Презентация по казахскаму языку на темуСалалас құрмалас сөйлем

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету;
Ә) Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;
Б) Тәрбиелік: Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді пысықтау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау, ойлау, дәлелдеу.
Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшілермен сұхбаттасу.
3. Сыныпты екі топқа бөлу.

Сабақтың жоспары:
I. Қайталау - білім анасы.
II. Ой қозғау.
III. Сергіту сәті.
IY. Кім жылдам?
Y. Тапқырлар.
YI. Семантикалық картамен жұмыс.
YII. Шағын тест.
YIII. Венн диаграммасы
IX. Қорытындылау.
X. Үйге тапсырма.
ХІ. Бағалау.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
Түсіндірмелі салалас
Қарсылықты салалас
Ы Ыңғайлас салалас
Себеп - салдар салалас
Кезектес салалас
Талғаулы салалас

Қайталау - білім анасы
1. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
2. Жай сөйлем дегеніміз не?
3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
6. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?
7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?
8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
9. Талғаулы салалас дегеніміз не?
10. Кезектес салалас дегеніміз не?

Ой қозғау.
Эпиграф:
"Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез» (Абай)
Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.
Алғырлар:
Кез келген адамның қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсаты болады, сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша,...

Білімпаздар:
Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

Сергіту сәті.
Эпиграф:
"Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.» (Абай)
Өмірлік ұстанымыңды анықта:
Алғырлар:
Қарсылықты салалас:
Ғалым болу - міндет емес,…
Білімпаздар:
Себеп - салдар салалас:
Біз қазақ тілін дамытуымыз керек,
себебі…
Эпиграф:
"Білгенге маржан, білмеске арзан.» (Абай)

Кім жылдам?
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі - жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.
Көз - қорқақ, қол - батыр.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.
Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.

Мақал - сөз мәйегі
Эпиграф:
"Соңғыларға сөзің мен ісің қалсын"
Абай
Алғырлар:
1. Жалғыздың үні шықпас,.................. (жаяудың шаңы шықпас).
2. Қоянды қамыс өлтіреді,................... (жігітті намыс өлтіреді).
3. Жақсы жаныңа жолдас,............................ (жаман малыңа жолдас).
Білімпаздар:
1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,... (төртеу түгел болса төбедегі келеді).
2. Өнерлінің қолы алтын,.......................... (өлеңшінің сөзі алтын).
3. Ат жаманы жолда қалдырар,............ (жолдас жаманы қолда қалдырар).

Тест жұмысы.
Дұрыс жауаптар кілті:
Сұрақ ------1 ---2 ---3-- 4 ---5 ----6 ---7 ---8 ---9 ---10
Жауап -----С ---А--- С --В ---Д ---Е ---Е ---А ---В ----Е

Семантикалық карта
Мағыналық қарым - қатынасына қарай түрлері
Мысалдар
Ыңғайлас салалас
1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.
Себеп - салдар салалас
Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін - өзі бақылай жүруге тиіс... (А. Мак)
Қарсылықты салалас
Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.
Түсіндірмелі салалас
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі - жақсы мінез, екіншісі - жақсы сөз.
Талғаулы салалас
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
Кезектес салалас
Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.

Венн диаграммасы
Салалас - Компоненттері тиянақты тең дәрежеде байланысады. Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады.
Сабақтас - Алғашқы компоненті тиянақсыз. Бағына байланысады. Қосымша арқылы байланысады. Бағыңқы, басыңқы
Екеуі де құрмалас сөйлем. Күрделі ойды білдіреді. Құрылысы жөнінде, мағынасы жөнінде.

Қорытынды:
ТОПТАСТЫРУ

Үй тапсырмасы:
1. 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
2. Көркем шығармадан салаластың түрлеріне екі сөйлемнен жазып келу
Оқушылар білімін бағалау парағы

© 2010-2022