ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ - МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ -

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ


Сакиева Манзия Габдолқызы,

Шыңғырлау ОЖББМ-ң математика пәнінің мұғалімі


Бұл мақалада желілік педагогикалық қауымдастықта педагогтар мен мектептер арасында ынтымақтастық орнату арқылы педагог кадрлардың құзырлылығын арттыру мәселелері қарастырылған.

В статье рассматривается введение увеличения сотрудничества между школами и педагогами, согласно сетевой педагогической сообщество педагогов.

Introduction of increasing cooperation between scools according to network educational association of teachers.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, жаңалық ашуы жеке тұлғаның шығармашылық ойлауына байланысты анықталады. Өн­діріс қарқынды даму үшін шикізат, оны өңдейтін техника және тағы басқа жағдайлар қажет. Дегенмен осылардың барлығынан да жоғары тұратын өндірістің негізі - сол шикізатты техникамен өңдейтін, оны дайын өнім түріне келтіретін адамның білім мен біліктілігі.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Себебі ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын - білім. Олай болса, «ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды, мәдениетті, қоғамдық белсенді шығармашылыққа бейімделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау міндеті тұр. Сонымен қатар, ұстаздан тәлім - тәрбие алған бүгінгі жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытатын, үлгі болар азаматтар болуға тиіс. Осындай азаматтарды тәрбиелеу үшін қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген кәсіби шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет.

Соңғы уақытта қазіргі мектептің негізгі проблемасы оқушы емес, мұғалім деген пікірлер көптеп айтылуда. Мұның шындығы да бар. Өз пәні бойынша білімдері таяз немесе білімдері болса да сол білімдерін оқушыларға жеткізе алмайтын, педагогика мен әдістемелік біліктер жайлы хабары аз, технологияларды білмейтіін, тіпті сауаттылық деңгейі сын көтермейтін мамандарды әр мектептен кездестіруге болады. Мұғалімдердің кәсібилігіне, шеберлігі мен шығармашылығы жайындағы осындай мәселелерді шешуде әдістемелік жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан мамандарға әдістемелік тұрғыдан бағыт - бағдар беретін әртүрлі деңгейдегі мекемелердің өз қызметтерін қайта қарап, жаңашылдыққа қарай бетбұрыс жасауы өмір туындатып отырған қажеттіліктердің бірі деуге болады.

Мектептегі әдістемелік жұмыстарындағы мұғалімнің кәсіби дамуына арналған іс -шаралар көбіне бір сарынды баяндама тыңдау, дәстүрлі сабақтармен аралас семинар, яғни біржақты жұмыстармен өтетіні жасырын емес. Іс-шара өткеннен кейін алған ақпараттарын мұғалімдер көбіне әріптестеріне жеткізбей және өз іс-тәжірибелерінде пайдаланбай жататын жайттарда кездесіп жатады. Кейбір жаңашыл әріптестер тарапынан аз да болса өзгерістер де еніп жатыр, бірақ мына ақпарат заманының қарқынды даму кезеңінде бүгінгі біліктілікті арттыру ісінің мақсат - міндеттерін, мазмұнын, технологияларын өзгерту, оны жетілдіру - көкейтесті мәселе болып отыр. Өйткені қандай білім қай деңгейде болмасын білім алушы өзі араласпай тек тыңдаушы болып қана отырып тыңдаумен ғана шектелсе, ол жаңа білімді толыққанды меңгере алмайды. Керісінше, білімді басқалармен өзара белсенді іс -әрекетке түсу арқылы түпкілікті меңгере алатыны талай дәлелденіп отыр. Әрекетте ғана адамның танымдық, шығармашылық және өзін - өзі дамыту қабілеттері дамиды. Сондықтан: «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек», - деп В.А. Сухомлинский айтқанындай мұғалімдерді де әр түрлі іс-шаралардан алған білімдерін өз іс - тәжірибелерінде қолдана білуі керек дегенді мектептердегі әдістемелік қызметті ұйымдастырушылар өзідеріне қағида ретінде қабылдау керек. Осы орайда педагогтардың кәсіби өсуі үшін қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл шынайы жарыс бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра алатындай мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін желілік педагогикалық қауымдастықтар құру қажеттілігі маңызды мәселелердің бірі болып тұр.

