Ақпарат құралдары тақырыбына ашық сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып Қазақ тілі

Қысқа мерзімді жоспарлау

Сабақтың тақырыбы

Ақпарат құралдары

Мақсаты

Ақпарат құралдарының түрлері және олардың адамзатқа қаншалықты дәрежеде қызмет атқаратындығын түсіну, сондай-ақ қазіргі кезде ғаламтордың неге радионы ығыстырып шығарғандығы жайлы білу

Күтілетін нәтижелері

Ақпарат құралдары мен олардың қызметтері туралы толық білім алатын болады

Негізгі дереккөздер

Оқулық, ғаламтор материалдары, теледидар бағдарламаларынан үзінді

Сабақтың барысы

5 мин.

Амандасу

Сыныпты түгендеу

Сынып тазалығын тексеру

Паззлдармен топқа бөлу

5 мин.

Өткен грамматикалық тақырыпты қайталау

Интербелсенді тақтада етіс жұрнақтары жалғанған он шақты етістік жазылып қойылады. Оқушылар оларды оқып қайсысының қай етіс түрі екенін анықтайды, сөздерді аударады

5 мин.

Мұғалім ақпарат құралдарының түрлерін атап беруді сұрайды

Тақтаға алдын ала жазылған ақпарат түрлерін шығарып қайсысының қолданылуы жөнінде нешінші орында тұрғанын анықтайды.

5 мин.

Мәтінмен жұмыс

Үш топқа газет, теледидар және ғаламтор жайлы мәтіндер беріледі және аудару сұралады.

1 мәтін.

Журнал - мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал - «Айқап» 1911 - 15 ж. аралығында жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.

Көмекші сөздер:

Мерзімді басылым - периодические издания

Салыстырғанда - по сравнению

Баяндау - излагать

Деректер - сведения

Тереңірек - глубже

Талдау жасайды - анализирует

Орнығу - укрепление

2 мәтін.

Қазіргі кезде теледидарды әр үйден табуға болады. Сондықтан өз отбасыңызбен көретін телебағдарламаларды жоспарлап қойған дұрыс. Экраны үлкен теледидарды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көру керек. Ал сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қазіргі теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. Мынаны есте сақтаңдар: 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиялық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспағаны маңызды.

Көмекші сөздер:

Жоспарлау - планировать

Кескін - изображение

Айқындылық - четкость

Озық - передовой

Сапа - качество

Қашықтық - расстояние

3 мәтін.

Бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндіктері аса зор. Ол қолданылуы мен маңыздылығы жөнінен басқа ақпарат құралдарын артқа тастады. Бұл ақпарат көзінен кез келген мәліметті өте оңай тауып алуға болады. Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келеді дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды. Ғаламторды, оның материалдарын орынды пайдалана білген жөн.

Көмекші сөздер:

Жасырмайды - не скрывают

Мәлімет - информация

Әуестену - увлекаться

Кедейлік -бедность

Сенімділік - уверенность

Орынды - целесообразно

10 мин.

1 топ сұрағы Ақпарат құралдарының адамға әсері қандай?

2 топ сұрағы: Олардың маңыздылығы неде деп ойлайсыңдар?

3 топ сұрағы: Болашақта қандай ақпарат құралдарының түрлері пайда болуы мүмкін?

10 мин.

Постер қорғау.

1 топ Газет-журналдардың пайдасы мен зияны

2 топ Теледидардың пайдасы мен зияны

3 топ Ғаламтордың пайдасы мен зияны

2 мин.

Оқушылар арнайы жасалған бағалау парақшаларын толтырады.

3 мин.

Рефлексия

Балалар, ақпаратты біз газет-журналдардан, теледидар мен ғаламтор желісінен аламыз. Оларды бізге ұсынушылар журналистер болып табылады. Ал осы журналист мамандығы біздің өмірімізге қажетті мамандық па? Қажет болса не үшін?

Үй жұмысы

Репортаж жасап келу

© 2010-2022