Қазақ тілінен тест жұмыстары 11-сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1-нұсқа



1. «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Еменнің иілгені - сынғаны» мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

A) Сөзге беріктік,уәдеге тұрақтылық.

B) Тіл өнері туралы.

C) Еңбек.

D) Батырлық, ерлік.

E) Туған жер, Отан.

2. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Оқта-текте, ләм-мим.

B) Жас, жастық, жастан.

C) Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту.

D) Жанын жалдау, көлік жалдау.

E) Сағыну, сағынбау.

3. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.

A) Ер қаруы-бес қару.

B) Нар тәуекел-ер ісі.

C) Жауды басындырма, жақынды ашындырма.

D) Жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат.

E) Жігіттің екі сөйлегені-өлгені.

4. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің санын анықтаңыз.

A) 42.

B) 40.

C) 39.

D) 38.

E) 41.

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

A) Хаба-р-ла-ма.

B) Хаб-ар-ла-ма.

C) Ха-бар-ла-ма.

D) Хаба-рла-ма.

E) Ха-ба-рла-ма.

6. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсетіңіз.

A) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық

B) Жезқазған, Қорамсаұлы

C) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық

D) Ақмола, некен-саяқ

E) Ертеңгілік, жөн-жосық

7. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Талдырмаш.

B) Айтып бар.

C) Жанғазы.

D) Сұлулық.

E) Қара қоңыз.

8. «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жататынын табыңыз.

A) Морфология.

B) Фонетика.

C) Синтаксис.

D) Пунктуация.

E) Лексика.

9. Қосымшасыз сөзді белгілеңіз.

A) Асырмалы.

B) Көзілдірік.

C) Баспа.

D) Ертеңгі.

E) Тана.

10. Күрделі сөздердің қайсысы біріккен сөз, табыңыз.

A) Асырмалы.

B) Балдырған.

C) Бүгін.

D) Жалғыздық.

E) Үлкенді-кішілі.

11. Жалқы есімді көрсетіңіз.

A) Гүл.

B) Ақылбай.

C) Ауа.

D) Тау.

E) Өзен.

12. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

A) Малды.

B) Түнгі.

C) Шоқпардай.

D) Көтеріңкі.

E) Үлкенірек.

13. Дара сан есiмді анықтаңыз.

A) Жетпiс алты.

B) Бiр жүз отыз.

C) Он бес.

D) Жиырма.

E) Бес-алты.

14. 1-жақта тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.

A) Олар.

B) Онымен.

C) Біз.

D) Әрі.

E) Бәрі.

15. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

A) Мойнына су кету.

B) Жер қазу.

C) Қол шапалақтау.

D) Бие сауым уақыт.

E) Кетіп қала жаздады.

16. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Етпетінен жығылды.

B) Дереу жетті.

C) Тез келді.

D) Амалсыздан көнді.

E) Жорта сөйледі.

17. Демеулікті табыңыз.

A) қарай, тарта, жайында.

B) пен, да, әйтпесе.

C) бірақ, өйткені, егер.

D) сайын, үшін, бері.

E) ше, ау, ды.

18. Сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Тас түйін.

B) Қара ала.

C) Талпынған бала.

D) Он бес.

E) Жарқ етті.

19. Тыныштықты сақтаймыз - тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз.

A) Шылау.

B) Дауыс ырғағы.

C) Орын тәртібі.

D) Жалғау.

E) Септеулік шылау.

20. Ойдың иесі бар сөйлемді табыңыз.

A) Бұл іспен шатастыруға болмайды.

B) Нариман саумал қымызды тамсана ішті.

C) Сараның қалаға баруына тура келді.

D) Бұдан еш нәтиже шығаруға болмайды.

E) Орындалған арман.

21. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас.

B) Дала жым-жырт.

C) Асығып тез аттандық.

D) Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.

E) Қазандағы ет бүлк-бүлк қайнады.

22. Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A) Радио арқылы сөйлеспек.

B) Жұмыс аумағы бүгін үш есе ұлғайды.

C) Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естімедіңіз бе?

D) Әр халықтың өзінше жаңа жылы болады.

E) Құлаш мойын қара нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады.

23. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт.

B) Әні өте әдемі еді.

C) Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады.

D) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды.

E) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады.

24. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен.

B) Пай-пай, бала-ай, даусың қандай!

C) Арысыңды арыстан жеді.

D) Түнеугүні, әлі есімде, үңгірге бардық.

E) Тынышталшы, балақай.

25. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.

B) «Еңбек адамды биікке жетелер», - деді Ақнұр.

C) «Жақсы сөз жараны да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек.

D) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық.

E) «Қазақ солдаты» романы талданды.





ҚАЗАҚ ТІЛІ

2-нұсқа

1. Мақалды табыңыз.

A) Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.

B) Ер жігіт ел үшін туады, елі үшін өледі.

C) Күш атасын танымас.

D) От тілді, орақ ауызды.

E) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.

2. Антоним сөздерді табыңыз.

A) Серуен - сейіл.

B) Жаяу - жалпы.

C) Көреген - қыран.

D) Ақсақ - тоқсақ.

E) Ақ ниет - жауыз.

3. Термин сөзді табыңыз.

A) Тырнақша, поэзия.

B) Совдеп, намаз.

C) Бокс, маңдай.

D) Кесе, кәрлен.

E) Цех, шахта.

4. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Жету.

B) Қайту.

C) Кету.

D) Секіру.

E) Жүру.

5. Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.

A) п, б, с

B) к, г, з

C) ф, в, т

D) қ, т, с

E) қ, щ, ж

6. «Баласына» сөзіндегі екпін орнын табыңыз.

A) 3-буынына түседі.

B) 5-буынына түседі.

C) Сөздің соңғы буынына түседі.

D) 1- буынына түседі.

E) 2- буынына түседі.

7. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Бұлтты күні.

B) Құрманбек.

C) Қызыл күрең.

D) Базаралы.

E) Тобылғы.

8. Тәуелдік жалғауының 1-жағында тұрған сөзді табыңыз.

A) Орманның іші.

B) Оның қаламы.

C) Сәуленің кітабы.

D) Біздің жатақхана.

E) Тілім барда, халқым бар.

9. Қосарлы есімдер тобынан жасалған сөзді табыңыз.

A) Алыстан көріп отыр.

B) Өзімен-өзі.

C) Келе бер.

D) Көріп отырды.

E) Күнделік жазу.

10. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A) Есболат.

B) Ендігәрі.

C) Әлдебір.

D) Тұрманбек.

E) Әлдекім.

11. Деректі зат есімді табыңыз.

A) Сана.

B) Жігер.

C) Жайдары.

D) Сызғыш.

E) Адамгершілік.

12. Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді табыңыз.

A) Көк ала.

B) Киімшең.

C) Қып-қызыл.

D) Арсыз.

E) Ақшыл.

13. Жинақтық сан есiм.

A) Жиырма үштен.

B) Жүзден бiр.

C) Мың.

D) Тоғызыншы.

E) Үшеу.

14. Өздік есімдігі қатысқан мақал-мәтелді табыңыз.

A) Ырыс алды - ынтымақ.

B) Туған үйдің түтіні жылы.

C) Ел іші - алтын бесік.

D) Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

E) Еңбек - ырыстың бұлағы.

15. Болымды етістікті анықтањыз.

A) Айқайлама.

B) Айтқан емес.

C) Берген жоқ.

D) Ойна.

E) Келтірме.

16. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Әбден шаршау.

B) Бірталай күн.

C) Жорта амандасу.

D) Ертеден қалыптасқан.

E) Соншама күлу.

17. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қарағым-ау, әнің әдемі екен.

B) Пайда ойлама, ар ойла.

