Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып №1 Мысыр

Африка адамзаттың атамекені болып саналады, дәл осы жерде ерте адамдар пайда болған. Адамдар пайда болғаннан жаңа жерге орналастыру мәселелері тұрды, содан «алғашқы қауымдық туризмі» түсінігі пайда болды. Кейінгі тарихи кезеңдерде Африканың солтүстік-шығысы әлемдік өзгеру орталығында: бұл жерде белсенді қалыптасып және өшкен бірден-бір ұлы адамзат өркениеті - Ежелгі Мысыр пайда болған.

Бұл өркениетінің дамуы өте күрделі жағдайда: Ніл өзенінің алқабында кішкентай ғана ауданда, сондықтан Мысыр мемлекеті осы ұлы өзенді бірнеше километр бойлай орналасқан. Ніл жайылымының халқы ертеден өзеннің тасуына тәуелді болатын жер жыртумен айналысқан. Біздің ғ. д. 3000 ж. Мысырдың барлық бөліктерінің қосылуы болған. Бұған дейін бөлінген аймақтардың арасындағы байланысын орнату мүмкіндігі тұрды, бұл өз кезегінде адамдардың туризм мен саяхатты дамытуына әкелді, бұл өз кезегінде саяхаттаушылар демалып және ас іше алу үшін арнайы құрылыстарды тұрғызуға әкеп соқтырды.

Ерте кездегі саяхатшылар қандай мақсаттарды көздеген?

• Біріншіден, айырбастау сипаттағы сауда

• Екіншіден, орталық билік тарапынан бақылау және сол себепті қуғыншылар, қараушылар иеліктерді аралап жүрді

• Үшіншіден, қалалар, мәдени ғимараттар және мәйіттердің салынуы көбінесе елдің басқа аумағында болатын әртүрлі материалдардың тұрақты келуін талап етті

• Төртіншіден, құлдық күштің тұрақты келіп тұруының және оның ел бойынша орналасуының қажеттілігі.

Мысырда сол кездің өзінде ішкі туризм ғана емес, шығатын туризм де белсенді дамығаны маңызды факт болып табылады: ливандық кедр Кіші Азия аумағынан әкелініп Мысыр көпестерінен басқа да көпестермен жеткізілді.

Орналасу орындары жайлы жолаушылардың естеліктерін Ежелгі Мысыр тарихынан табуға болады. Жаңа патшалық дәуірінде мысыр мәдениет ескерткіштерінің орталығы ғана емес, сонымен қатар ежелгі экскурсанттар мен туристермен жазып кеткен пирамидалардағы көптеген жазулар куәлік еткендей емдік курорт болған. Бұл қажеттіліктер билікті шатырлық қалашықтар, павильондар, саяхаттаушыларға арналған мүмкін болатын ғимараттар мен құрылымдар салуға және туристерді тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға итермеледі. Ежелгі Мысыр тарихында көрсетілгендей орналасу объектілерін салу бойынша жинақталған білімдері мен тәжірибелері кейінірек гректер мен римдіктердің сондай құрылымдарында сәтті орын алған.

Біздің уақытқа дейін қуғыншының мемлекеттік шенеунікке хабарландыруы бар орамды беріп жатқандығы бейнеленген б.з.д. II ғасырдағы ескі Мысыр жазуы жеткен. Мемлкеттік билік соғыс кезінде билік етуші аумақтардың жағдайы жайлы мәліметтерге әрдайым мұқтаж болды. Құлиеленушілік дәуірі кезінде көлік және байланыс, жол құрылысы, жолаушыларды орналастыру объектілері (орындар) жұмыстарында алғашқы қадамдар жасалған болатын.

Әрине, ол «кешендер» қазіргі күні қонақ үй деп аталатын жерлерге онша ұқсамаған, бірақ саяхаттаушылардың негізгі қажеттіліктерін орындап отырған: демалыс, ұйықтау және тамақтану мүмкіндігі. Осыдан келе сол кездегі қонақ үй кешендері сол аймақтарда тараған материалдардан (шикі кірпіш, аз ағаш) салынған құрылымдардан тұратынын және онда нақты анықталған аумақтық бөлінуі жоқ (қонақтарды қабылдау және орналастыру аумағы, күту аумағы, тамақ қабылдау аумағы, демалыс аумағы және т.б.) екені және көрсетілетін қызметтердің аз болғанын болжауға болады.

