Дүкенге барамын сауда жасаймын. Ақша модулінен өткенді қайталау 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүкенге барамын сауда жасаймын. Ақша модулінен өткенді қайталау 6 сыныпДүкенге барамын сауда жасаймын. Ақша модулінен өткенді қайталау 6 сынып

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ "АХМЕР ОРТА МЕКТЕБІ" КММ

Тақырыбы :



Пән мұғалімі : Н.Т.Кияшова

Өткізілген сынып : 6 "В"

Өскемен қаласы, 2013 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы : Дүкенге барамын сауда жасаймын. Ақша модулінен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін тексере отырып, тиянақтау, қорытындылау,теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін, шапшаңдығын дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айта білуге, ойларын ауызша және жазбаша жеткізуге дағдыландыру.;

Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа, мәдениеттілікке, шындамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: қайталау сабағы

Әдісі: модульдік технология.

Әдіс-тәсілдері: топты, жекелей жұмыстар

Көрнекілігі: қима-қағаздар, текше (кубик), интерактивті тақта, плакат, түрлі-түсті маркер, қоржын, асық, бағалау парақшалары

Пәнаралық байланыс : математика, әдебиет

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу.

ә)Түгендеу.

б)Оқу құрал- жабдықтарын қадағалау.

ІІ. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сынып 2- топқа бөлінеді, әр топта 5-оқушы.

«Бақытты сәт» ойынының мақсатымен, шартымен таныстыру.

  1. Әр топ өзін таныстырады ( Әр топтан 5 баладан қатысады. Топтың аты, ұраны, төс белгісі (эмблемасы), жетекшісі болу қажет)

  2. "Мені танисың ба?"дыбыстық сайыс ойыны

  3. "Кім жылдам?" сайыс ойыны

  4. «Жарыса сөйлем құрайық» сайыс ойыны

  5. "Тапқыр" сайыс ойыны

  6. "Жұмбақ шешу - ермегіміз жалықпас" сайыс ойыны

  7. Мақал-мәтелді толықтыр

  8. "Дұрыс па, бұрыс па?" сайыс ойыны

  9. "Ғажайып қоржын" сайыс ойыны

  10. «Білгірлер» сайыс ойыны


  1. Әр топ өзін таныстырады

  2. "Мені танисың ба?"дыбыстық сайыс ойыны

Әр бетінде қазақ әріптері жазылған алты қырлы текше (кубик) айналдырылады. Ойыншыға қарсы қай әріп түссе, сол әріптен басталатын 5 сөз айтылуы керек. (Ә,Қ,Ғ,Ұ,Ү,Ө)

  1. "Кім жылдам?" сайыс ойыны

Мына сызбада бір мақал жасырынған, соны табыңыздар. Бұл есепті көбейту кестесін қолдана отырып қана шеше аласыңдар. Есептегі жасырынған сөйлемді табу үшін алдымен жеке әріптерді тауып алып, оларды құрастыру керек. Мысалы, 5 санымен жасырынған әріпті табу үшін, көбейтіндісі 5-ке тең болатын екі санды іздеу керек. Сол екі санның көлденеңі мен тігінен түйіскен торкөзіндегі әріп іздеген әрпің болады. Қалғандарын да сол жолмен іздеу керек. Сонда белгілі бір тақырыптағы мақал - мәтелді оқисыңдар. Оның мағынасын түсіндіріңдер.

1

2

3

6

3

С

Д

Қ

Ж

4

А

У

Ы

Ү

5

О

Ғ

Т

Р

7

М

Й

І

Е

1

2

3

4

5

Т

Е

Г

Ң

6

И

Ы

Ө

Р

7

Н

С

Е

А



  1. 5 10 20 15 10 5 6 12 7 7 28 7 18 14 10 24

  2. 3 4 8 6 4 10 4 6 5 3 15 12 9 18 24 30 7 42 14 6 21

  1. «Жарыса сөйлем құрайық» сайыс ойыны

Берілген сурет бойынша 2 топ плакатқа сөйлем құрап, жылдам, әрі дұрыс сөйлем құрау керек.

Дүкенге барамын сауда жасаймын. Ақша модулінен өткенді қайталау 6 сынып

  1. "Тапқыр" сайыс ойыны

Конверттегі сұрақтарға жауап беріңдер

  1. Қазақ тілінде неше жалғау бар? ата

  2. Дүкен түрлерін атаңдар?

  3. Зат есім дегеніміз не?

  4. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  5. Азық түлік дүкенінде не сатылады?

  6. Киім дүкенінде не сатылады?

  7. ҚР-ның валютасы ол

  8. ҚР-сының Ұлттық валютасы қашан қабылданды?

  9. Қалам, өшіргіш, дәптер, сызғыш, бояу қандай дүкенде сатылады?

  10. Тауардың бағасын қалай сұраймыз?


