Разработка открытого урока на тему Қаазақстан спортшылары

Былтырғы оқу жылында біздің мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қаладағы әріптестеріне ашық сабақтар  көрсеттік.Ашық сабақтар өте жоғары деңгейде өтті.Мен өзім өткізген ашық сабақ  жоспарын  қазақ тілі мұғалімдеріне ұсынып отырмын.Бұл сабақта мен  жаңа технология элементтерін әріптестеріме көрсетуге тырыстым.Сабақтың басында өткізген  оқушылардың шаттық шеңберіндегі  бір-бірлеріне деген  жылы лебіздерінен кейінгі сабақтың барысы  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің  көңі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары.

Сабақтың мақсаты:

1.Спорт тақырыбын жалғастыру.Оқушыларды Қазақстан спортшыларымен таныстыру.

2.Оқылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім әрекеттерін жандандыру.

3.Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,дені сау азамат болуға ,олимпиада жеңімпаздарын мақтан тұтуға үндеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,презентация,бағалау парақтары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң,Жер-Ана!

Қайырлы таң,Отаным!

Қайырлы таң,әлеумет!

Қайырлы таң,достарым!

Қайырлы таң,сіздер!

Сәлем бердік ,біздер!

II.Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру

Сұрақтарға жауап беру

Спорттың қандай түрлерін білесің?

Сен спорттың қандай түрімен айналысасың?

Азиада ойындары Қазақстанда қай жылы өткізілді?

Қазақстанның қандай спортшыларын білесің?

Біздің қаламыздың қандай спортшыларын білесің?

Балалар,бүгінгі жұмысымызды жалғастыру үшін,біз топқа бөлінейік.

(қысқы ойындар,жазғы ойындар,ұлттық ойындар дың суреттері бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп отырады)

«А» столы, «В» столы, «С» столы

Оқушыларға сабақтың тақырыбы айтылады.

Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді ,тақырыпты жазу.

Сабақтың мақсатын анықтап алайық.(оқушылардың көмегімен)

Нені білуіміз керек?

Нені істей алуымыз керек?

Қалай ?

IІІ. Жаңа сабақты меңгерту

«Қарлы кесек» ойыны арқылы тақырыпты меңгерту.

1 топ Ж.Үшкемпіров туралы,2 топ С.Қонақбаев туралы, 3топ Е.Ибраимов туралы мәтіндері бөлініп беріледі.175-176 беттерде.

1 тур. Оқушыларға 10 минут уақыт беріледі.Оқушылар мәтінмен танысады,аударады,қысқаша конспект жасап алады.

2 тур. Столдағы А,В,С әріптері 1,2,3,4 сандарына ауыстырылады.,оқушылар жетондағы номерлер бойынша 1столға А-1,В-1,С-1 ауысып отырады,2 столға А-2,В-2,С-2, 3 столға А-3,В-3,С-3, 4 столға А-4,В-4;С-4 жетондары бар оқушылар отырады.

Бұл топта әркім өз тақырыптарын басқа топтың мүшелеріне түсіндіреді.

3 тур.Столдағы 1,2,3,4 сандары қайтадан А,В,С әріптеріне ауыстырылады.

Оқушылар өз орындарына қайтадан келеді.Енді оқушылар өз араларынан ең жақсы сөйлейтін оқушыны сайлап тақтаның алдында сөйлеуге жібереді.

IV.Бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру

1.Ж.Үшкемпіров қай жылы чемпион атанды?

А.1990ж

В.1980ж

С.2011ж

Д.2013ж

2.С.Қонақбаев қай жылы туды?

А.1959ж.

В.1980ж

С.2000ж

Д.2013ж

3.Е.Ибраимов қай жерде туды?

А.Павлодар

В.Өскемен

С.Жамбыл

Д.Алматы

4.Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

А.2

В.5

С.3

Д.6

5.Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.

А) -ау, -еу

В) -ау, -тан

С) -еу, -інші

Д) -інші, -ыншы

V.Қорытындылау.

Қазақстан спортшыларына арнап жазған Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнін орындау.

Спортшыларға арналған тілектерін жазу

VI.Бағалау.

Бағалау парақтары бойынша оқушылардың білімдерін бағалау.



© 2010-2022