Сонымен, келесідей қорытындылар жасауға болады:

• Мысыр Ежелгі әлемде саяхат пайда болған елдердің бірі болды, оның нәтижесінде қонақжайлылық шаруашылығы дамыды

• Саяхаттар әртүрлі мақсатпен және әртүрлі материалдық жеткіліктегі адамдармен жүзеге асты, ол өз кезегінде қонақ үй кешендері жүйесіндегі градацияға алып келді

• Ежелгі Мысыр елінің қонақжайлылық шаруашылығы архаикалық және нашар ұйымдастырылған және тұрғындарға аз қызмет түрін ұсынатын болды.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Тақырып №2 Месопотамия. Мейман аулалары

Өркениеттің пайда болуының алғашқы кезеңдерінен-ақ сауда белсенді дами бастады. Бұған ең бірінші ірі державалардың билеушілерінің жол бойларына билік орнату іс-әрекеттері әсер етті. Жолдар мен каналдар салынып, түнеу сарайлары (болашақ қонақүйлердің сол кездегі бейнесі) пошталар пайда болуы сауда дамуына әсер етті. Екіншіден, көпестер мен саудагерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынады. Көне заңдарда отандық және шетелдік саудагерлердің өмірі мен мүлкін сақтандыру туралы баптар пайда болды. Месопотамиялық жазуларда шумерлер- -өзенаралық байырғы тұрғындары- Мелуха жағынан белсенді сауда жасаған делінген. Осы жерден шумерлік қалалар мен мемлекетіне күріш, мақта, ағаш келіп тұрған Әр қалада храмдар мен базарлар болған. Үндістан мемлекетіне керуен жолдары мен өзендермен көпестер, монахтар,байлар, жұмыссыздар, биліктегілер, білімге құмар жастар ағылып кеп жатқан. Солардың барлығына түнеу сарайлары қызмет көрсетті деуге негіз де бар. Месопотамияда, Ирактың оңтүстік бөлігін 12жыл бойы зерттеген Леонард Вуллидің зерттеулерінен осыдан бірнеше онмыңдаған жылдар бұрын уақытша келушілерді қабылдайтын орындар болған. Л. Вулли «...үй- қонақүй немесе түнеу орны болуы мүмкін. Үйдің төменгі қабатында орналастыру орындары болған, ал үй иесі үйдің бір бөлігінде тұрып, қалған бөлігін келушілерге берген. Бұл үйдің қабырғалары өте қалың. Қонақүй үш қабаттан тұрған деген ойлар да келеді...» - деп жазады. Хаммурапи билеушінің заңдық актілеріне сүйене отырып қонақүй шаруашылығы 2000жыл бұрын Халдее жерінде жақсы дамығанын айтуға болады.

Вавилон көпестерін әлемнің көптеген нүктелерінен кездестіруге болатын: вавилон билеушісінің Мысыр фараонына жазған хатында: Ол өзінің саудагерлерінің жергілікті тұрғындар тарапынан тонауға ұшрайтындығына, Сирия мен Палестина жерлеріндегі жолдардың қауіпсіздігі төмен екендігіне наразылығын білдіреді.

Көпестер мен саудагерлердің қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында Сирия, Палестина, Мысыр, Вавилон елдерінің бірлесіп салған керуен сарайлары пайда болады.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру













Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Тақырып №3. Ұлы жазықтық. Арийлар. Дала сапарлары. Түрктердің керуен-сарайлары.

Жібек жолы. Моңғолдар - пошта бекеттері. Қазақтар - қонақ үй

Көптеген әдебиет көздерінде Шығыста Ертістен батысқа қарай Жайыққа дейін созылған аумақты Ұлы дала атауына ие. Бұл аумақтарды ежелден бастап көшпелілер мекен еткен. Темір дәуірінде, негізінен, сақ-скиф тайпалары мекендеген, мұның дәлелі ежелгіні зерттеушілердің қалдырған еңбектері (Геродот) бола алады. Бұл тайпалар жауынгер, қозғалмалы халықтар болды. Дегенмен, отырықшы шаруашылықты дамытып, жер өнімдерін алу мүмкіндіктері төмен болды, берілген тайпалар Қытай немесе Греция сынды көршілес мемлекеттерімен тығыз сауда байланысын дамытуға тырысты (Каспий маңында қалашықтар мен қорғандарда жазулары бар керамикалық ыдыс-аяқ табылды).

Сақ тайпаларының пайда болу бойынша нақты мәліметтер жоқ. Ғалымдар бұл тайпаларды арид өркениетпен байланыстырады. Бұл өркениет, кейбір мәліметтер бойынша, қазіргі Сібір территориясын мекен етіп, табиғи-климаттық өзгерістерге байланысты ыдырап, қазіргі Иран, Үндістан мемлекеттерінің территорияларына қоныс теуіп, жергілікті халықпен араласып кетті. Бұл үрдіс арийлік халықтарының жергілікті тұрғындардың мәдениетіне енуіне ғана емес, кейбір аумақтарда жергілікті мәдениеттің қалыптасуына әсерін тигізді. Әсіресе, қонақжайлық дәстүрлердің дамуына үлестерін тигізді. Сонымен, Орталық Шығыста қонақты қабылдау дәстүрі жергілікті тұрғындардың мен сырттан енген элементтердің қосылу салдары деп болжауға болады.

