес болып қалыптасуы немесе осы қасиеттерге ие өзіндік реттелген оқушы болып қалыптасу деңгейі, баланың оқушы ретінде қаншалықты табысты болатындығын анықтайтын негізгі элемент болып табылатындығын көрсетті.

Екінші сабағымда жеке оқушылармен жұмыс жасаған кезде сыныптағы оқып - үйрену үрдісіне көбірек көңіл бөлу үшін, мен маршрут картасын енгізуді шештім. Алдын ала бес қағидатты (дайындық, тапқырлық, икемділік, жауапкершілік, рефлексия) негізге ала отырып, сұрақтар дайындадым. сабаққа қандай мақсатпен келдің?, көңіл - күйің қандай? Саған сабаққа керектінің бәрі бар ма? Тақырыпты мұқият оқып, негізгі ережелер мен анықтамаларға сүйеніп, көңіл бөл. Ойлан! Сұрақтарды талқылап, сыныпта ойыңмен бөліс, түсінбеген жағдайда мұғалімнің көмегіне «Жарайсың сен өте тапқыр оқушысың!» деген соңында рефлексия жүргіздім. Картаны сабақтың басында әр оқушының үстеліне қойдым. Оқушылар картаны негізге ала отырып, маған азырақ тәуелді болатынына көз жеткіздім. Маршрут картасы арқылы оқушылар сабақта қалай қарай жүру керектігін, мысалы, берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындау үшін және қандай да бір тапсырмада тұрып қалған жағдайда, берілген тапсырманы түсінбей қалған жағдайда немесе оны одан әрі қалай орындау керек болған жағдайда не істеу керектігін біліп отыруына көп көмегін тигізді. Маршрут картасы балаларға өте ұнады, аялдама арқылы қандай бағытта жүру керек екенін сабақтың басында біліп отырды. Маршрут картасы оқушыда тәуелсіздік сезімін дамыта отырып, өздігінен жұмыс істеуін дамыту, оқушыларды сабақ басталар алдында материалды оқып алуға итермелейді және соған жетелейді. Менің сабағымда маршрут картаның артықшылығы, тиімділігі мол болды. Біріншіден, мұғалімнің уақытын босатады, сыныпта қабілеті төмен немесе қызығушылық танытпайтын оқушыларға көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Екіншіден, маршрут картасы оқушыларды өздігінен жұмыс істей алу жолындағы қолдау және оқушыларға даму мүміндігін берді. Үшіншіден, сабақта оқушыларды тақырыпты меңгеруі жетістігіне жетуге бағытталып қана қоймайды, сонымен қатар, барлық оқушылардың мүмкіндіктері қандай болуына қарамастан табысқа, нәтижеге жете алатындығы. Төртінші сабақта метатану үрдісі бойынша оқу тәжірибесіне қадағалау, бақылау, бағалау жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамыту бойынша көрініс тапты. Бұл сабақта әр топ өзінің топ басшысын сайлап, ол барлық сабақ бойы топтың оқу әрекетін қадағалап, бақылап, бағалап отырды. «Тұрлаусыз мүше». «Толықтауыш» тақырыбы бойынша мен тақтаға сұрақтар бердім. Топ басшылары сұрақтарды негізге ала отырып, оқулықтағы білімді пайдалана отырып өз тобына жаңа тақырыпты түсіндірді. Бұл сабақта топ басшысы жетекші рөл атқарады, тобын тек қадағалап, бақылап отырады және бағалайды, ал қалған топ мүшелері топ басшысы түсіндірген материалды қалай түсінгенін, қалай меңгергенін анықтау мақсатында жауап береді. Сондықтан біз оқушыларды өздігінен, тәуелсіз білім алуға жетелеуіміз керек. Метатану үрдісін меңгерген оқушылар білім беру мен оқытудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең дәрежеде әрекеттеседі, ақыр соңында мұғалімнің қызметін оқушылар өздері атқара алатын болады.

Егер оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда, қызығушылық танытқанда ғана жаңа материалды терең ұғынып меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсақ, сабаққа келген мұғалім оқушы бойында бастапқы сенімділікті, өзіндік ойын айта білуге жол ашуға өз пайымдауын жасауға, әр оқушының нені жақсы көретінін, не істегісі келетінін тұсәнуге жағдай жасау керек. Қалай оқу керектігін үйрету модулі бойынша дарынды, талантты оқушы «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» белгісіз болып көрінеді. Ал оның түбінде таным тұжырымдамасын сыртқа шығару үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ойлау белсенділіктері мен таным әрекеттерін ояту арқылы іске асады. Оқушының бойында таным тұжырымдамасы қалыптасқаннан кейін маттатану үрдісі арқылы қалай бақылау, қадағалау, бағалау және өзгерту керек деген сұрақтар туындау арқылы қалай оқу керектігі жүзеге асады. Бұл өзгеріс байқалғаннан кейін түсіну және оны оқу дағдылары арқылы қалай нәтижелерге жету және оларды бағалау шыңына жетуге болады. Сонда ғана оқушының ішкі дүниесі танылып, қабілеттері шыңдалады.

Бүгінгі таңда, қалай оқу керектігін үйрету бойынша білім алатын оқушы:

  • өзін - өзі ынталандыра алатын оқушы болу;

  • оқуға деген оң көзқарасты дамыту;

оқушы ретінде өздеріне деген оң қарым - қатынасты дамыту.

Егер оқушылар метатану үрдісі сәйкес дербес, тәуелсіз білім алу бойынша жұмыс атқарса, мына нәтижені көруге болады:

  • Оқушы материалды «есте сақтайды» және «түсінеді»

  • Материалды сараптай алады

  • Алған білімді тәжірибемен ұштастыра алады.

  • Оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындайды

  • Бір нәрсені үйрену қажет болған кезде кез келген жағдайда оны іске асыра алады.

  • Қарқынды дамып келе жатқан өмір жағдайында үздіксіз білі алу қажеттілігі арқасында тәуелсіз оқи білу қабілеті шыңдалады.

Мұғалім қалай оқу керектігін үйретеді, ал жеке тұлғаны қалай оқу керектігін үйренеді, Өз бетінше жұмыс істей алатын, білімін жалғастыра алатын, жауапкершілікті түсінетін оқушы өзін -өзі реттеу арқылы ол түсінеді, бақылайды, қадағалайды және өзгертеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, сөз соңында, метатану үрдісі бойынша алынған білім оқушылардың метакогнетивтік қабілеттері жақсарады, өздігінен білім ала алады, танымдылық қабілеттері шыңдалады, өзін - өзі реттеу бойынша өзгерістерді көре алады деген ойым дұрыс болар. Мен болашақта оқушының қалай оқу керектігін үйрету арқылы, қалай оқу керектігіне өз бетінше жұмыс жасай алуына үйренуін, өзін - өзі реттеуіне бағыттауын, талпынуын іс жүзінде көрсетуін алдағы уақытта жоспарлаймын. Ол үшін мен әріптестерімен кеңесе отырып, алған білімімді тереңдетіп, іс жүзінде іске асырамын.



© 2010-2022