Білім беру саласында әлемде болып жатқан өзгерістердің бірі - білім беру желілері. Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.

Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «Білім беру желісіне» мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер». (МАН 51-бет)

Англияның білім беру және дағдылар департаменті (DFES) мектептерде барынша жоғары стандарттарға қол жеткізу тәсілі ретінде білім беру желілерін дамытуды қолдайды. (2004). Білім беру желілілеріне тартылған мектептердің жақын арадағы тәжірибесінің негізінде жасалған DFES есептері (2004 және 2006) бірлесіп жұмыс істейтін мектептер мұғалімдердің кәсіптік деңгейін едәуір көтере алатындығын және балаларды барынша табысты оқытуға ықпал ететінін дәлелдеді. Осылайша білім беру стандарттары жаңа деңгейге көтеріледі. Осы есептерде айтылғандай, білім беру желілеріне біріктірілген мектептерде ынтымақтастық:

  • мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі;

  • оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;

  • жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың икемділігін қамтамасыз ететіндігі;

  • шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдалынылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы;

  • оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалады.

Желілерді құру саяси деңгейде де қолдау тауып отыр. Чапман мен Аспиннің (2004) пікірінше: «Желілер саясатты іске асыру үдерісіне қолдау көрсетеді. Егер біз білім берудегі стандарттарды көтеруді жоспарлап отырсақ, онда бізге саясатты тігінен де көлденеңінен де байланыстыруымыз қажет болады. Желі құру осы байланысты орнату тәсілінің бірі болып табылады. Желі ішінде білім беру саласындағы және қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне және мінез-құлқына реформа енгізетіні мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».

Педагогикалық қауымдастық - бұл желілік құбылыс, кәсіби қызметтеріндегі нақты мәселелерді шешудегі педагогтардың қарым-қатынасы.

Педагогикалық қауымдастық - бұл ашық форма, үздіксіз білімдерін жетілдіруге қабілетті, үнемі құрамы толықтырылып отыратын педагогтардың бірігуі.

Педагогикалық қауымдастықтың мақсаты - кәсіби қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, ынтымақтастық ортасын құру, әр мұғалімге арнаулы көмек көрсету.

Педагогикалық қауымдастық қызмет түрлері:

  • оқыту семинарлары

  • виртаулды коннференция

  • байқау

  • жоба

  • акция

  • шебер сынып

  • түскі семинарлар

  • онлайнға шығу

  • вебсайттар

  • телефон байланыстары

  • келісім-шарт

  • электронды хат алмасулар, жарнамалық андатпалар тарату

  • БАҚ

Желілік педагогикалық қауымдастықтар құру арқылы педагогтардың кәсіби құзырлылығын арттыру мүмкіндіктері мол. Барша оқу-тәрбие үрдісіндегі білім сапасы, тәртіп, ізденушілік, жаңашылдық, креативтілік осы құзырлы педагогтарға барып тоғысады. Бұл қажеттіліктерге толық жауап бере алатын маман ғана бүгінгі әлемдік жаһандану процесіндегі білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін сақтап қала алады. Сондықтан білікті мамандар - бүгінгі күннің ең басты сұранысы болып қала бермек.

Педагогтардың маман ретінде қабілеттілігі мен жетістігі, оның білімінің молдығы ғана емес, жұмыста жинақылығы мен тындырымдылығы, қоғамдық тұрғыда өзгерістер мен жаңалықтар енгізуге әркез әзірлігімен бірге тың шешімдерді қабылдай алуы, нақ осы сәтке қажетті ақпаратты өз бетінше ала білуі және ортада беделділігі, жеке басының жақсы қасиеттеріне де бірден-бір байланысты.

