«Асыл жеңгем, әз жеңгем, Кім бар сізге тең келген»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 06.03.15ж

Тақырыбы: «Асыл жеңгем, әз жеңгем,

Кім бар сізге тең келген»

Мақсаты: Отбасындағы қолайлы ахуал, сыйластық, өзгеге деген достық сезімдер, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу. Ұлтқа тән жақсы қасиеттер қалыптастыру.

Түрі: сайыс

Күтілетін нәтиже: Мектептен отбасылық байланыс орнату, белгіленген мақсатқа жету.

Керекті жабдықтар: тақырып бойынша тапсырмалар, бейне баян, сурет - сызбалар.

Жоспары:

  • «Ізгі тілек, ақ ниет» (амандасу, топтың таныстыруы)

  • «Татулық - біздің отбасының басты бейнесі» (отбасы туралы 1 күндік бейнефильм)

  • «Қалауын тапса ,қар жанар» (салт - дәстүрге байланысты сұрақтар)

  • «Өнерлінің өрісі кең» (өнер көрсету)

  • Менің жеңгем мықты аспаз (ұлттық тағам түрлерін даярлау)

  • «Жерлесіммен мақтанам» (Қадыр ақынның 2 өлеңін нақышына келтіріп, жатқа оқу)

  • Қорытынды «Ана туралы» әнмен (музыкалық аспаптың сүймелдеуімен)

Әділ - қазы алқалары:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Тамара Мәлікқызы

Әлеуметтік педагог: Ляззат Батаевна

Бәре де ана бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. - дей келе мектебіміздің барлық аяулы ұстаздары мен сүйкімді қыздарымыздың, асыл жеңгелерімізді көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектерінізге жеміс, отбасыларынызға құт - береке, бастарыңызға амандық тілеймін.

І. «Ізгі тілек, ақ ниет» (топтар өз тобының аты таныстырып, көпшілікпен амандасды)

ІІ. «Татулық - біздің отбасының басты бейнесі» (отбасы туралы 1 күндік бейнефильм)

ІІІ. «Қалауын тапса ,қар жанар» (салт - дәстүрге байланысты сұрақтар)

1 топқа

  1. Кереге мен шаңырақты ұштастыратын ағаш (уық)

  2. Абайдың жеңгелері қойған есімі (Телғара)

  3. «Бақытсыз Жамал» романының авторы (М.Дулатов)

  4. Ұлдар атқа мінер кезде нағашылары беретін арнайы сый (ер тұрман)

  5. 7 жоқты ата (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреу жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.)

  6. Топай дегеніміз не? (сиырдың асығы)

  7. Безбен дегеніміз не? (заттың салмағын өлшейтін қол таразы)

  8. Арасынан қыл өтпеу тіркесінің мағыанасы (өте тату)

2 топқа.

  1. Даңғара, ұран, үскірік ненің атаулары (музыкалық аспаптар)

  2. Абылайдың шын есімі (Әбілмансұр)

  3. «Диуани хикмет» кімнің еңбегі (Ахмет Иассауи)

  4. Жігіттің үш жұртын ата (өз жұрты, нағашы жүрт, қайын жұрт)

  5. Жеті жұтты аты (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

  6. Құлжаз дегеніміз не? (құлжаның асығы)

  7. Шымшуыр дегеніміз не? (оттың шоғын алатын құрал)

  8. Бармағын тістеді тіркесінің мағынасы (алдаңды)

3топқа

1. киім кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық (абдыра)

2. Түркістан қаласы қалай аталды (Иассы)

3. «Қамар сұлу» романының авторы кім? (С. Торайғыров)

4. жеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

5. ешкімер дегеніміз не (ешкінің асығы)

6. күбі дегеніміз не? (май түсіруге арналған құрал)

7. аңыз бойынша Асанқайғы қайда дүние салды? (Ұлытау)

8.

ІУ. Қазақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі,

Кестелеген жиегін,

Кең даланың гүлдері

Камзол кием қынай бел

Толған ою өрнекке

Билесін деп сұрайды ел

Өнерімді көрмекке - дей келе келесі бөліміміз

«Өнерлінің өрісі кең» (өз қалаулары бойынша өнер көрсетеді, ән, би, күй)

У. «Менің жеңгем мықты аспаз» (ұлттық тағам түрлерін даярлау)

/қазақтың бір ұлттық тағамын даярлап, құрамымен, жасалу жолдарымен таныстырып,әділқазыларға таныстыру/

УІ. «Жерлесіммен мақтанам» (Қадыр ақынның 2 өлеңін нақышына келтіріп, жатқа оқу)

УІІ. Қорытынды «Ана туралы» әнмен (музыкалық аспаптың сүймелдеуімен)











Жалпы білім беретін Абай орта мектеп - балабақшасы«Асыл жеңгем, әз жеңгем, Кім бар сізге тең келген»






«Асыл жеңгем, әз жеңгем,

Кім бар сізге тең келген»

(9 - 11 сынып қыздарымен жеңгелер сайысы)










Ұйымдастырушылар:

Л.Б. Қарғабаева

Э.М. Габдуллина

















2014 - 2015 оқу жылы









© 2010-2022