Б.з.д. 2-1 мыңжылдықтарында мәдениетке ену сыртқы мен ішкі сауданың дамуы арқылы іске асырылды. Ұлы Жібек Жолы сауда артериясы бұл салада үлкен үлесін тигізді. Жібек жолы б.з.д. II ғасырдан бастап б.з. XIV ғасырына дейін қызмет етті (яғни, шамамен, 16 ғасыр бойы). Дегенмен, берілген сауда жолының пайда болуына дейін жолдың негізгі үш тармағы болған: Қытайда Нефритті жолы, Ұлы далада - Дала жолы, Азияда - Лазурит жолы. Дала жолы Орталық Азияда көшпелі және отырықшы мәдениеттің әсерлесуі салдарынан шаруашылық мақсатта өнімдер мен тауарлармен алмасу мақсатында пайда болды. Ірі өзендер арқылы (Сырдария, Амудария, Талас, т.б.) өткен керуен жолдары аумақтың қала мәдениетінің қалыптасуына негіз болды. Қалалар бір-бірінен су және тағамды толтыру сияқты керуендердің қажеттіліктерін ескеретін белгілі бір ара-қашықтықта орналасты. Шөл және шөлейт аумақтарда сияқты далаларда да су басты байлық болып табылды, сол себепті, керуендердің басты жолдары құдықтар, кейінен сардобаларға (жабық құдықтар) айналған, орналасқан нүктелер арқылы өтті, бұл құдықтар маңында керуен сарай мен шағын қалалар қалыптаса бастады.

Ұлы дала аумағында түріктер мен олардың мемлекеттерінің пайда болуымен Иран, Араб халифаты, Византия, Үндістан сияқты мемлекеттерімен сауда қарым-қатынастары Ұлы Жібек жолы арқылы орнатыла бастады. Бұл байланыстар нәтижесінде Дала аумағына қажылық және ғылыми іс-әрекет мақсатында сапарға шығатын жолаушылар керуен жолдары арқылы келеді. Мұндай жолаушылардың пайда болуымен керуен сарайларды ұстау мен қамтамасыз ету талаптары да өседі. Қонақ үй шаруашылығының даму жаңа сапалы дәрежеге өтеді.

Дегенмен, XIII-XV ғасырларда бұл үрдістер монғол шабуылдарымен тежейді, бұның салдары қалам мәдениетінің құлауы болды (монғолдардың Қазақстанға басып енуіне дейін аумақта шамамен 200 қала болса, шапқыңшылықтардан кейін 20 қала ғана қалды). Бұл дәстүрлі керуен жолдарының жүйесінің ыдырауы мен отырықшы мәдениеттің құлдырауына әсерін тигізді.

Монғолдар тек қана қонақты қабылдау шаруашылықтың кері дамуына әсерін тигізбей ғана қоймай, бірінші кезекте әскер қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бұйрықтарды мен хабарламаларды жылдам жеткізетін пошта станциялары сияқты жаңа түрдегі қонақ үйлердің дамуын әкелді. Мұндай өзгерістердің Ресей Империясында «ям» жүйелерінің орнығуы мен тұрақтануына негіз болатынын бұл кезде ешкім де болжай алмады. Монғол пошта станциялары бір-бірінен бір немесе екі күндік ара-қашықтықта орналасқан тұрақты нүктелері болды. Берілген нүктелерде әскердің шағын тобы ғана қызметтердің минималды түрлерін ала алатын еді (демалыс, тағам, атты ауыстыру).

XV ғасырдың ортасында монғол мемлекеті құлдырай бастап, оның орнына Қазақ хандығы қалыптаса бастады. Мәдениеттің даму саласында хандық сақ, түрік және монғол дәуірлерінің ізбасары болды. Сол себепті, қазақтардың қонақты қабылдау дәстүрі Орталық Азияның халық дәстүрлеріне сәйкес келеді. Қонаққа тек қана негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыратын қызметтер ғана көрсетілмей, қонақ құрметке және ықылысқа ие болатын арнайы қонақ үйлер қалыптаса бастады.

Сонымен, келесі нәтижелерді шығаруға болады:

• Орталық Шығыстың қонақжай дәстүрлері өз бастауын арийлік және сақ тайпаларынан алады

• Бұл дәстүрлерге түрік, монғол және Ұлы Жібек жолы арқылы келген мәдениетпен енген элементтер әсер етті

• Ислам дінінің әсері Аравия түбегін мекен еткен халықтарының қонақ үй шаруашылық жүйесіне ұқсас, бірақ, жергілікті мәдениет орнатылған қонақ үй жүйесінің қалыптасуына мүмкіндік берді

• Монғол шапқыңшылықтары қонақ үй шаруашылығының дамуына кедергі болып, дегенмен, ғасырлар бойы дамыған және сақталған қонақ үйлердің жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті

• Қазақ халқының қонақты қабылдау дәстүрлерінің жүйесі ерте дамыған мемлекеттердің мәдениттердің үйлесу салдарынан пайда болды.