C) Даналық халық сөзінде екен.

D) Е, жақсы болып қалды.

E) Түу, бұл кісі неткен білімді!

18. Басыңқы сыңарын көрсетіңіз.

Әрине, орындаған сенсің.

A) Есімше

B) Үстеу

C) Есімдік

D) Тұйық етістік

E) Етіс

19. "Өңеші қызарды" деген фразеологиялық тіркестің мағынасын анықтаңыз.

A) Қызғанды.

B) Ұялды.

C) Дауласты.

D) Ашуын басты.

E) Сыр бермеді.

20. Қимыл-сын пысықтауыштардың сұрағының дұрыс емесін белгілеңіз.

A) Қашан?

B) Қайтіп?

C) Қалайша?

D) Қанша рет?

E) Қалай?

21. Бірыңғай толықтауыш бола алатын қатарды анықтаңыз.

A) Гүрс, себебі.

B) Ұзын, бөлу.

C) Эпитет, ғана.

D) Бидайды, тарыны.

E) Шаңғы, әдемі.

22. Атаулы сөйлемді табыңыз.

A) Сізге сәлем айтты.

B) Сәлем жолдады.

C) Түн.

D) Су жылы екен.

E) Мәдени - демалыс паркі.

23. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Қиралаң етіп оң жамбасына аунап түсіп, тағы да дүлейлі сесімен кеудесіне қарай төніп келе жатқан зілдей етікті қаусыра ұстай алды да, бұрап кеп жіберді.

B) Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең болмайтыны бесенеден белгілі.

C) Ызаланып кеткен ол "ауп!" деп жұлқып қалып еді, екпінімен шалқасынан түсті.

D) Гүлсім ұялды, сондықтан екі беті қызарып кетті.

E) Бірақ іргедегі пештің жылуы қандай тез болса, суынуы да сондай тез.

24. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Ата, қалаға қашан барамыз?

B) Осы қылығыңды, сірә, өзің де жаратпайтын боларсың.

C) Оқуыңды бітірдің бе, балам?

D) Біздің үйге, қалқам, тезірек жет.

E) Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз.

25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.

A) Рахмет ақсақал қош болыңыз! - деп меңгеруші бізді шығарып салды.

B) - Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

C) - Рахмет, ақсақал, қош болыңыз,- деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

D) - Рахмет ақсақал, қош болыңыз - деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

E) - Рахмет ақсақал қош болыңыз,- деп меңгеруші бізді шығарып салды.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

3-нұсқа

1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Жігіттің иығында аузы торлаған қоржын.

B) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты.

C) Торлама қауынның ғажап исі аңқиды.

D) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды.

E) Торлама кестең әдемі-ақ.

2. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Бұрыш.

B) Оқтау.

C) Ез.

D) Шопан.

E) Бас.

3. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Ыстық, ықылас.

B) Қатықсыз қара суға семіру, өсу.

C) Некен-саяқ, сирек.

D) Ығы-жығы, қаз-қалпы.

E) Атқа мінер, ат шаптырым.

4. «У» дыбысы дауысты болып тұрған сөзді көрсетіңіз

A) Ақтару.

B) Майлау.

C) Аялдау.

D) Бауыр.

E) Дауыл.

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.

A) Бұлт-ты-лық.

B) Бұ-лт-тыл-ық.

C) Бұ-лтты-лық.

D) Бұ-лт-ты-лық.

E) Бұл-тты-лық.

6. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.

A) Қызкеліншек.

B) Қонақжай.

C) Фотокөрме.

D) Алтыбақан.

E) Шаңсорғыш.

7. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Түнгі.

B) Сөзшең.

C) Бұзса.

D) Достық.

E) Сенбеді.

8. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

A) -т.

B) -ған, -ген.

C) -ын, -ін.

D) -қыз, -кіз.

E) -да, -де.

9. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.

A) Келді.

B) Көңілді.

C) Келген-ді.

D) Көсеуді.

