Ата - аналар жиналысы туралы бірер ой

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектептегі ата-аналар конференциясы туралы бірер ой.

Ақкөл орта мектебінде мектепішілік ата -аналар жиналысының конференциясы өткізілді. Конференцияға ата-аналар ерекше көңіл күймен келді.Мектеп,ата-ана,мұғалім бір-бірімен ынтымақтастықта,бірлікте жұмыс атқаруда.Жиналысты мектеп директоры Жайықпаев М.М ата-аналарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап,жиналыстың өтілу күн тәртібімен таныстырып кетті.Оқу ісінің меңгерушісі Киселенко Л.С.қатысушыларды оқушылардың білім сапасымен таныстырып өтті.Ұстаздар мен оқушылардың жыл бойы жеткен жетістіктерін айтып өтті. Әр сыныптың білім сапасы мониторинг түрінде тақтадан көрсетіліп отырды.Ғылыми жоба бойынша физика пәнінен жүлделі орын алған Сяутилас Ю 8 сынып және Убоженко В 10 сынып оқушылардың ата-аналары мектеп өміріне елеулі үлес қосқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.Сол сияқты пәндер бойынша аудандық олимпиадада жүлделі 2-3 орын алған оқушылардың ата-аналары да мақтау қағазымен марапатталды.

Тәрбие ісінің меңгерушілері Маштиева Б.З,Алимбетова У.С тәрбие жөніндегі жұмыстары бойынша өз есептерін беріп,ата-аналарға арналған бейнероликтер көрсетті. Мектеп кітапханашысы Габдуллина Л.С оқушылардың кітаппен толық қамтылғандығын айтып,әр сынып бойынша ақпарат беріп өтті. Мектеп медбикесі Мерживинская С.Я балалар уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұратындығы туралы айтып,басты байлығымыз денсаулықты күте білуге шақырды.Мектеп психологы Кулакова О.М ата-аналарға өз есебін беріп,соңын бейнероликпен қорытындылады.Патриоттық тәрбие бойынша Алдажанов Ш.О өз есебін презентациямен қорытындылап, атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Шаруашылық меңгерушісі Житниковский Н.В мектеп жылумен толықтай қамтамасыз етілгендігі туралы мәлімет берді.Сол сияқты Зеренді ішкі істер бөлімінен жасөспірімдермен жұмыс атқаратын Аубакиров ата-аналарға көптеген ақпарат берді. Әр есеп берушіден кейін мектеп оқушылары ата-аналар алдында өз өнерлерін көрсетті.Конференциядан кейін ата-аналар мектеп мұражайын тамашалады. Ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп,жылы лебіздерін білдірді.

Ақкөл орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Калабаева Айгүл Аманжолқызы.


© 2010-2022