Бүгінгі мектеп алдында тәрбие мен білім беру ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұрғандықтан, әр мұғалім өздігінен емес бірін-бірі үйрету арқылы біріккен ұжымдық қызмет жағдайында білімдерін дамыту керек. Бүгінгі тәрбие және дамыту әдістемелерін терең меңгерген мұғалім, көшбасшылық мәселелерінде білікті болуы тиіс. Көшбасшылардың басқару қызметі әр педогогтың шығармашылығын, тәжірибесін, оның кәсіби қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау және қолдау көрсету бағытында жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күнге дейінгі тәжірибемізде болып келген нақты оқу процесін жүргізіп отырған мұғалімдердің пікірінсіз, сұрауынсыз әдістемелік тұрғысында пайдасыз, жеткілікті нәтиже бермейтін тақырыптар енгізіп, оның арты ешқандай нәтиже бермейтін отырыстарға айналмау үшін, әдістемелік күш-қуаты, дайындық деңгейлері тексерілмеген өзге оқу орындарының іс-жоспарларын пайдаланудың тиімсіз болғандығын ескере отырып, мұғалімнің кәсіби дамуы үшін жүргізілетін әдістемелік шараны «қағазбастылықтың» тасасында қалдырмауды қолға алу керек. Сондықтан педагогтың өз білімін жетілдіру үшін әріптестерімен қарым-қатынаста болуы өте қажет. Педагогикалық қауымдастық мұғалімдерге кез-келген уақытта өзінің әріптестерімен пікір алмасуға көмектеседі.

Педагогикалық қауымдастықтардың дамуына қазіргі таңда әлі де болса кедергілер кездесуде. Біріншіден, ақпарат алғысы келгенімен, өзінің тәжірибелерін жариялағысы келмейтін, екіншіден, кейбір мұғалімдерде айтары болса да, өз-өздеріне сенімсіз қарауы немесе олар кейбір мәселелерді талқылау керек екенін көріп тұрса да, ештеңені өзгертуге болмайды деген түсініктер туады. Осы жерде Пажарестің (1992) мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деген пікірін құптауға болады. Ю.Конаржевский «Менеджмент және мектепішілік басқару» кітабында «Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады» дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.

  1. Адамға құрмет және сенім ұстанымы. Бұл ұстаным оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушыға бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде мыналарға назар аударған жөн.

  • адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;

  • өзара құрмет негізінде сенімділік ахуалды қалыптастыру;

  • адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;

  • бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді барынша дамыту.

  1. «Ынтымақтастық» ұстанымы. Талаптар:

  • адаммен педагогикалық жүйенің пассивті элементі емес, белсенді факторы ретінде санасу;

  • педагогтардың жеке қасиетін білу және ескеру;

  • білім мекемесінде жоғары өнімділікті жұмыстық ахуалды қалыптастыру;

  • педагогтың бойындағы балаларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттілікті, басшылықты, жауапкершілікті бағалау;

  • мамандар тарапынан болатын кез-келген педагогикалық мақсатқа лайықты бастамаларға қолдау көресту, мұқияттылық, көзқарас таныту.

  1. «Тұрақты жаңғырту» ұстанымы. Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиеле әдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек.

Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана педагогикалық қауымдастық нәтижелі болары белгілі.

Егер мектеп алдында әр баланың шығармашылық қабілетін дамыту сияқты әлеуметтік міндет тұрса онда әр мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы да қазіргі таңда сондай қажеттілік. Егер педагогикалық практика әр мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың қажеттілігін сезінсе, онда оның сол сапасын дамытудың жаңа тұжырымдамасы да сол міндеттерге сай болуы тиіс

«Бала-болашағымыз» деп жиі айтып жатамыз. «Бала-болашағымыз» деген сөздің дәлелін осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген Қытай ғұламасы ЛАО - Цзидің мына сөзінен алуға болар : «неге өзендер мен көлдер суды таудан алады. Себебі, олар одан төмен. Төменде жатса да жоғарыдағы жылғалар осы жерге жиналады». Осы сөздің төңірегінде ойланар болсақ, ұлы мұхит дүниенің көп бөлігін алып жатыр, соған жылғалардан бастау алған бұлақтардан су келеді екен. Олар біздің шәкірттеріміз емес пе, оларға ұлы мұхитқа жол сілтеген тау тұлға-мұғалім десек, міндетіміздің соншалықты жауапты екенін түсіне білейік.

Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға барша ұстаздар қауымы ат салысатынына сенемін. Сол сенім бізді алға жетелейді.

Әдебиеттер тізімі:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. І деңгей, 2012.

2.Якушина Е.В. Педагогтарға қандай желілік қауымдастық қажет?-(С)...vio.uchim.info/vio_62/cd_saite (22.09.2014)

3. Б.А. Тұрғынбаева. Ұстаздық шығармашылық, 2007.


© 2010-2022