Туған жердің табиғатын қорғау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 6 «Г»

Мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы

Сабақтың тақырыбы: Туған жердің табиғатын қорғау

(Баянауыл туралы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Туған жердің табиғатына саяхат жасай отырып, жаңа сабақты меңгерту;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін өрістету, қазақша тіл байлығын молайту;

Тәрбиелік: Табиғат байлықтарын қастерлеуге, қорғауға баулу;

Көрнекілік:

Презентация №1

№1 слайд - Көңіл күй

№2 слайд - Эпиграф

№3 слайд - Баянауыл - ұлттық бағы (суретпен)

№ 4 слайд - Қаңтардың жиырма екісі...

5 слайд - мәтін тыңдау (өз дауысыммен жазылған)

Алгаритм (қағазда)

*Интерактивті тақта

1-3 бет - топтастыру

4-6 бет- аудармасын табу

Презентация №2

+№ 6 слайд - №25 - Баянауылдың сұлу табиғаты

ән «Баянауыл вальсі »

Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары және ақпаратты компьтерлік технология (интерактивті тақтамен жұмыс жасау).

Техникалық құрал: Интерактивті тақта

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

С а б а қ т ы ң ж о с п а р ы:

І ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ (Мотивация) (3 мин)

1. А) Сәлемдесу;

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;

Б) Психологиялық сабаққа дайындық, яғни оқушылардың көңіл күйін сабаққа икемдеу:

(Оқушылар бір - біріне жақсы лебіз, тілек тілейді)

Мысалы: - Уляна, мен саған сәттілік тілеймін!

  • Рахмет, Настья, мен де саған соны тілеймін!

  • Ілияс, бүгін қазақ тілінен «бес» алуыңды тілеймін!

  • Рахмет, Вика, өзіңе де соны тілеймін.

В) Балалар сабақ бастамас бұрын дәптерлеріңе төмендегі суреттердің бірін салып қоюларыңды сұраймын. Бұл сендердің қазіргі көңіл күйлерің. Сабақтың соңында қандай өзгерістер болғанын салыстырамыз.

Туған жердің табиғатын қорғауТуған жердің табиғатын қорғауТуған жердің табиғатын қорғау

1 слайд.


Көңіл күйім: нашар орташа өте жақсы

ОЙ ШАҚЫРУ! (1 мин) СТО

«Иә! * Жоқ!» ойынын ойнаймыз.

(ойынның шарты мен сұрақтар беремін сендер «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер, мұқият тыңдаңдар)

  1. Сен туған жеріңді білесің бе? (иә)

  2. Туған жеріңді жақсы көресің бе? (иә)

  3. Сен ауылда тұрасың ба? (жоқ)

  4. Күн суық па? (иә)

  5. Сен он бірінші сыныпта оқисың ба? (жоқ)

  6. Туған жеріңнің табиғаты әдемі ме? (иә)

  7. Бізде қазір математика сабағы ма (жоқ)

  8. Біз Алматыда тұрамыз ба? (жоқ)

  9. Сыныпта кезекші бар ма? (иә)

  10. Мен сиқыршымын ба? (жоқ)

  11. Қазақ тілін үйренгің келе ме? (иә)

  12. Сен саяхат жасағың келе ме? (иә)

ІІ МАҒЫНАНЫ АШУ КЕЗЕҢІ (Операция)

2 слайд - эпиграф (1 мин)

«Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.»

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: - Туған жер табиғаты біздің мақтанышымыз. Табиғатты аялап, қорғау керек. Ал сендер Қазақстанда неше қорық, неше ұлттық бақ барын білесіңдер ме?( 10 қорық және 8 ұлттық бақ бар)

3 слайд - Баянауыл - ұлттық бағы (2 мин)

Мұғалім: - Солардың бірі Баянауыл - ұлттық бағы. Бүгін біз сендермен Баянауылға ойша саяхат жасаймыз. Топпен жұмыс жасаймыз. Топтарыңның басшысын сайлап алыңдар. (Бағалау парағы топ басшысына беріледі.)

-Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?

