Баяндама Мұғалімнің шеберлігін арттыру

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің шеберлігін арттыру.


Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі деп бастағым келеді.

Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері - сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.

Сындарлы оқыту нәтижесінде мұғалім мен оқушыда мынадай жетіскендіктерді байқауға болады:

  • Жұмысына қызығушылық танытады;

  • Жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады;

  • Озық ойлы оқушы қалыптастырады;

  • Шығармашылық бағытта жұмыс жасайды;

  • Жеке қабілеттерін айқындап отырады;

  • Әр оқушының ізденімпаздық қабілеті дамиды;

  • Жұпта ,топта бірлесіп жұмыс істей алады;

  • Бір - бірінің сөзін тыңдап , құрметтеуге үйренеді;

  • Оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • Еркін қиялдайды, сергиді.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады:
1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Оқыту мен оқуда ақпараттық-ком-муникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану;
5)Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7) Оқытуды басқару және көшбасшылық.

1-модуль.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Топқа бөліну арқылы жұмыс жасау үстінде

2-модуль.

Сыни тұрғыдан ойлау модулі. Бұл жаңаша әдіс - тәсіл арқылы оқушының өз ойын суреттеу арқылы ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамиды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.

3-модуль.

Оқыту үшін және оқытуды бағалау. Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы.

4-модуль.

Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5 - модуль.

Талантты және дарынды балаларды анықтау. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.

6 - модуль.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

7-модуль. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға -мұғалім.

Мұғалімнің міндеті :

Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады.

Мен сабағымды өзім оқытатын сыныптан бастағанды жөн санадым. 5«Б» сыныбын алдым. Бір сабағымды дәстүрлі оқыту аясында өткіздім.

Баяндама Мұғалімнің шеберлігін арттыру

Баяндама Мұғалімнің шеберлігін арттыру

Өзім түсіндірдім, өзім бағаладым. Бұл сабағым да нашар деп айта алмаймын, оқушылар жақсы түсінді Екінші сабағымды жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы яғни жеті модуль аясында өткіздім. Мен оларға сабақты бастамас бұрын, ең алдымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруымыз керектігін, тапсырманы орындауда өз ойын постерге түсіріп, оны қорғау арқылы орындауға болатындығын айттым, сондықтан бірінші ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алдым. Ең бірінші топқа өзім бөлдім.

  • Ол үшін әр оқушының неге бейім екенін анықтап алу қажет. Бастапқыда оқушылар бір бөлінген топ бойынша отыра берейік дегендері де болды, содан кейін оқушылар өздері бөлгісі келетінін айтып, тіпті топқа ат қойып бөлудің өзіндік мәні бар екенін түсінді.

  • Ережелермен таныстырдым, әркім өз ойын қысылмай ашық жеткізуіне болатындығын ескерттім. Бұл сабақтың ерекшелігі оқушылар өздерін өзі бағалайтындығын, содан соң сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй парақшасына стикерлер арқылы жазып қалдыруына болатындығын түсіндірдім.

Сабақ барысында сыныптағы - психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым. Психологиялық ахуал - сабақтың табысқа жетуіне немесе кері кетуіне әсер етеді. Мен үшін ең тиімді сабақ ол-нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Менің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларға сабақ қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймын.

Сабақты қорыту кезеңінде бағалау критерийлері жазылған парақшалармен бағалау жүргізіледі. Формативті бағалау, сонымен бірге оқушылардың бірін - бірі бағалауы жүрді. Сол арқылы мен өзім жиынтықты бағалау жүргіздім. Зерттеу нәтижесінде оушыларға да ең ұнағаны осы тәсіл болды, себебі оқушылар өз деңгейлерін білді.

Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.

Сөзімді түйіндей келе отырып елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгіңгі мектеп оқушылары.

Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Болашақта оқушыларымның саналы,парасатты және білімді болатына сенемін.







© 2010-2022