Дара және күрделі сөздерді қолдану

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 6 «А»сынып

Сабақтың тақырыбы : Дара және күрделі сөздерді қолдану.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушылардың теориялық білімдерін тиянақтау, сауаттылықарын арттыру.

ә) Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

а) Тәрбиелілік: оқушыларды білімділікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ түрі: бекіту.

Сабақ көрнекілігі: дидактиклық материалдар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушылар тізімін тексеру, оқушылар

назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара және күрделі .

- Дара сөздер дегеніміз не?

- Күрделі сөздер дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Дара және күрделі сөздерді қолдану.

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады:

Біріккен сөздер: ақсақал, итмұрын,Темірқазық.

Қос сөздер: бет-аузы,кезек-кезек,тез-тез.

Қысқарған сөздер: БҰҰ,ҚХР, АҚШ.

Тіркесті сөздер: жүз он, қара ала.

Ақсақал,итмұрын,Темірқазық сөздерді жазып,әрқайысысының мағыналарын ажыратуда олардың синонимдерін табыңыздар. Ақсақал сөзі-қарт-кәрі-үлкен кісі.Итмұрын-өсімдік атауы.Темірқазық-жұлдыздың атауы. Енді осы сөздердің қалай жасалып тұрғанын аңғарып көріңіздерші, бұл сөздердің екі түбірден құралып,бір ұғымның атауы болып тұрғаны мынадай жолмен нақтылана түседі.Мысалы: ақсақал (ақ сақал),Темірқазық

( темір қазық), итмұрын (ит мұрын)деген құрамдардан бірігіп,олар бірге жазылып тұр.

Енді осы сөздерді сөз тіркесі құрамында сөйлем ішінде қолданып көрейік. Мысалы:

Ақсақалды қарияға жолықтым. Итті темірқазыққа байлап қойды. Енді осы сөйлемдер-

дегі ақ сақал -қандай? темір-қандай? деген сұрақтарға жауап береді,бұл сөздер жеке сөйлем мүшесінде жұмсалып тұрған жеке сөздер.

Біріккен сөздер кем деген екі не үш түбірлі сөздерден бірігіп,жаңа бір ұғым тудырады.

Мысалы: Мақтарал (жер аты), қырықаяқ (жәндік), Екібастұз (қала аты).

Қос сөздер күрделі сөздердің бір түрі. Қос сөздер қайталама қос сөздер,қосарлама қос

сөздер болып екіге бөлінеді. Мысалы: Ол бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртіп,зеңбі-

ректі тез-тез атады. (Ғ.Мүсірепов). Бет-аузы деген қос сөз қандай сөдерден жасалып тұр?

Бет және ауыз деген екі сөздің қосарланып тұрғаны анықталады.

Ал кезек-кезек, тез-тез деген сөздер қалай жасалған? Бұл сөздер екі түбірдің екі рет қайталануы арқылы жасалып тұр.

Қысқарған сөздердің ішінен оқушыларға таныс сөздерді талдату. АҚШ,МАЙ,БҰҰ.

Тіркесті сөздер-екі я одан да көп сөздердің тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Мысалы: жүз он, бидай өңді,қырық тоғыз.

IV. Сабақты бекіту.

-Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?

( Біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер).

- Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?

( Сөздер құрамы жағынан екіге бөлінеді дара сөздер және күрделі сөздер болып.)

V. Сабақты қорыту.

.- Қысқарған сөздер дегеніміз не?

- Біріккен сөздер дегеніміз не?

- Қос сөздер дегеніміз не?

- Тіркесті сөздер дегеніміз не ?

VI. Үйге тапсырма: ереже қайталау. Күрделі сөздерге мысал жаз.

VII.Оқушы білімін бағалау.



© 2010-2022