Ықтимал жауап: - Туған жердің табиғатын қорғау (Баянауыл туралы)

Мұғалім: Дәптерлеріңді ашыңдар Бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

4 слайд - Қаңтардың жиырма екісі

Туған жердің табиғатын қорғау (2 мин)

Мұғалім: - Баянауылда үлкен үш көл бар. Олар: Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлі. Бүгін Осы 3 көл сендерге тапсырма береді. Егер дұрыс орындасаңдар олар сендерге өзінің әсем табиғатын көрсетуге мүмкіндік береді.

(№1 презентацияны сөндіремін)

І САБЫНДЫКӨЛДІҢ тапсырмасы (10 минут):

1. Мәтінмен жұмыс: (алгаритм бойынша)

1.1 Мәтінді тыңда (мұғалімнің дауысымен жазылған);

1.2 Әр топ бір абзацтан өздерің оқыңдар;

1.3 Кілтті сөзді табу арқылы, мәтінге ат қойыңдар;

1.4 Жаңа сөздерді сөздіктен қарап аудармасын тап.

1.5Алдарыңдағы қағазға, Кілтті сөзге топтастыру (ассоцация) жасаңдар.

(Әр топтан Спикер шығып, топтастыруын қорғайды.)

*Интерактивтік тақтамен жұмыс:

1 бет* - І топ - Табиғаты (2 мин)

2 бет* - ІІ топ - Өсімдіктері (2 мин)

3 бет* - ІІІ топ- Қорғау (2 мин)


ІІ ЖАСЫБАЙ КӨЛІНІҢ тапсырмасы (5 минут):

2.1 Сөздердің орысша баламасын көрсет

4 бет* Қорық - заповедник

Ұлттық бақ - национальный парк

Табиғат - природа

Көл - озеро

5 бет* Жаннаты - райский

Емдік қасиет- целебные свойства

Құтты - благодатный

Ауа - воздух

6 бет* Мүжгін - женьшень

Таңғажайып - чудесный

Асқазан - желудок

Тау - гора

(интерактивті тақтаны сөндіремін)

Сергіту сәтін жасаймыз (1 мин):

  • Көздеріңді жұмыңдар.

  • Көздеріңді ашыңдар.

  • Алысқа қараңдар.

  • Басыңды бұрмай - оңға қара.

  • Басыңды бұрмай солға қара.

  • Жоғары қара.

  • Төмен қара

  • Мұрныңның ұшына қара.

  • Көздеріңді жұмыңдар.

  • Көздеріңді ашыңдар.

ІІІ ТОРАЙҒЫР КӨЛІНІҢ тапсырмасы (4 минут):

3.1 Алдарыңдағы мәтіннен есімдіктерді теріп жаз, түрін анықта.

(әр топ өз абзацынан табады)

Үлгі: Менің - есімдік, жіктеу есімдігі

  1. Сөз құрамына талдау жаса

І топ - көл+дер+і+мен

ІІ топ -Баян+ауыл+ға

ІІІ топ - халқ+ымыз+дың

Көлдердің тапсырмаларын орындадыңдар енді Баянауылдың табиғатын тамашалайық.

Презентация - Баянауыл табиғаты (3 минут) + «Баянауыл вальсі»

ІІІ ОЙ ТОЛҒАНЫС сатысы (рефлексия) (5 минут)

5 жолды өлең құру (Баянауыл, Көл, Тау )

1 сөз - зат есім

2 сөз - сын есім

3 сөз - етістік

4 сөз -сөз тіркесі немесе сөйлем

5 синоним

(Ықтимал жауаптар)

Баянауыл

Сұлу, көркем.

Барамын, көремін, суретке түсемін.

Мен жазда Баянауылға барамын.

Баянауыл - туған жерім!

Көл

Терең, мөлдір

Шомыламыз, ойнаймыз, демаламыз.

Баянауылда Сабындыкөл көлі бар

Сабындыкөл - көл

Тау

Биі, асқар

Барамыз, көреміз, мінеміз

Баянауылда әдемі таулар көп

Тау-тас

Үйге тапсырма: Елес жетелеу «Мен Баянауылға барсам......» (1 минут)

Бағалау: Топ жетекшілері бағалау парағы бойынша әр оқушының бағасын қорғайды. (2 минут)

Сабақтың соңында - Көңіл күйге қайта ораламыз да, салыстырамыз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Табиғатты қорғау үшін бәріміз

Күресейік, бір - бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз да кәріміз

Таза ауа үшін терімізді төгейік.



5

© 2010-2022