E) Көреді.

10. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз.

A) (Ала) орамал.

B) (Ала) жаздай.

C) (Ала) бота.

D) (Ала) көйлек.

E) (Ала) көңіл.

11. Зат есімнің білдіретін мағынасын анықтаңыз.

A) Заттың санын білдіреді.

B) Заттың іс-әрекетін білдіреді.

C) Орынбасарлық қызмет атқарады.

D) Заттың сынын білдіреді.

E) Заттың атын білдіреді.

12. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрін көрсетіңіз.

A) Қара торы.

B) Қалпақты.

C) Көгірек.

D) Қап-қатты.

E) Аса үлкен.

13. "Он төрт" - сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.

A) Реттiк.

B) Есептiк.

C) Болжалдық.

D) Бөлшектiк.

E) Жинақтық.

14. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.

A) Үйдің жаны.

B) Жолдасымның кітабы.

C) Дос сыры.

D) Өз үйім.

E) Әдеби мұра.

15. Етістіктің сұрағын табыңыз.

A) Қашан?

B) Не істеді?

C) Қалай?

D) Қанша?

E) Қандай?

16. Туынды үстеуді табыңыз.

A) Ерте, бұрын.

B) Әрмен, бермен.

C) Бұлбұлша, жаздай.

D) Қасақана, жорта.

E) Бағана, соңыра.

17. Дефис арқылы жазылатын шылауды белгілеңіз.

A) да, де.

B) ғана, ба.

C) ды, ді.

D) ша, ше.

E) бен, бе.

18. Сөз тіркесінің сыңары нешеу, табыңыз.

A) Біреу.

B) Екеу.

C) Бесеу.

D) Төртеу.

E) Алтау.

19. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.

Жұқа кітап.

A) Дауыс ырғағы.

B) Шылау.

C) Жалғау.

D) Септік жалғау.

E) Орын тәртібі.

20. Мақал-мәтелге лайық баяндауышты табыңыз.

Өнерлінің өрісі …

A) тар.

B) кең.

C) биік.

D) ұзақ.

E) бар.

21. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз.

A) Кешегі жұмысты бітір.

B) Гүл- жердің көркі.

C) Сара келді.

D) Батыр жеңді.

E) Жазықсыз жазалама.

22. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды.

B) Болашақ жастардікі.

C) Етіс - етістіктің бір түрі.

D) ''Ештеңе'' - есімдік.

E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды.

23. Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

A) Асан әкесінің көп жылдардан бері колхоздың жылқысын бағатынын айтты.

B) Жанат орнын ұсынып үлгергенше, Манат шығып кетті.

C) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды.

D) Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді.

E) Мұз қатқанына екі ай болды.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді көрсетіңіз.

A) Бірақ, мұның сорына министр бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады.

B) Бірақ, мұның сорына - министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады.

C) Бірақ, мұның сорына, министр бүгін келушілерді ұзақ қабылдады.

D) Бірақ мұның сорына министр, бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады.

E) Бірақ, мұның сорына министр, бүгін келушілерді ұзақ

қабылдады.

25. Диалогқа тән тыныс белгісі қандай, белгілеңіз.

A) Нүкте.

B) Дефис.

C) Қос нүкте.

D) Үтір.

E) Сызықша.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

4-нұсқа

1. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Ол бұл жолы үлбіреген қыз алыпты.

B) Сарғайған, әбден үлбіреп тозған қағаз екен.

C) Ер адам әйелін үлбіретіп ұстағаны жөн.

D) Ақша беті үлбіреп тұр.

E) Үлбірейді гүл алаңы.

2. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) Бәрін

B) ашық

C) қойып

D) кірісейік

E) әңгімеге

3. Антоним сөздерді табыңыз.

A) Үлкендік - ағалық.

B) Үбірлі - шүбірлі.

C) Тұнық - лай.

D) Ұялу - имену.

E) Асты - жаны.

4. Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.

A) Тағала.

B) Қонақ.

C) Іңір.

D) Қаза.

E) Баста.

5. Ашық буынды сөзді табыңыз.

A) Кең.

B) Шалқар.

C) Тар.

D) Дара.

E) Жұмбақ.

6. Дефиссіз бөлек жазылатын шылауларды көрсетіңіз.

A) Ау, арқылы.

B) Бұрын, себепті, мыс.

C) Үшін, себепті, жуық.

D) Ақ, ай, кейін.

E) Екеш, не, ғой, ды.

7. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Атты кісі.

B) Сұрап ал.

C) Көшенің бойы.

D) Өлең өлшемі.

E) Қиындықтан қашса.

8. Туынды сөзді көрсетіңіз.

A) Үсті.

B) Соң.

C) Алыстан.

D) Қуырдақ.

E) Қызғылт.

9. Жалғаудың неше түрі барын көрсетіңіз.

A) 5

B) 3

C) 2

D) 6

E) 4

10. Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөзді көрсетіңіз.

A) Қарақағаз.

B) Әкел.

C) Бүгін.

D) Жаздыгүні.

E) Биыл.

11. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.

A) Маңы, жеңіл.

B) Төбесі, бұрғы.

C) Жаны, арасы.

D) Ортасы, жүрісі.

E) Тұсы, тарағы.

12. Сапалық сын есімді табыңыз.

A) Көйлекшең.

B) Балалы.

C) Жауырынды.

D) Қалпақты.

E) Жұмыр.

13. Сан есiмнiң сұрақтарын белгілеңіз.

A) Кiм? не?

B) Не iстедi? қайттi?

C) Қанша? неше?

D) Не үшiн? кiм үшiн?

E) Қандай? қай?

14. Болымсыздық есiмдiгiн белгілеңіз.

A) Сол.

B) Әрбiр.

C) Барлық.

D) Ешқашан.

E) Әлдекiм.

15. Есімшені табыңыз.

A) Жүр.

B) Жүретін.

C) Жүргелі.

D) Жре.

E) Жүріп.

16. Үстеу қызметін анықтаңыз.

Елдің бәрі осында.

A) Толықтауыш.

B) Пысықтауыш.

C) Анықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Баяндауыш.

17. Көмектес септіктегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды анықтаңыз.

A) Дейін.

B) Таман.

C) Соң.

D) Қатар.

E) Гөрі.

18. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз.

A) Кешке таман жетті.

B) Итті қуды.

C) Алтын тіс.

D) Арқанмен түсті.

E) Жылтыраған сәуле.

19. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Қара торы.

B) Ашық күн.

C) Тас жүрек.

D) Жұлып тастады.

E) Бас сүйек.

20. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз.

A) Ердің сыншысы - ел.

B) Ол кеше кешкісін келіп еді.

C) Елге баруға мүмкіншілік жоқ.

D) Ауыл әлі ояна қойған жоқ еді.

E) Дала тіршілігі енді басталды.

21. Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Тауда жаңа ғана жаңбыр жауып өтті.

B) Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады.

C) Тапсырманы тез орында.

D) Асқардың өміріне қызықты.

E) Әсетке бола ағасы келіпті.

22. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Қанша ойлану керек.

B) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын.

C) Сонша шырқап не керек?

D) Түн іші.

E) Мұныңызға нануға болады.

23. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың.

B) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсіп кетеді.

C) Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды.

D) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді.

E) Ол өте науқастанып қалғандықтан, бара алмады.

24. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Мә, мынаны қарай тұр.

B) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой.

C) Жақсы, сынап берейін.

D) Апырау, сіздің ауыл алыс па?

E) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар.

25. -Әке, сенгеніңізге рахмет!

Сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.

A) Төл сөз.

B) Диалог.

C) Оқшау сөз.

D) Қаратпа сөз.

E) Бастауыш.



© 2010-2022