Урок по казахскому литература Шал ақын (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.01.2015 жыл

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 б

Сабақтың тақырыбы: Шал ақын «Кедейлік туралы», «Бұл дүниенің мысалы»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Шал ақын туралы толық мәлімет бере отырып, «Кедейлік туралы», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерінің мағынасын ашу.

ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал

ету, сөз байлығын арттыру, ізденімпаздыққа бағыттау

б) тәрбиелік: Ақынның қлең, толғауларынан мысалдар келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін сүюге, қорғауға шақыру.

Сабақтың әдістері: топтау, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа әзірлеу, сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы және «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» өлеңі.

Сұрақ - жауап әдісі бойынша сұрау.

Шығармашылық сәт «Бұқарша толғанамын»(өлеңді аяқтау)

Жаманмен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер.

.......................................... ,

...................................... .

Мақсат қою: Біз өткен сабақтарымызда Бұқардың өмірімен, шығармашылығымен, толғауларымен таныс болдық. Бұқар жырау туралы біршама деректерді білдік. Осымен Бұқар жырауға арналған сабағымыз аяқталды.

Бүгін біздер Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) туралы өтеміз, оның өмірімен, шығармашылығымен, «Кедейлік туралы», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерімен танысамыз.

Ендеше бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748-1819)

Жаңа білімді түсіндіру, меңгерту.

Кітапта берілген мәліметті 3 қатарға тақырыпша ретінде бөліп беремін. Оқушылар оқып, түсініктерін айтады.

Қосымша мәлімет

Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) 1748 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келеді. Болашақ ақынның әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі, өз тұсындағы беделді рубасыларлдың бірі болады. 1755-60 жылдар шамасында Құлеке батырдың ауылы батысқа қарай көшіп, Есіл өзенінің бойына қоныс аударады және сонда біржолата тұрақтайды. Ақынның ес білгеннен соңғы ғұмыры осы төңіректе - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданынның шетінде өтеді. Бала Тілеуке 15 жасында-ақ даңқы шығып, Шал (өткір, ұшқыр) ақын аталады да, өнер жолына түседі. Шебер ақын, соған орай қырсыз шаруа болған Шал өмірінінң екінші жарымында кедейлікке ұрынады. Қартайып, ауру жеңген соңғы күндерінің өзінде өнерінен танбаған ақын, 1819 жылы жазғы жайлауда қайтыс болады. Сүйегі қазір Сергеевка селосының жанындағы Аютас деген төбенің түбіне жерленеді. Анасы - атақты Төле бидің қызы. Тұңғыш өлеңі - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің». Өлеңнің шығу тарихы Әйгілі хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтін жүйрік атын сұрап алып, кейін қайтармай қояды. Бірде Құлеке атын сұрауға барғанда, баласы Шалды ертіп барады. Хан бала Шалдың көзінше: «Іші боқ, сырты түк сол мәстекті неге сұрай бересің?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бір қозыны арқалап алып кет деген сөзін естіп қалады. Шал кетерінде қысылмай, ханның малжандылығын бетіне айтады:

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,

Болмайды қойға пана тал дегенің.

Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,

Хан ата, қалай екен мал дегенің?

Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,

Біреудің хақын жемес жақсы кісі,

Тақтағы хан, топтағы биді еңкейткен,

Хан ата, қалай екен малдың күші? - дейді. Сөзден ұтылған хан батырдың бәйге атын қайтарып, қоса бір жылқа береді. Хан алдынада айтылған бұл өлең елге тез тарап, Тілеукенің атын шығарған екен.

Шал ақын өлеңдері тақырыбы жағынан өте кең. Қазақ аулының алуан түрлі тіршілігі, тұрмысына қатысты жайлар, адамгершілік мәселелері - оның өлеңдерінің басты нысаны.

Шал ақынның толғаулары:

«Пасыл да пасыл, пасылман», «Арғымақ ат кімде жоқ», «Саясы жоқ бәйтерек».

Сонымен қатар ол айтыстарға да қатысқан:

«Шал ақынның қызбен айтысы», «Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т.б.

Шал ақынның өлеңдері:

«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің», «Қыздар туралы», «Күлен шешенге», «Бақ көшсе ақылыңа қарамайды», «Жігіт туралы», «Әйел туралы», «Кедейлік туралы», «Баспайға», т.б.

Шығармашылық жұмыс

  1. Жырласа жүрек, жырласын! (Шал ақынға арнау)

  2. Оқушы көзімен... (шағын талдау)

а) Кедейлік пен байлыққа ақынның көзқарасы

ә) Шал ақын жақсы адам, жаман адам ұғымдарын өлеңдерінде қалай көрсеткен?

Бекіту

Сұрақтар арқылы сабақты бекіту

  1. Шал ақын қай жылы , қай жерде дүниеге келген?

  2. Шал ақынның өмір жолы қысқаша

  3. Шал ақын өлеңдерінің тақырыбы

  4. Шал ақынның толғаулары

  5. Шал ақынның «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінің мағынасы

  6. Шал ақынның «Кедейлік туралы» өлеңінің мағынасы

Қорытынды

Рефлексия «Бүгінгі сабақтан...» оқушылар қорытындылайды. Сабақ аяқталды, белсене араласқандарыңа рақмет! Сау болыңдар!

Үйге тапсырма

Шал ақын өмірі мен шығармашылығы, «Кедей туралы» өлеңін жаттап келу

Бағалау



© 2010-2022