Тақырып №4. Үндістан. Қонақ үйлер

Қонақжайлылық шаруашылығы тамырымен әлемнің өркениеттерінің пайда болуы уақытына қарай кетеді. Бес мың жыл бұрын Үндістанның солтүстік-батысында (Хараппа және Мохенджо-Дарда) қалалар салынып, саудагерлер саудамен айналысып, қолөнершілер сәнді әрі қажетті заттар жасап, мәдениет қызметкерлері жұмысшы халықты сауықтырып жүрді. Үндіс өркениетінде сауда айқан белсене түседі. Бұған ең біріншіден, хабарландыру жолдарын құу және қолдауға бағытталған үлкен елдердің иелерінің протекционды саясаты әсер етеді. Жолдар мен каналдар құрылады, тұрғын алаңдары болады (болашақ қонақ үйлердің алғышарттары) және пошта пайда болады, порттар салынады. Екіншіден, саудагерлердің және сауда, теңіз және құрғақ жолдарының қауіпсіздігі бойынша шаралар қолданыла бастайды. Ежелгі заңнамаларда отандық және шетелдік саудагерлердің өмірі мен мүлкін қорғайтын баптар пайда болады.

Хараппа және Мохенджо-Даро өркениеттері Индостан түбегінің солтүстік-батысында орналасқан. Орналасқан аумағы бойынша1,3 млн км созылып, Ежелгі Екіөзен және Мысырдың біріккен жерлерінен шамамен екі есе үлкен болды. Бұл мемлекет 1000 аса тұрғылықты ауылдарды қамтыды. Пәкістандық Сайд А. Накви Мохенджо-Дароны «қола дәуірінің Манхэттэны» деп атады.

Әрбір қалада базарлар мен мешіттер болды. Көпестер мен монахтар, байлар мен шенеуніктер, білім іздеген жастар мен алдаушылар көбінесе Инд мемлекетінің өзендері мен керуен жолдарымен жүрген. Кейбір құрылыстар ежелде тұрғылықты сарай болғанын болжап айтуға болады.

Хараппа және Мохенджо-Даро өркениеті белсенді сауданы тек қана Месопатамиямен ғана емес, ал Үндіқытаймен жүргізгені де дәлелденген. Бомбейден алыс емес жерде Инд өркениеті уақытымен өлшенетін ежелгі верфьтің қалдықтары табылған. Верфь өлшемдері таңқалдырады: 218*36 м. Созылуы бойынша ол финикиялықтардан екі есе үлкен.

Қонақжайлылық шаруашылығының даму тарихы қалалардың өсуі мен өркениеттердің пайда болуы сияқты нәрселердің арқасында дамып жетілді:

• Керуен және сауда жолдар: Өркениеттердің орталықтарын байланыстыратын көптеген сауда жолдары Үндістан арқылы өткен және ұзақ сауда кезінде жолаушылар тоқтай алатын және аз қызмет түрін көретін қалалар мен сауда орталықтарының пайда болуына септігін тигізген.

• Қалалар: Алғашқы қалалар Инда бассейнінде орын алған жағдайлардың арқасында пайда болған. Олардың күйреуінен кейін қалалық өркениет Ганга біздің эрасызға дейінгі алғашқы мыңжылдықта пайда болды. Индияның солтүстігінде Будда кезінде көптеген кішкентай қалалар: Каши, заманауи Варанаси (Бенарес), Каушамби, Раджагриха пайда бола бастады. Осы қалалардың көпшілігі майда кәсіпорындардың арқасында дамый бастады, басқа (Таксила немесе Удджайн) қалаларда сауда жолдарының өтуі әсер етті, ал үшінші қалалардың дамуына олардағы орта ғасырдағы Еуропа елдеріндегі сияқты монастырлар менмешіттердің арқасында дамыды. Жаңа қалалар хандармен игерілетін, Хараппе және Мохенджо-Дародағы сияқты және төрт бұрышты сараймен және орталықтағы негізгі мешіттермен және қиылысқан кварталдарды тік бұрышты көшелермен бөлген «Артхашастра» хан сарайларын жобалауды жасайды.

• Теңіз және сауда қатынастары: Шығыстың байлығын негізгі тұтынушы болған Рим империясы, әсіресе Батыспен теңіз сауда саттығының дамуы біздің бірінші эрамызға дейін тоқтаған емес. Рим құлағаннан кейін Батыспен сауда төмендей бастады, бірақ араб кезеңі ол қайтадан жанданып және орта ғасырдағы Еуропаның экономикалық деңгейі көтеріле бастағаннан жедел дами бастады. Гупт эпохасына дейін оңтүстік Үнді және Қытай арасында теңіз қатынасы орнаған болатын, Батыспен сауда саттық нашарлаған кезде Орта империямен: ол кезде қытайда қазіргідей тамақ қоспаларына, қымбат тастарға, иіс су және басқада Үндізаттарына сұрау болғандықтан сауда дами берді.

