Қазақ тілінен сабақ жоспары Тоқсандық қайталау ( 9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты: өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.

2.Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту.

3.Тәрбиелік: Білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін тиянақтайды, Сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыра біледі,өз ойларын толық жеткізе алады.

Сабақтың түрі: Жалпылау сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ .

Сабақтың әдісі: СТО, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.

Көрнекілігі:, мәтін, сәйкестендіру парақтары, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Cәлеметсіздер ме, балалар?

- Қазір бізде қандай сабақ?

- Аптаның қай күні?

Психологиялық тренинг.

Психологиялық ахуал. «Амандасамыз» 3 мин
Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.
Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір - бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, амандасу, қолмен..., көзбен, иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен.

2.Топқа бөлу. Мақалдар арқылы: білім, тағамдар туралы

Өмір - үлкен мектеп.

.Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Бағалау парақтарын тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Эссе «Менің мектебім»

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыбын анықтау. СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.

1-тапсырма. Диалог құру:

  1. Ұлттық тағамдар

  2. Отбасы

2-тапсырма. Сәйкестендіру

Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.

Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет

Где пища водится, там болезнь не заводится.

Ынтымақты үйдің асы тәтті

Когда в семье лад, все вкусно подряд

Ат -адамның қанаты, ас-адамның қуаты

Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет

. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

В гостях у друга и воду подадут - пей.

Ас- иесімен тәтті

Конь -крылья человека, а в хлебе-его сила

3-тапсырма. Дұрыс, бұрыс

  1. Баянауыл-Қазақстан швейцариясы

  2. Тобыл-ұлттық хоккей командасы

  3. Қымыз-сүт тағамы

  4. Спорт денсаулыққа пайдалы.

  5. Мектеп-теңіз, білім-кеме

4-тапсырма. Септеулік және жалғаулық шылаулармен сөйлем құру.2 сөйлем

5-тапсырма. Постер

«Біздің болашақ мектебіміз». Болашақта біздің мектеп қандай болады? Мектеп қандай болсын деп қалайсыздар?Қазір біз сіздермен болашақтағы мектептің жобасын құрастырамыз.(Болашақ мектебінің суретін салып қорғау).

Менің болашақтағы мектебім

Менің болашақтағы мектебім өте әдемі болады. Ол мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта,әр оқушыда компьютер болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілттенеді.

ІҮ. Бағалау.

Критериялары: «5» - 20-24 балл.

«4» -12 -19 балл

«3» 8-11- балл.

Ү. Рефлексия. «Даналық ағашы»Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып «Білім ағашына» іледі.

ҮІ. Мектеп,білім туралы мақалдар жаттау.



© 2010-2022