«Қазақстандық батырлар» ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандық батырлар» ашық сабақ

Сабақтыңмақсаты:оқушыларға қазақстандық батырлардың ҰОС кезіндегі ерлігін дәріптеу, мәңгілік жадында сақтауға, тағзым етуге баулу, тақырып бойынша тіл дамыт жұмыстарын жүргізу.

  1. Білімділік: ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, зейін, өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, сөздік қорын байыту.

  2. Дамытушылық: оқушылардың теориялық және тілдік дүниетанымдарын кеңейту қисынды ойлау сезімін ояту.

  3. Түзету (коррекциялық): оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қызметтерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

  4. Сабақтың тәрбиелік мәні: оқушыларды Отанын сүюге, мақтан тұтуға ,қастерлеуге баулу; білімділікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, әдептілікке, табиғатты аялап қорғауға , ата-аналарды құрметтеуге, достықты бағалай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, бекіту сабақ, нәтиже сабақ, бақылау сабақ, аралас сабақ, жүйеге келтіру сабағы.

Сабақтың типі: дәстүрлі, дәстүрлі емес.

Сабақта пайдаланатын әдістер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ -жауап, талдау, топтық, жұптық, жеке оқушылармен жұмыс, тест, диктант, сөздікпен жұмыс.

Сабақта пайланатын көрнекіліктер: оқулық, интербелсенді тақта, презентация, суреттер, бейнематериал, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқушылардың дайындығын бақылау, оқушылардың көңіл күйін ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық: Аспанға қарап ай көрдік ,

Төменге қарап жер көрдік,

Оңға , солға бұрылып ,

Егеменді ел көрдік.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сұрақтарға жауап

1) Соғыс аяқталғалы неше жыл болды?

2) Қандай қазақстандық батырларды білесіңдер? Олар кімдер?

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы: Қазақстандық батырлар

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

2. Презентация көрсету

3. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқып, мәнін ұғындыру.

Қима қағаздар таратылады. Отан туралы. 1. Отан оттан да ыстық.

2. Туған жерге туын тік.

Ерлік туралы. 1. Ерлік білекте емес, жүректе. 2 . Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

4. Тәрбиелік сәт. Батырлардың ерлігі мәңгі ұрпақ жадында сақталады.

IV. Бекіту. 1. 2-тапсырма. Көпнүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар.

1) 1. Т.Бигельдинов жасынан ұщқ...ш болуды армандаған. Ол жауға қарсы 305 рет ұшып, сег...з жүзден астам техник...сын істен шығарды.

2) С. Луганский 390 рет жауынгерл...к сапарға ш...ғады. Ол жекпе- жек айқаста жауды... 37 ...шағын атып түсір...ді.

3) И.Ф.Павлов 200ден аса ә...е шабуылына ...атысқан. Ұшқыш, аға ұшқ...ш, звено басқар...шысы, авиация полкінің штурманы дәреж...лерін атқарған.

2. Сөзжұмбақ шешу. Жеңіс күні 70 жыл.


Ж

Е

Т

І


Е

Л


А

Ң



І

С

А

С



К

Ү

Н

Ү

Н

С

А

Н



І

Н

1. Семь 2. Народ 3. Зверь 4. Дело 5. Еда 6. День 7. Звук 8. Число 9.Нора

V. Сабақты қорытындау. Оқушыларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: 145 бет мәнерлеп оқу.

VII. Рефлексия. Балалардың ой-пікірлерін білу.



© 2010-2022