Сондықтан әртүрлі көздерден талдау жасай келе, ұлы цивилизацияның пайда болғанын көре отырып, үндінің қонақжайлық индустриясының ерте әлем цивилизациясымен сауда жасау үшін тығыз байланыста болғанын көреміз. Сауда саттықтың дамуы, қалалардың гүлденуі, теңіз өатынастары, дамыған экономика бұның бәрі үндінің бірінші қонақжай кәсіпорнын қалыптастыруға әкеледі.

Үнді белгілері

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру


Тақырып №5. Қытай. Жергіліктілер

Саяхаттау және ашылымдар ерте заман барлық халықтармен болған. Бұдан Қытайда құр емес.

Ежелгі Қытай мәдениеті б.э.д. II мыңжылдық ортасында Хуане өзені бассаейндерінде пайда болған. Б.э.д. II мыңжылдық аяғында қытайлықтар Шығыс Азияда да солтүстігінен Амур жағалауына жетіп және оңтүстігінде Үндіқытай түбек бойында орналасқан. Ежелгі Қытайда қоршаған орта туралы кеңістіктік көрсету өз елдерімен шектеліп қана қалған жоқ. Қытай саяхатшыларына Қытай географиясы өте танымал болған. Ежелгі қытайлықтар тек өз өзендерімен ғана жүзген жоқ, өздерінің кемелерімен Тынық мұхитына да шығып жүрген.

Шань-Инь (б.э.д. XVII - XII ғасырда) әулеті кезеңінде қытай мемлекеті теңіздің ар жағында отаршы болған. Ежелгі Қытайдың теңіз саяхаттары өмірлерінің құрамдас бөлігі болғанын куәлайтын факт, б.э.д. VI ғасырда Ци хандық билеушісі кезінде зерттеулік мақсатында кемемен теңізде алты ай көлемінде жүзіп жүрген. Қытай философы Конфуций 13 жылдан артық кезбе мұғалім болып жүрген.

Ежелгі Қытайда сауданы белсендіру үшін б.э.д. VII ғасырдан бастап жан-жақты географиялық шолулар жасалған, оны жолнұсқа ретінде қарауға болатын. Ол жерде таби,ат жағдайларынан басқа шаруашылық, көліктер және т.б. туралы сипаттамалар берілген.

Чжаньго кезеңінде Қытайда қажылық және ғылыми туризм пайда бола бастады. Қытайлардың географияны тереңдетіп тану қызметі басқа мысал ретінде Ұлы қытай қорған құрылысын айтуға болады. Б.э.д. IV ғасырда басталған оның құрылысы қытайлардың физикалық география облысы бойынша білімдерінің өте жақсы болғанын көрсетеді. Қорған көшпелі халық тұратын дала аудандарын, егінді жерлерді нақты шекарамен бөлген.

Хань әулеті билеп отырған кезде Ежелгі Қытайда саяхат б.э.д. III ғасырда жіті өсе бастады. Ежелгі Қытайдың атақты саяхатшысы Сыма Цянь болды. Сыма Цяньның б.э.д. 125-120 ж. кезеңдң үш үлкен жорығы белгілі.

Бірінші - Қытайдың оңтүстік -батыс және солтүстік-батысына. Екіншісі - оңтүстік -батыстағы Қытай облыстарының барлығын қайта басып алды. Үшіншісі- Ганьсу провинциясына Ұлы Қытай қорғаны бойымен солтүстік-батысына.

Сыма Цянь тек қана саяхаттап қана қоймай өзінің саяхатын сипаттап жүрді. Оны «қытай тарихграфиясының атасы», еуропа әдебиетінде «қытайлық Гредот» деп атайды.

Қытайдың алғашқы саяхатшыларының бірі шамамен б.э.д. II ғасырда өмір сүрген және император сарайында дипломатиялық қызмет атқарған Чжан Цянь болған. Оған қызмет бабымен жиі шетелге шығатын болған.

Әлеуметтік мәдениетті кеңістіктіктегі Қытайдың мәні сол кездерде үлкен болған. Шежіреде б.э.д. 166 ж. қытайлық көпестердің Рим империясында болғаны және олардың император Марк Аврели Антонимен кездесуі туралы мәліметтер бар. Қытайлық көпестер Орта Азия, Таяу шығыс жолдары арқылы Палестинаға ежелгі Римге жол салған бұл «Ұлы жібек жолына» бастау болған. Қытайдың жақын сауда серіктестігі Үндістан түбегінде орналасқан халықтар болды.