  1. "Жұмбақ шешу - ермегіміз жалықпас" сайыс ойыны

Әр топ қазақ тілінде дайындап келген 4 жұмбақтарын кезек-кезек қарсыластарына жасырады (оқу-білім, аң -құс тақырыбында)

  1. Мақал-мәтелді толықтыр

Мақалды толықтырып, сол сөзге морфологиялық талдау жасаңдар

Отан ... да ыстық. ( Оттан - неден? Зат есім, дара, негізгі, жалпы, деректі, ғаламзат түбірі - от, -тан -ш.с.)

Туған жерге ... тік.(ту)

Туған жердің ... де ыстық, ... де ыстық. (күн, түн)


  1. "Дұрыс па, бұрыс па?" сайыс ойыны

Әр топтан бір ойыншы қатысады. Дұрыс болса - қызыл, бұрыс болса - сары қағазды көтереді.

  1. Нан, май, ірімшік, тоқаш сатылатын дүкен - киім дүкені.

  2. Доп, қуыршақ бұлар ойыншық дүкенінде сатылады.

  3. Заттың санын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.

  4. Дүкенде дәрігер жұмыс істейді.

  5. Қазақстанның валютасы - теңге.

  6. Зат есім қандай? қай? сұрақтарына жауап береді.

  7. Әжем кеңсе дүкенінен шалбар, жейде, көйлек сатып алды.

  8. Киім дүкенінде алма, дәптер, сүт, кітап, ойыншықтар сатылады?

  9. Қазақ тілінде 4 жалғау бар.

  10. Кітапхана, емхана, мектеп бұлар дүкеннің түрлері.



  1. "Ғажайып қоржын" сайыс ойыны

Топбасшылары қоржыннан асық таңдау арқылы жауап береді

  1. Буынның қандай түрлері бар?

  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  3. Сан есім дегеніміз не?

  4. "Магазин" сөзін қазақ тіліне аудар

  5. «Астана» сөзіне морфологиялық талдау жаса

  6. Қазақ тілінде неше септік бар? Ата

  7. Оқушы сөзінде жекеше түрде жіктеңіз

  8. Өз атыңды септе

  9. Зат есім туралы әңгімеле

  10. Кітап сөзін жекеше түрде тәуелдеңіз

  1. «Білгірлер» сайыс ойыны (екі топ бір-бірінің жауап парақшаларын тексереді)

  1. ҚР-сының Ұлттық валютасы қашан қабылданды?

А) 1992ж Ә) 1993ж Б) 1995

  1. Азық-түлік дүкенінде не сатылады?

А) кітап, дәптер Ә) кәсе, шәугім Б) май, тоқаш

  1. «Теңге» қай елдің ұлттық валютасы?

А) Қазақстанның Ә) Ресейдің Б) Германияның

  1. Дүкенде кім жұмыс істейді?

А) жүргізуші Ә) сатушы Б) аспаз

  1. Зат есімді анықта

А) оқушы Ә) ақылды Б) жиырма бір

  1. Дұрыс тіркескен сөзді анықта

А) менің дүкенім Ә) мен дүкен Б) мені дүкенім

  1. Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөз табын анықтаңдар

А) зат есім Ә) етістік Б) сан есім

  1. Қағаз, қарындаш, бояу, күнделік бұлар қай дүкенде сатылады?

А) киім дүкенінде Ә) кеңсе дүкенінде Б) жиһаз дүкенінде

  1. Септікте тұрған сөзді анықта

А) дәрігер Ә) дүкенде Б) оқушылар

  1. Ыдыс дүкенінде

А) ыдыс-аяқ сатылады Ә) киім сатылады? Б) ойыншықтар сатылады?



ІІІ Бағалау

Бағалау парақшасы бойынша бағаланады.( Сабақтың басында беріледі. Әр топ бір-бірін бағалайды)

оқушылар

Танысу



1

"Мені танисың ба?"дыбыстық сайыс ойыны



2

"Кім жылдам?" сайыс ойыны



3

«Жарыса сөйлем құрайық» сайыс ойыны

4

"Тапқыр" сайыс ойыны

5

"Жұмбақ шешу - ермегіміз жалықпас" сайыс ойыны

6

Мақал-мәтелді толықтыр

7

"Дұрыс па, бұрыс па?" сайыс ойыны

8

"Ғажайып қоржын" сайыс ойыны

9

«Білгірлер» сайыс ойыны

10

1



2



3



4



5



IV Қорытынды.

Рефлексия: Сонымен сабақты қортындылаймыз.

  • Дүкен туралы не білдік?

  • Қандай түрлері бар?

  • Дүкенге не үшін барамыз?

  • Қандай дүкенге жиі барасыздар?

  • Дүкенде жұмыс істейтін адамды кім дейміз?

Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сабақ маған ұнады, өйткені...

Сабақ маған ұнамады. өйткені...

V Үй жұмысы: қайталау

© 2010-2022