Тәрбие сағаты. Әлем таныған Президент

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Әлем таныған Президент»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, слайд, көрініс.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер, балалар!

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Қазақстандықтар бұл мерекені биыл үшінші рет атап өтеді. Былтыр ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшаң-теңіз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалады.

Фариза: ( Асылбек Енсеповтың күйі ойнап тұрады)

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққу ұшып қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртының назарын аудартыпты. Бақыт деген құстан «Қайда барып тұрақтайсың?» десе «Ынтымағы жарасқан елге» деген екен.

Бұл қандай ел деп ойлайсыңдар?

Тәрбие сағаты. Әлем таныған Президент

Жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын!

Ендеше бүгін біздер «Әлем таныған Президент» атты мерекелік іс-шарамызды бастайық

Ең алдымен коммуналды мемлекеттік мекемесі «Солоновка орта мектебінің» директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жанна Александровнаға сөз беріледі.

Көрініс:

Таңертеңгі шайдың кезі

Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)

Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Тәрбие сағаты. Әлем таныған Президент

Жүргізуші: Анасы баласына ақ батасын беріпті. Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

Видео қарау. Келесі кезекте бала Сұлтан жайлы видео ролик ұсынамын.

Жүргізуші: Ендігі кезекте ел президенті Н.Назарбаевтың өмір жолына қысқаша тоқтала кетсек.

1 бала:

Елбасымыз Н.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған аулында дүниеге келді. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепте жақсы оқып, білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2 бала:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрлысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-бала:

Иә, Нұрсұлтан Назарбаев балалық шақпен қоштасып үлкен өмірге қадам басты. Құрыштай қайнаған Қарағанды металлургия заутында жұмыс істеді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-бала:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алады.
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
• 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР - ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды, "Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды.

5-бала «Елбасы отбасымен»
Жұбайы - Сара Алпысқызы - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға - саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы;
Динара - Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия - бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Жасай берсін қалаулысы халықтың!

Кіндік қаны тамған жерін әр адам,

Аялайды шығармастан санадан.

Елбасымыз халық таңдап, қалаған,

Туған елін тағдырына балаған.

Бағыт тауып, тура бастау ел көшін -

Ауыр жүк-ау, емес пе бір ерге сын.

Жігерлі жас жаңылмады жолынан

Отан-Ана ақ батасын бергесін.

Жас қыранның қияларға жетті үні,

Серпіні зор, қуаты мол екпіні.

Халық айтқан тұлғасына тәнті боп:

"Батаменен ер көгерер!" деп мұны.

Туған Отан аялады баласын,

(Баласынан танығаны-ау данасын).

Елжандының жүрегі де өзге ғой

Ұялайтын ерекше бір жарасым.

Уақыт оны шынықтырды, шыңдады,

Кемел болды топ жаратын, тұлғалы.

Кемеңгердің қасиетін берді оған

Жас жігерді алаулатқан жылдары.

Әр жүрекке сәуле шашып, нұр берер,

Ол - кемеңгер, ол - Елбасы, бір кемел.

Көшті бастап осындай ер тұрғасын

Қазақстан болды әлемде іргелі ел.

Адымымыз қарышты әрі алып тым,

Шоқтығы да биік бүгін әр ұлттың.

Елімізді бұл бақытқа кенелткен

Жасай берсін қалаулысы халықтың!

Алтынай:

Қуанышың арта берсін ағайын!

Қуан қазақ!

Қуанатын шақ бүгін,

Ел көгінде қалықтады шаттық үн.

Астымызда мейірленіп жұмыр жер,

Төбемізде шапағатын шашты күн.

Тартты заман абыройлы алға сын-

Деп еліміз қатарынан қалмасын.

Қуан,қазақ!

Өз қалауың орнында,

Әділ билік тапты қайта жалғасын!

Дайырхан:

Оңға бұрып уақыттың безбені,

Тамсандырдың, таңдандырдың өзгені.

Алты алаштың көш басында келесің.

Қуан, қазақ

Қуанатын кез келді!

Орындалды бабалардың арманы,

Айқын бүгін болашағың алдағы.

Еркебұлан:

Қуан қазақ,

Құдіретіңе бас иді,

Мұхиттардың бер жағы мен ар жағы

Имандылық дүниенің тірегі,

Имандының адал, таза жүрегі.

Халқымызды осы жолға бастаған,

О, Нұреке, тұлғаң неткен ірі еді!

Өзің аштың тәуелсіздік есігін,

Дұрыс болды болжамдарың, шешімің.

Жоғарыда айтылғанның бәрімен,

Байланысты мәртебелі есімің!

Алмаз:

Баурластық,

Ұлтаралық келісім,

Тыныштықтың кепілі ғой ел үшін.

Абыройың аса берсін Нұраға!

Құтты болсын бұл тарихи жемісің!

Әділеттен ауытқымай бір елі,

Қабыл болды халқымыздың тілегі.

О, Нұреке, жүрегіңмен өзіңнің,

Бірге соқты дүйім елдің жүрегі!

1 бала: Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты елхалқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды.

«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған. Онда: «...Қазақстан индустриялық-инновациялық елге айналуы керек» деген. Яғни, Қазақстан өзге елдердің тек шикізат шығаратын аймағы ғана болып қалмай, әлемде теңдессіз мол жер байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз қажеттігі де айтылған.

2 бала: Қазақстанның сыртқы саясатында да Президенттің үлесі үлкен, еңбегі ерен. ТМД-ның негізін салуға, осы аяда Кеңестер Одағының шекпенінен кеше ғана азаттық алып шыққан бұрынғы «бауырластарды» басын қайта қосуға ерекше тер төкті. Саяси, экономикалық, мәдени интеграция құруға арналған көптеген бастама-жобалардың авторы болды

Ғасырға бергісіз жиырма екі жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды.Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты.Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Қытайдың, Ресейдің,

Өзбекстанның Жоғарғы заң шығарушы органдарында тиісті ратификациядан өтті, заңды күшіне енді.

Тәрбие сағаты. Әлем таныған ПрезидентТәрбие сағаты. Әлем таныған Президент

«Блиц турнир» ( отырған балаларға викториналық сұрақтар қою)

1. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

2. Қай жылы ұлттық валютамыз шықты? 1993 ж. 15 қараша

3.Біздің мемлекетіміздің басты заңы? Конституция

4.Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімі кім? Әлжан

5. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? 1992 жылы 4 маусым

6. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? 1995 жылы 30 тамыз

7. Қазақстанның шығыстағы көршісі Қытай

8. Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14 облыс

9. 2010 жылғы Азия ойындары Қазақстанның қай қалаларында болды? Астана-Алматы

10. 2006жылы "Менің Қазақстаным" әнінің сөзіне өзгеріс енгізіп, мемлекеттік әнұран деп жариялаған кім? Нұрсұлтан Назарбаев

Жүргізуші: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз,елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев - Қазақстанның символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын деп бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.

Ән. « Көк тудың желбірегені»

Кітаптар көрмесі: Кітаптар көрмесімен таныстырылып, кітаптар жайлы қысқаша мәліметтер беріледі

Тәрбие сағаты. Әлем таныған ПрезидентТәрбие сағаты. Әлем таныған Президент

.

© 2010-2022