Дамыған тұлғаны қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыстану

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Маршал Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы Дуйшова Гулбаршын математика информатика пәні мұғалімі


Коучинг тақырыбы:

Дамыған тұлғаны қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыстану

Жалпы мақсаты

Тұлғадағы қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету; оқушының шығармашылық мүмкіндігін анықтау;дарынды балаларға практикалық көмек көрсету; пәндерді таңдауын,жеке кеңес беруді енгізу

Іс- әрекеті

Ұйымдастыру. Топқа бөлу.Қатысушылардың зейінін аудару.

Топтық жұмыс

Сілтеме

слайд, ,видео жазбалар, дайындалған карточкалар парағы, интернет, МАН

Оқыту нәтижелері

Өз ойларын еркін сыни тұрғыдан ойлай отырып, жеткізе және талдай алады. Тақырыптың мазмұны мен идеясын аша алады.Қатысушының белсенділігін көтереді.Бір-біріне кеңес береді,алдарына мақсат қояды.Бір-бірін шыдамдылықпен тыңдайды.

Аутотренинг

«Саяхаттау» сергіту сәті, топқа бөлу

Тапсырмалар

Ұйымдастыру: амандасу, қатысушыларды төрт топқа бөлу үшін, жыл мезгілімен төртке бөлемін.

Аутотренинг. Қағаз бетіне үш үш дөңгелек салыңыздар.Өткен шақтағы оқиғаны және келешекте тілейтін 2 оқиғаны табыңыз.

Осы жоспарды жүзеге асыру үшін сен не істеуің керек? Өз жоспарыңды жүзеге асыруда саған не кедергі болады?

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», - деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі заман мұғалімнен өз пәнінің білгірі емес, саяси экономикалық білімділікті, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді. Қабілетті балалар шапшаң, тез ойлайтын, түсінігі өте жоғары, сезімтал,түйсігі ерте дамыған, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.Осындай балалармен жұмыс жасауда әр мұғалім шығармашыл болуы керек.

Топтық жұмыс Шағын топ ішінде бір-бірімен жазғандарын бөліседі, білгендерін толықтырады, проблемаларды анықтайды және кластер құрып қорғайды.

1-тапсырма.

Ойланатын тапсырмаларды шешу кезеңдерін қалай орналастыруға болады? (өсу реті бойынша орналастырыңыз)

  • іс-әрекет пен қорытынды рефлексиясы

  • болжамдарды тексеру

  • болжамдардың құрлымы

  • проблемалық жағдайды түсіну

2-тапсырма.

Тапсырманы ойша шығармашылықпен шешуді қалай іске асырар едіңіз? ( схема құрастырыңыз)

Проблемалық жағдайлар-ойлау-(анализ-синтез-салыстыру-қорыту)-ойлау нәтижесі - (пікір-ұғым-ой қорытындысы)


Аутотренинг

«Әуе шары» тренинг

Кері байланыс

1)Рефлексия

Сабақ тақырыбы бойынша не үйрендіңіздер және өз сабақтарыңызда қалай қолданасыздар?

Тақатадағы осы сұрақтарға жауапты түрлі-түсті стикерлерге жазып, айта отырып іледі



© 2010-2022