Қытай территориясында саяхатты және сыртқы сауданы дамыту қонақүй істерін дамытуға негіз болды. Осы кезеңдерде қытай тілінде ерекше термин пайда болды

会馆 huìguǎn - үй (қонақүй) жерлес

Бұл Қытай халқын саяхаттаушы адамдарға және оларға осы елде болған кезде тұруына анықталған жағдайлар жасауға факттермен сипатталған.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Тақырып №6. Антикалық. Ежелгі Грекия

Антика кезеңіндегі халықтың ұтқырлығы, тездігі таң қаларлықтай жоғары болды. Олимпияда ойындары сияқты жиын, атлеттерді, көрермендерді және де саудагерлер мен қолөнершілерді (бұлар тұтынушылар да, тауар мен қызметті ұсынушылар да болып табылады) Ежелгі Грекияның барлық жерінен жинады. Олимтің маңайында онда атлеттердің тұруы үшін және де барлық мүмкін болатын тұрмыстық қызметтерді ұйымдастыруға арналған ғимараттар, павильондар салынды. Олимпке келгендердің бәрін Зевстің қонақтары деп қабылдады. Олимпияда ойындары ең атақты болды, бірақ Ежелгі Грекияның жалғыз көрінісі бұл ғана емес ( бұл жерде «ойындар» термині антикалық дүниеде, қазіргі кездегі орыс тіліндегі мағынасымен салыстырғанда кең мағынаға ие болғаныдығын ескерген дұрыс, яғни оның аясына театрлық қойылымдар да, ақындардың айтысы да, әншілер мен музыканттардың өнер жарысы да және де таныстыруларға арналған мистериялар да кірді, бұл қазіргі кездегі мәдениет және өнер фестивальдеріне ұқсас деген түсінікті береді).

Қонақ үйде барлығы паналай алды - кедей және бай да, тектілер мен қарапайым адамдар да. Мысалы, Македония патшасы Филипп Македонскийге қарайтын афиня елшілігі (б.э. дейінгі 382-336 жж.) сондай қонақ үйлерде тоқтаған деген хабар да сақталған. Гректер көбінесе, туыстары мен таныстарының, кей жағдайда тіпті танымайтын адамдардың қонақжайлылығын пайдаланды. Қонақжайлылық тұрмыстың табиғи құрамдас бөлігі болып табылды. Жағдайы жақсы адамдардың барлығының үйлерінде, қонақтарға арналған ерекше бөлмелер болды. Егер қонаққа үйде орын жетпей қаласа, ол таза ауада үйдің діңмаңдайшасының астына жайғаса алатын, Грекияның климатымен бұл көп жағдайда мүмкін нарсе болды. Қонақжайлылық құқығы Зевстің қолдауында болды. Гомер оны «Зевс-қонақжай» деп атады. Бірақ, жекелеген қалалар-мемлекеттер арасындағы қатынастардың жамандығына байланысты, гректерде қонақ үйлер мен керуен сарайлар өте аз болды. Әдетте бай үйлерде, басқа елдің адамдарын тегін қабылдады, көбінесе олар туыстары да немесе таныстары да емес. Грек полистерінде «Қонақжайлылық одақтары» құрылды. Бұндай одақтың әр бір мүшесі - ксен - өзінің еліндегі басқа полистің адамдарының мүддесін қорғау міндетін алды. Ежелгі грек қонақ үйлерінде әрқашан тамантандыра бермейтін, сондықтан саяхатшыларға азық-түліктерін өздерімен алып жүруге тура келетін. Сондықтан Грекияда таверналар айтарлықтай көп таралды. Ежелгі Грекиядағы таверна иесі, өзінің қазіргі кездегі бауырластарына ұқсайтын, тамақ, сусын және қонатын орын ұсынатын. Шарап қодан жасалған үйдікі де және импортный да болды. Діни ырымдарға сәйкес, құрбандыққа шалғаннан кейін, жануарларды тавернаға әкеліп, жеді («құрбандық шалғаннан кейін - той, тойдан кейін - спиртті ішімдіктер ішіледі»). Әр бір қонақ жастықпен немесе сол жақ қолындағы білікшемен төсекте шынтақтап жатады.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Тақырып №7. Христиандық әлем. Византия. Романдық стиль. Готика


IV ғасыр соңында Рим империясы екі бөлікке ыдырап кетті: Батыс және Шығыс Р жылы Батыс Рим империясы толығымен құлап, бір жағынан құл иленушілік құрылыстың тұтастай бұзылуына әсерін етіп, екінші жағынан Батыс Еуропаның даму үрдісін уақытша тежеді, себебі, еуропалық қоғам римдіктер жетістіктерін жетілдіру жолынан өмірдің барлық салаларын бақылауға алған христиан шіркеуінің әсеріне тап болды. Бұл қонақ үй шаруашылығының жүйесіне де әсерін тигізді.

Орналастыру құралдары VI-XIV ғғ сауда мен сапарлардың жаңа дәуірімен қатар өркендей бастады.

