Ертегілер әлеміне саяхат

Максаты : Балаларғаертегілержайлытүсінікберу. Ертегілердіңкейіпкерлеріжайлыөлеңтақпақтарынсұрау, ормандағыкейіпкерлерқандайертегіденекенінсұрау. Ертегікейіпкерлеріжайлықысқашасурау.Көрнекіліктер : Топтыңішінертегігесайбезендіру. Орманныңбейнесінжасау. Балаларғабатперделердайындап, ертегігесайойыншықтарменсуреттерқойю.Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар өте жақсы амандастыңдар, ендеше балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдеме? Балалар : - Иә жақсы көреміз. Тәрбиеші: - Қандай ертегілерді жақсы көресі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегілер әлеміне саяхат
Максаты : Балаларға ертегілер жайлы түсінік беру. Ертегілердің кейіпкерлері жайлы өлең тақпақтарын сұрау, ормандағы кейіпкерлер қандай ертегіден екенін сұрау. Ертегі кейіпкерлері жайлы қысқаша сурау.
Көрнекіліктер : Топтың ішін ертегіге сай безендіру. Орманның бейнесін жасау. Балаларға батперделер дайындап, ертегіге сай ойыншықтармен суреттер қойю.

Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн !
Армысын көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысыңдарма менің достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Жылуыма жылу қос!
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар өте жақсы амандастыңдар, ендеше балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдеме?
Балалар : - Иә жақсы көреміз.
Тәрбиеші: - Қандай ертегілерді жақсы көресіңдер?
Балалар : - «Шалқан», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық», « Дос іздеген бота», «Жеті лақ» жәнеде тағысын көптеген ертегілерді білеміз.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар , ендеше бүгін біз ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Сендердің ертегілер әлеміне барғыларың келеме?
Балалар : - Иә барғымыз келеді.
Тәрбиеші: - Балалар ендеше қалаған батперделерімізді киіп, саяхатқа жөнелейік. Балалар жан-жағымызға қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?
Балалар :- Қасқыр, түлкі , ата- әже, ешкі мен оның лақтарын, қыздарды және әртүрлі ертегі кейіпкерлерін көріп отырмыз.
Тәрбиеші: - Иә балалар өте дұрыс айтасыңдар , ал осы ертегідегі аңдар туралы тақпақтар білесіңдерме?
Қасқыр.
Қаңғырамын , үйім жоқ,
Ауылдардың иті жоқ.
Ұрлық, зорлық кәсібім,
Тамақтанар несібім.
(Бекнұр).
Түлкі.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?
( Жанбота).
Аю.
Тәтті көрсе бассалар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен болып жасқанар,
Кіп-кішкене арадан.
(Мансұр).
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар , қасқырмен лақтар қандай ертегіде ойнайды?
Балалар :-« Жеті лақ» ертегісінде ойнайды. (Балалар ертегінің мазмұнын қысқаша айтып береді.
Тәрбиеші: Ендеше балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Қараңдаршы балалар бір мысықпен қыз ұрысып жатыр екен, олар қандай ертегіден екен, кім біледі?
Балалар : « Мақта қыз бен мысық» ертегісінен. ( Бағнұр ертегіні қысқаша айтып береді).
Тәрбиешімен балалар топтың барлық жерлеріндегі ертегі кейіпкерлерін танып, оны талдап тақпақтары болса айтып береді.




© 2010-2022