Доклад и урок по Кембриджской технологии

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айтмухамбетова Раушан Кентайовна

ШҚО Өскемен қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Доклад и урок по Кембриджской технологии

Кембридж тәсілімен болашаққа жеті қадам.

Жай мұғалім - хабарлайды,

Жақсы мұғалім - түсіндіреді.

Керемет мұғалім - көрсетеді,

Ұлы мұғалім - шабыттандырады.

Уильям УОРД.



Мұғалім білімі өз арнасымен ұзақ жолға шыққан өзенге ұқсайды. Өзен өмір бақи қозғалыста болып алға жылжумен ол өзінің тазалығын, мөлдірлігін сақтаса, мұғалім жетістігі де бір орынында тұрып қалмай үнемі ізденісті, қозғалысты, үздіксіз дамуды қажет ететін мамандық.

Семей қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында өткен ІІІ (негізгі) деңгей курсының тыңдаушысы болуым маған жаңалық көздері мен білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін үйренуге жол ашты. Келешек ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуде бұл алған біліміміз өте қажет. Біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін менің кәсіби тәжірибем шыңдалу үстінде. Оқушылардың да сабаққа қызығушылықтары арта түсуде.argaiv1488Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндеріне сенімді, сыни пікір-көзқарастары, жүйелі оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мұнда басты ескерілетін жағдай оқушыларға білім алуда оқытудың түрі өзгеретіндігін, олардың сабаққа басқа түрде жауап беріп, өзгеше дайындалуы қажет екендігін түсіндіруден бастадым. Оқушыларды күнделікті сабақтардың бір-біріне ұқсамай өтетіні, өз жұмыстарын белгілі өлшемдер бойынша бағалауы қызықтырды. Әр күнгі өткізілетін тренингтер балалардың көңіл күйлеріне оң әсерін берді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топпен жұмыс ережелерін сақтаудың маңыздылығын сезінді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. Тәжірибе ата-аналар тарапынан да қолдау тапты. Әр сабаққа дайындық барысында курста үйренген әдіс-тәсілдерімді кірістіре отырып, тапсырмаларды түрлендіруге тырысамын. Оқушыларға білім алуға мүмкіндік жасалса, оған жауапкершілікпен қарауға қабілеттіліктерін, жеке тұлға екендіктерін сезінеді.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру - бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан "Мендік" пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Сондықтан, Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгеруде "Педагогикалық шеберлік орталығымен" порталға шығып, байланысты үзбеуге тырысамын.

Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірбиесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау.Cондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.

Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.

Ол өзіндік жеті модульден тұрды:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық;

Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.

Екінші қадамым бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар топтамасына енгізу бағытында орын алды.Бар модулді бір сабаққа кірістіру мүмкін емес,сондықтан бір сабақта кемінде үш-төртеуін кірістіруге тырысамын.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Бұл балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. .Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға аламыз.Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой-пікірді жүйелеу амалы қарастырылады.

Сын тұрғысынан ойлау. Стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып,оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз ойларын анық жеткізуге,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске баулып,естіп,көріп,білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйретуді көздейді.

Әр уақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей,оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету,жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастады.Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастады.Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп,кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау -білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші.

Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін,мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қолданамын.Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ,сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол - мұғалімнің өз шеберлігі.Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалауын ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым-өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам.Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды.Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандым. Бұл - оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау - оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе.Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін,нені дамыту қажет екендігін,қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. Оқытуда АҚТ-ны пайдалану.Ол арқылы сабақты тиімді өткізуге болады.АҚТ туралы білім,оларды ақпаратты алу,бағалау,сақтау,өндіру,ұсыну,алмасу үшін қолдану және интернет желісінде бірлескен жұмысқа пайдалануға тиімді.

Талантты және дарынды балаларды оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше мәнмен қаралады.Олардың өздері де сабаққа ынталы келеді.Оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырады.Біреулері ойын ашық түрде жеткізе алса,екіншілері өлең арқылы,суреттеу арқылы білдіріп отырады.

Білім беру мен басқару және көшбасшылық.

Бұл мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.

Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдала-ну, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтарымен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші,ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды.Ал оқушылар ізденуші,зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,өзіндік пікір айтуға,саналы шешім қабылдауға бағытталады.

Жалпы қорыта айтқанда,аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді,оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі,әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Яғни,оқушы өз ой - пікірін ашық еркін айтады, ,бір-бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса,тиімді болатындығын айтуға болады.

Педагогикадағы жаңалықтардың бірі - оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. «Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру» курсының да мақсаты да осыны көздейді. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушы үшін де оң нәтиже беруі тиіс.
Үшінші негізгі деңгейдің курсын аяқтағалы бері өзімнің алдымызда тұрған жаңа білім реформасының қатысушысы ретінде жауапкершілігімнің жоғарлағанын түсіндім.
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы - айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы - сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз - баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.
Оқыту дегеніміз - баланы субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылса, қызықтыру, зейініне әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жаңа технологиясын қарастыру (қалай оқыту керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақсатты өз бетінше шеше алатын жағдайға жеткенде ғана субъектілік орын алады.
Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп жұмыстануды қажет етеді.
Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз - жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі - тренинг. Тренинг оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақтарымда осындай тренингтерді өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер берді және ең бастысы, оларға ұнады. Мысалы, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингісін ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сыйластық танытты. Сабақ басталарда оқушылар тарапынан «бүгін қандай тренинг өткізесіз?», «бүгін топқа қалай бөлінеміз?» деген сұрақтарды есту маған жақсы көңіл-күй сыйлап, өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті.
Топтық жұмыс - бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.
Ал сыни тұрғысынан ойлау - креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО-ды ойлануды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның нәтижесінде оқушыларда қызығушылық арта түсті. Әр сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, түсіндіріп отыруға тырыстым. Бұл - менің тәжірибемде енгізген ең басты жаңалық болды.
Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс-әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім - нұсқаушы, оқушы - ізденуші екендігі айқындалды.
Сабақтарда жұппен жұмыс, топпен жұмыс және жеке жұмыстар жасалса, сынып бөлмесінде топ ережесі және рефлексия жазатын бұрыштар жасақталып, парталардың орналасуында өзгерістер болды және оқушыларымның өз сөздерін «Менің пікірім былай», «Менің ойымша...» деп бастауларын талап еттім.
Жоғарыдағы талаптардың орындалуын ескере отырып, сабақтың төрт кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім.
Мысалы, бір сабағымның кіріспе бөлімінде үй тапсырмасын «Конверт-сұрақ» әдісімен қайталау, тұсаукесер бөлімінде «Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?» әдісімен ой қозғау, негізгі бөлімде топтарға тапсырма беру

( плакат бет арқылы, слайд арқылы, радиоға қоңырау шалу арқылы түсіндіру), компьютерде маршруттық карта арқылы «Қай жұп шапшаң» ойыны арқылы есептер шығарту, қорытынды бөлімінде (Тест А-3,В-2, С-1) стратегияларды қолданудың тиімділігін анықтадым. Сонымен қатар, диалог арқылы сыни ойлауды дамыту іске асты. Себебі мәтін есептерді шығаруда оқушылардың жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы әңгімелесуі диалог арқылы орындалды.
Құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс - тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті.

Сондықтан да мен, бұл бағдарламаны барлық ұстаздар меңгеріп, барлық мектептерде қолдау тауып, тиімді қолданылуы керек деп ойлаймын. Инновациялық оқыту - сапалы білім берудің кепілі екеніне көзім жетті.



© 2010-2022