Орта ғасырларда қонақжай мекемелерінің дамуына діни дәстүрлер де өз әсерін тигізді. Бұл дәуірде адамдар әулие орындарға қажылық сапар шекті, түнеу орындарын саяхатшылар шіркеу мен абаттықтардан іздеді. Шіркеу аббаттықтарға жолаушыларды паналау мен тамақтандыруға бұйрық берді. Аббатықтармен ұсынылған тегін түнеу орындары жеке орналастыру құралдарының дамуына кедергі болды. Дегенмен, түнеу орындары бұл кезге дейін қалыптасып, саны өсті, бұл жеке түнеу құралдары тек қана тұрғын бөлмелерді ұсынды.

Әлем қонақ үй индустриясының дамуына ортағасырлық Англияда көрініс тапқан үрдістер әсер етті. 1066 жылы Англияны нормандықтардың жаулап алу салдарынан саяхатшылар саны өсе берді. Англиядағы тұңғыш тұрғын үйлер жеке үйлер негізінде ашылып, кез-келген үй иесі жолаушыдан түнеу үшін ақыны ала алатын еді. Бәсеке салдарынан тұрғын үйлерді ұстау кәсіби мамандандырылған іс-әрекетке айналды.

Патша билігіне тәуелді болған ағылшын шіркеуінің үлкен әсері, католик әулие орындарына саяхатты дамытуға ықпал болып, қызмет көрсету саласын тежеді. Ортағасырлардың соңында ғана шіркеудің ағылшындардың қоғамдық өміріне ықпалы төмендей бастап, жеке орналастыру құралдарына қажеттілік өсті.

Англияда 1530 жылы Генрих VIII патшасы шіркеу мүлігін патша мүлігіне айналдырып, саяхатшылар тегін паналау орындарында тұра алмай, тек қана жеке тұрғын үйлерінде түнеді.

Ағылшын тұрғын үйлері ағаштан салынды, ал мәртебелі жолаушылар тас замоктар мен шіркеуде тұрақтанды. Қайта өрлеу дәуірінде Генрих VIII патшасы монастырь тарату туралы өкім шығарды.

Орта ғасырларда қалыптасқан қонақжай индустриясындағы құндылықтар осы күнде де орын табуда, мысалы, жағымды орта, жылы шырайлы қызмет көрсету, тағам, дегенмен, сол кезеңдердің қонақ үйлердің саниятария жағдайы қазіргі дәуірмен салыстырғанда төмен деңгейде болды.

Византияның дамуы Батыс Еуропаға қарағанда өзгеше болды. 395 жылы Рим империясынан бөлінгеннен кейін Византия 1453 жылға дейін өркендейді. Бұл кезенде Византия христиан діннің православ тармағының даму орталығына айналды. Қонақ үй индустриясында жалпы еуропалық тенденциялары әсерін тигізеді: католик шіркеуінің Шығыста өз ықпалын Крест жорықтары арқылы орнатпақшы болады. Византия әскердің транзиті іске асырылатын мемлекеттірің біріне айналды, сол себепті де, мұнда орналастыру құралдарының даму бағыты Батыс Еуропадағыдай болды. Бірақ, Шығысқа қарай жақын орналасуына байланысты тәуелсіз орналастыру құралдарының саны өсе берді.

Еуропа үшін ортақ көзқарастардың мәдениеттің дамуына ықпалы салдарынан қонақ үй саласында құрылыстарды салу берік шикізат арқылы іске асырылды: күйдірілген кірпіш, тас, т.б., себебі, тек қана осындай сынды материалдар еуропалық климат жағдайында жайлылықты да қосымша қорғауды қамтамасыз етті. Қонақ үй кешенін безендіру мәселесінде архитектуралық бейнелеу стильдері маңызды орын алды, шіркеулермен қатар бәсекеде болған қонақ үйлер шіркеу талаптарына жақындап мүмкін тұрғындарды өзіне тартуға тырысты. Сол себепті де ортағасырларда екі негізгі үлгі бойынша қонақ үйлер салынды: романдық стиль - төмен жұмырланған күмбездер ортағасырларға тәне және готикалық үлгі - ірі сүйірленген терезелер және биік есіктер кейінгі ортағасырларға тән үлгі болды.

Сонымен, келесі қорытынды жасауға болады:

• Ортағасырлық Еуропада қонақ үй шаруашлығы даму үрдісіне кедергі ғана болып қоймай, жеке қонақ үйлеріне бәсеке болған христиан шіркеуінің ықпалы астында болды

• Батыс Еуропа және Византия мемлекет болып тәуелсіз дамыды, дегенмен, қонақ үй шаруашылығында ортақ белгілері болды

• Аталған ықпал астында Англия да болды, дірақ, шіркеу патшаға бағынды, бұл қонақ үй шаруашылығының дамуына әсерін тигізді

• Ортағасырлық Еуропа қонақ үйлері тек қана түнеу орнын, тамақты қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ қорғанысты да қамтамасы етті

• Қонақ үйлерді салу талаптары мен нормалары екі архитектуралық үлгіге негізделді: роман және готика.

