Баяндама Мұғалімнің кәсіби шеберлігі

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шиелі ауданы № 252 Г.Н.Ковтунов атындағы орта мектеп





Баяндама

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі педагогикалық жүйенің жемісі





















Орындаған:

Тілеубергенқызы П.

Физика пәнінің мұғалімі



2015 жыл



Мұғалімнің кәсіби шеберлігі педагогикалық жүйенің жемісі



Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана-сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Бұл міндетті шешуде ҚР аумағында 2010 жылдан бастап білім берудің мемлекеттік стандарттарының қайтадан жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейіне сай білім алуының талап етілуі, білім беру үдерісінің өзекті мәселесінің бірі. Ол үшін бүгінгі таңда оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, оқыту үдерісіндегі педагогикалық озық технологияларды тиімді қолдануды және мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптарды күшейте отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен формаларын ұтымды ұйымдастыруды жетік меңгере білгенде ғана өз шешімін таппақ[1]..

Осы тұрғыда ең бірінші «мұғалім дегеніміз кім?» деген сұраққа жауап алатын болсақ.

Баяндама Мұғалімнің кәсіби шеберлігі





Менің ойымша мұғалімнің бойында осы қасиеттердің барлығы болса, мұғалім оқушыларына толыққанды білім береді.

Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамда қажетті де осындай ұстаздар[2]..

Бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз [3].

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады.

«Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздырақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады (Цицерон)». Мұғалімнің білімі жоғары болғанымен, шәкіртке ең бірінші керегі - тәрбие. «Тәрбиесіз берілген білім, болшаққа қойылған қауіп» Ұлы ұстазымыз Ы.Алтынсарин сөзі бойынша, ең бірінші оқушының тәрбиесі, алатын орны, өмірінің маңызы және қызызушылығы мен алға қойған мақсаты болу керектігін ұғынамыз. Сонда ғана оқушының білімге деген ынтасы мен жігері артады. Мұғалімде өзінің шеберлігін осы тұрғыда дамытуы қажет деп ойлаймын [4].

Әр пән өздігінше қиындығы болғанымен, сонымен қатар қызушылық танытантындай қырлары болады. Мұғалімнің шеберлігі оқушылардың назарын өз пәніне аударту арқылы байқалады. Бірақ оқушылар көп, ойы басқа, таңдауы басқа. Әр оқушы әртүрлі пәнмен қызығады. Бұл тұрғыда мұғалімнің өзін-өзі дамыту процесі жүреді. Оқушының қай пәнмен қызығатынын біліп, сол пән мен өзінің маман пәні бойынша пәнаралық байланысты орнатып, оқушының ынтасын артыруға болады. Мысалы, физика мен әдебиет пәндерінің пәнаралық байланысын қарастыратын болсақ, М. Мақатаевтың тіршіліктің тірегі табиғат құбылыстарын физикалық құбылыстарын физикалық заңдылықтармен үндестіре отырып жырлағанын еске алған жөн. Осы тұрғыда алғанда Мұқағали жыр шұмақтарын өз сабағыма арқау ете отырып, көптен пайдаланып келе жатқанымды айтқым келеді.

Ей, табиғат, шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің берерсің.

Ұланғайыр бұлағымды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің!

Айың - анау, Күнің - анау, Жерің - мынау.

Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де! - деп ағынан жарылады. Бұл шумақты бір сөзбен айтқанда, табиғатсыз адамдардың өмір сүре алмайтындығы айтылса, физика әлем кеңістігі қоршап тұрған материя екендігі, сонымен бірге, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен тығыз байланыста екенін: Күннің Жермен байланысын, жерге шыққан шөптердің, ағаштардың адам қажетіне жарауын, яғни табиғатта басы артық дүние жоқ екендігін, біріне-бірі мұқтаж, бір - біріне керек екендігі жырланғанын түсіндіремін. Сөйтіп, табиғатқа адамгершілік тұрғыдан қарым - қатынас жасаудың маңызды екеніне тоқталамын. Осылайша оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Жалпы мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасы аумағындағы орналасқан жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндіріп қана қоймай әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге бүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интрекактивті тақтаны тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Бүндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы баланың ой жүйелері толастай түсуге мүмкіндік туады. Демек, мұғалімнің техникалық құралдары арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып, мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқытуда мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптаструдың негіздері. Монография. Түркістан-2011.

2 Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері) Монография. Түркістан.

3 Қоянбаев Р. Педагогика. Алматы., 1997 ж.

4 Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2003 ж. №6.



© 2010-2022