Жер-Ана – ортақ үйіміз. Баяндауыш

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жер-Ана - ортақ үйіміз. Баяндауыш.

Сабақтың мақсаты: «Экология» деген терминнің мағынасын түсініп, «Қасиетті іс» деген мәтінді оқып,мазмұнын түсініп, негізгі ойын тауып, пікірлесу. Баяндауышпен таныстырып, жаттықтыру.Сауатты оқу, ойлау,пікір айту,диалог құрып сөйлеу тілін дамыту, сөзқорын байыту. Туған жерін сүюге баулу, табиғатын қорғауға, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: карта, глобус., таблица.

Сабақтың әдісі: оқу, сөйлесу , пікір айту, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып.

Сабақтың барысы:

Сабақтың ұраны: Тұнса жердің топырағы,

Тасы асыл,

Астықты елім,

Шарықтайсың,

Тасасың,

Бәрін сен де сынап көрдің,

Ал енді

Сынауларға тыйым салу

жасасын!

(О.Сүлейменов. «Жапан дала жабайы».)

Сабақтың әдісі: оқу, сөйлесу , пікір айту, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. 1. Диалог. Ауа райы болжамы. (а)

2. 3.1.-тапсырма. 43 бет.

3. 417 - тақырып. 47 бет. «Экология» тақырыбына

берілген диалогты аяқтаңдар

Сабақтың әдісі: оқу, сөйлесу , пікір айту, сын тұрғысынан ойлау.

ІІІ. 1. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық. 3.6.-тапсырма. 44 бет. Жауапты толықтырыңдар.

Аяқталған бір ғана ойды білдіретін сөйлемді ... дейді. .....

2. 412 -тапсырма. 45 бет. Сөйлемдерді оқып, баяндауышты табыңдар, сұрақ қойындар.

Экология, алдымен, адамның өзінен басталады. ( етістік, не істейді, бір сөзден тұрады) ....

ІҮ. 1. Таблицамен жұмыс.

- Баяндауыш нені білдіреді?

- Қандай сұрақтарға жауап береді?

- Баяндауыш қандай болады?

2.Экология деген сөз қандай ассоциация туғызады?

- Экология -

/ /

Жер шары, апаттар, ауа райы, адам, жан - жануарлар, Қызыл кітап, денсаулық.....

/

Жер сілкіну, су тасқыны, өрт, ядролық қарудың зардабы, .....

/ / / /

Китай Германия, Польша

  • Экология деген не? Япония 30 жыл , Қазақстан

- Бұл термин қашан пайда болған?

  • Бұл терминді алғаш кім енгізген? Түсініктеме 45 бет.

2. Пікірлесу.

  • Қазіргі кезде жер шарының экологиясы қандай?

  • Ол неге байланысты?

  • Экологиялық апат аймақтарын білесіңдер ме? Карта мен глобуста көрсетіңдер.

  • Экологияны дұрыстау үшін не істеу керек?

  • Жерді неге ортақ үйіміз дейміз?

2. Мәтін «Қасиетті іс» түсініп оқып, негізгі ойын табыңдар.

4. 416 - тапсырма. 47 бет. Берілген орысша сөйлемдердің баламасын мәтіннен табыңдар.

1. 415 - тапсырма. 46 бет. Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырыңдар.

Адам баласы табиғатты қорғауға тиіс. Біз бұлақтардың көзін аштық.

Су мол болса, астық та мол болады. Көк шөпті таптауға болмайды. Ата - бабаларымыз табиғатқа жанашарлықпен қараған.

2.Өздік жұмыс. 413 -тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтап, дұрыстап жазыңдар.

Мәтінмен жұмыс. Баяндауыш.

417 - тақырып. 47 бет. «Экология» тақырыбына берілген диалогты аяқтаңдар.

3. Жеке жұмыс.

Тұрлаулы мүшелерді тауып, талдаңдар.

Қазақ халқы егемендік алды.Ол өз ата-анасын құрметтейді. Біз Отанымызды мақтан тұтамыз. Берілген сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерін тауып, оның түрін және қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.

