Бағдарлама Абайтану факультативі 8-сыныпқа арналған

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған

«Абайтану» курсының оқу бағдарламасы

Түсінік хат

Абай - биік парасат пен ерекше жаратылыс иесі. Абай өсиет еткен өнер-білім, адамдық, ар жолында талмай іздені керектігін ұға біліп, үлгі етсек келешек ұрпақты тәрбиелеуде мағыналы нәтижелерге де жетер едік. Ұлы ақын өмірі жайлы естеліктерді жарыққа шығарудағы басты мақсат, міндет - осы ұстанымды насихаттау.

Абайдың ағартушылық қызметі, ғылым мен өнерге ерекше мән бергендігі де ол жайлы естеліктерде көп айтылады. Әкесі Құнанбайдың нұсқауымен ел жұмысына ерте араласқан ол өзінен кейінгі інілері мен балаларын оқытуға күш салған.

«Абайтану» курсын оқытудың мақсаты - мектеп оқушыларына Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы, философиясы, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы толық мәлімет беру және ақын туралы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамту болып табылады.

Курсты оқытудың міндеттері:

  1. А.Құнанбайұлының шығармашылығы арқылы жас буынның әдеби қорын кеңейту.

  2. Оқушылардың Абай шығармаларына деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы жаңа ақпаратты жеткізіп, олардың логикаға жүгіну дағдысын қалыптастыру.

«Абайтану» курсының бағдарламасы «Қазақстан Республликасы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде жасалынған.

Күтілетін нәтиже

А.Құнанбайұлы шығармаларының қуаты мен тәлімдік мәнін таниды. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейеді. Абайтану ғылымы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелері жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына ыпқап етеді.

Оқу пәнінің білім мазмұны

8 - сынып

Барлығы - 34 сағат (аптасына - 1 сағат)

Бағдарламадағы материалдарды оқуға - 32 сағат

Шығармашылық жұмыстарға - 2 сағат

Кіріспе. Қазақтың ұлы ақыны - Абай. «Абайтану» курсы туралы түсінік, пәннің мақсат-міндеттері, өзектілігі. Абайды оқыту, түсіндіру, өлеңдері мен нақыл сөздерінің мәнін ашып, елге танутудағы Абайтану ғылымының алға қойған міндеттері.

І тарау. Ақынның өскен ортасы ( 5 сағат)

А.Құнанбайұлы өмір сүрген заман бейнесі. Ақынның арғы тегі, бабалары, өскен ортасы, алған тәрбиесі. Абайдың ел ісіне араласуы, рухани өсіп, толуы.

ІІ тарау.Тұлғасы бөлек дара тұлға (8 сағат)

А.Құнанбайұлы шығармашылығы туралы ғылыми зерттеулер.

ІІІ тарау. Ақын шығармашылығына тағзым ( 7 сағат)

Қазақ әдебиетшілерінің ақын туралы айтқан ой-пікірлері.

ІҮ тарау. Өлеңмен өрнектелген өмір ( 14 сағат).

«Ұялма деген көңіл үшін», «Жапырағы қуарған ескі үмітпен», «Жүрек - теңіз, , қызықтың бәрі - асыл тас», «Домбыраға қол соқпа» , «Қуанбаңдар жастыққа», «Есіңде бар ма жас күнің» өлеңдерінің басты идеясы. Ақынның өлеңдерінің негізгі тақырыбы. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің ерекшелігі

Жиырма бірінші және жиырма алтыншы қарасөздеріндегі мақтану, надандық, ақымақтық қасиеттерінен арылуға байланысты айтылған философиялық ой - тұжырымы.

Қорытынды сабақ ( 1 сағат).



© 2010-2022