Ашық сабақ Жіктеу есімдігінің түрленуі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Жіктеу есімдігінің түрленуі«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін мектеп» КММ




Ашық сабақ


Пән мұғалімі: Шыныбаев Д.К.










2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың жіктеу есімдігінің түрленуі туралы лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер арқылы бекіту.;
ә) Оқушылардың грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.;
б) Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді ардақтауға тәрбиелеу
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық материалдар
Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV.Кітаппен жұмыс

V.Сабақты бекіту

VІ. Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, сабаққа зейінін аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

93- жаттығу.

"Адамгершілік"

Мәтінді оқып шығып, есімдіктерді тауып мағынасына қарай қандай есімдік екенін айту. Мәтіннің тақырыбы неліктен адамгершілік мәселесі болып тұрғанын дәлелдеңдер.

1.Есімдік дегеніміз не?

2.Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

5.Сұрау есімдігі дегеніміз не?

6.Өздік есімдігі дегеніз не?

7.Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?

8.Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?

9.Жалпылау есімдігі дегеніміз не?

Семантикалық карта

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегі кестеден көруге болады:
Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1. ілік барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;
2. жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н - ға айналады;
3. көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында - ы, - і дәнекері пайда болады;
4. барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге - ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
ІV.Кітаппен жұмыс

94-жаттығу

Өлеңді оқып, есімдіктерін табыңдар.Олар есімдіктің қай түрі екенін айтыңдар,түрлену жолдарын түсіндіріңдер

Сатылай комплексті талдау

І қатар сен

ІІ қатар ол

ІІІ қатар біз
. Сергіту сәті
95-жаттығу

Өмір мен өлім туралы. Мәтінді мәнерлеп оқу. Баубек Бұлқышев кім? Батыр жазушы нені өсиет етті? Мәтіннен есімдіктерді тауып, қандай тұлғада келгендігін тауып айтыңдар.

V.Сабақты бекіту

Балама тест

1.Есім сөздердің (зат есім, сын есім,сан есім) орнына жүретін сөз табы есімдік деп атала ма?

2.Есімдік мағынасына қарай жеті топқа бөліне ме?

3.Жіктеу есімдігі септелгенде әріптік өзгеріске ұшырай ма?

4.Мен,сен,сіз,ол,біз,біздер,сендер,сіздер,олар сілтеу есімдігі ме?

5.Жіктеу есімдіктері жіктеле ме?

6.Жіктеу есімдіктері көптеле ме?

7.Сабақтан ойымызға білім түйдік пе?

Үйге тапсырма: 96-жаттығу
Бағалау.

© 2010-2022