Қазақстанда әр түрлі халық өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Бүгінгі Қазақстан - дамыған ел.

4. Ережемен танысу.

-Ғаламшар деңгейіндегі маңызды мәселені атаңдар? (экология, табиғат,...

-Ол неге маңызды болып саналады?

- Экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарды білесіңдер ме?

- Балалар, бүгін біз Жер-Ана -біздің ортақ үйіміз. «Тіршілік көзі -Жер-Ана» деген тақырыпты әңгімелейміз.

Топтастыру. «Жер-Ана дегенде қандай сөздер ойға келеді?

Тәуелсіз, үйіміз, тіршілік, аялау, Жер-Ана, сынақ, полигон, ядролық қару

Мұғалім. Бұрыңғы кеңес үкіметі кезінде үш сынақ полигоны болған. Соның ең үлкені -Семей сынақ полигоны.

-Балалар, Семей Қазақстанның қай облысында орналасқан?

- Қазіргі Шығыс Қазақстан.

-Бұнда қандай дана адамдар дүниеге келген?

- Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов.

-Семей полигонында бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні жарылған.

«Барлығы 456 жарылыс өткізілген. 1989 жылы «Невада -Семей» қоғамдық қозғалыс басталды. Бұл қозғалыстың жетекшісі болған -белгілі ақын, қоғам қайраткері» (Олжас Сүлейменов).

Жер-Ана жылымасын. Түртіп оқу әдісі. +білемін. * жаңа ұғым, * білгім келеді.

  • Бұл мәтіннен қандай мағлұмат алдыңдар?

  • Не таныс болып шықты?

  • Қандай жаңа ұғым алдыңдар.

  • Не жайында білгілерін келеді?

5. Сандарды сөйлет.

29.08.1949 ж. - Семей полигонында 1-ші бомба жарылды.

456- барлығы жарылыс өткізіліпті.

19.10. 1989 ж. -ақырғы сынақ күні.

1989 ж ақпан айында - «Невада -Семей» қоғамдық қозғалысы басталды.

19 - 1989 ж дүние жүзі бойынша жарылыс болған.

3 - Семейде , 5 - КСРО - да, 2 - Қытайда, 7- АҚШ - та.

6. Негізгі ойы қандай?

Сөйлемдегі сызықша неге қойылғанын түсіндіріңдер.

Жер-Ана - біздің ортақ үйіміз, тіршілік етіп отырған ғаламшарымыз. Ол бізді асырап отыр.Барлық тіршіліктің көзі - Жер-Ана. Бүгінде жерімізге төніп тұрған үлкен қауіптің бірі - ядролық жарылыстар. Біз Жер - Ана жыламаса екен дейміз. Бұл бүкіл ғаламшар адамдарының ойы.

Ү. Бекіту.

1. 425 - тапсырма. 49 бет. Даналық сөздерді оқыңдар. Осы ойларға қатысты өз пікірлеріңді айтыңдар.

2. Өздік жұмыс. 422 - жаттығу. 48 бет.Баяндауыш неден жасалады?

426 - тапсырма. 48-49 бет. Қате құрылған сөйлемдерді дұрыстап жазыңдар.

Олжас Омарұлы. Сүлейменов - «Невада -Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының президенті, Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік, Бүкіодақтық Ленин комсомолы, Қазақстан комсомолы сыйлықтарының лауреаты, әлемге әйгілі қайраткер, қазақ ақыны.

-Неге О. Сүлейменов сынауларға тыйым салу үшін күрескен?

- Ядролық сынаулар, жарылыстар тағда қай жерлерде, қашан өткізілген, адамдар оның зардабың шегіп жатыр ма? Қалайша?

- «Сынауларға тыйым салу жасасын» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

Үй жұмысы.

«Жер -Ана жыламасын» мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

Жеке жұмыс. * «Невада -Семей тақырыбына реферат жазу.




© 2010-2022