Тақырып №8.Ежелгі Рим

Басты римдік жолдарда бір-бірінен арақашықтығы 15 мильде пошта станциялары орналасқан. Олар мемлекеттік пошта қызметінің құрамдас бөлігі болған. Жолдарды бойлай, сосын ірі қалаларда да мансион деп аталатын мемлекеттік қонақ үйлер жүйесі болған. Оларда әрбір 15 миль сайын салынған, және де оларда біруақытта бірнеше ондаған адам қоныстана алатын. Мұндай қонақ үйлерде әлеуметтік жағдайы жоғары емес адамдар қоныстанатын. Бір қызығы, қонақжайлылық индустриясы терминология үшін римдіктерге борыштар. «hospitality» (қонақжайлылық) сөзі латынның «hospitium» госпиции сөзінен шыққан. Түбірлес сөздер болып «host» (қожайын), «hospice» баспана, «hotel» (қонақ үй, отель) сөздерінен шыққан. Рим империясында қожайындық қарым-қатынастың деңгейінде саяхатшылардың орналасу шарттары мен олардың тұрақты қоныстанушы алаңына қызмет көрсету талаптары өсе берді. Императорлық кезеңнің рим қонақ үйлері белгілі бір кешенде кең ауқымды қызмет көрсету белгіленген: Бұл саяхатшылар орналасатын бөлмелер ғана емес, сонымен қатар қоймалар, ат қоралар, ұстаханалар, сауда орындары және т.б. Қонақ үйлер тастан салынып, қажетті қызмет түрлерімен қамтылған. Қыста уақытында жылынатын. Кейбір қонақ үйлер тек ресми тұлғаларды арнайы мемелекет басқармасы берген құжаттармен қызмет көрсеткен. Бұл дәстүр қазіргі уақытқа дейін арнайы ғимараттар түрінде ерекше маңызды тұлғалар үшін аэропорттар, вокзалдар сақталған.

Рим символы

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Капитолия қасқыры

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Колизей

Тақырып № 9. Ислам әлемі. Керуен-сарайлар

Ислам Араб түбегінде б.з. VII ғасырында қалыптасқан әлемнің ірі діндерінің бірі. Орта ғасырларда бұл территория көшпелі тайпалар бедуиндермен мекен етілді, шаруашылықтың негізін оазисті мал шаруышылығы құрады. Табиғи-климаттық жағдай күрделі болды: шөл және шөлейт зоналар, сол себепті басты құндылық су және су көздері болды. Мұндай көздердің аз болуына байланысты әулие және қол тигізбес болып есептелді. Көздерді құмнан қорғау мақсатында арнайы құрылыстармен қоршалды. Бұл құрылыстар жан жағында тұрғын үйлер пайда болып, аймақта қала мәдениетінің қалыптасуына бастау болды.

Аймақ пайдалы қазбаларға бай, сол себепті де, адамның пайда болуы мен дамуымен сауданың дамуының қажеттілігі туындалды. Мұнда бедуиндердің төзімділігі, көшпелі өмірге үйренгендіктері, ұзақ мерзімді жорықтарға төтізміділігі де маңызды орын алды. Керуен сауда жүйесі бірте бірте дами бастады, ал араб түбегінің тұрғындары транзитті саудагерлер орнын басты. Бұдан, керуен жол барысында тамақ, су, керек құрал жабдықтарды толтыру, демалу орнын ұсына алатын арнайы орындарды талап етті. Керуендер өз өзін ақтау мақсатында бірнеше ондаған, кей кезде жүзге шамалы адам мен жануарларды ұстаған, сол себепті де демалыс орындары жүздеген адамды сыйдыруды көздеген. Сонымен қатар, қабылдау мен шығарып салу кезіндегі топыруға тап болмау мақсатында мұндай кешендердің бірнеше есіктері болуы керек еді. Қонақ үй кешендердің, яғни, керуен сарайлардың кешендері ірі болды деп болжауға болады. Мұндай кешендерге ислам да өз ықпалын тигізді, бір жағынан Ислам бір құрылыс ішінде әйел мен ер адамдардың бірге тұрып жүруіне тайым салып белгілі бір ережелерді сақтауды және құрметтеуді көздеген. Сол себепті де, кейбір табынушыларды жеке орналастыру керек еді. Екінші жағынан, Шығыстың қонақты қабылдау рәсімі қарым-қатынастарды нығайтуға тырысып: саудагерлер бір бірімен ақпаратпен алмасуға мүмкіндік берген, белгілі бір келісімді орнатқан арнайы бөлмелер де салынды. Керуен сарайлар саяхатшылардың тек қана қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыра қоймай, сондай ақ, саяхатшыларға арнайы қызмет көрсету жүйесін ұсынды.

Келесі қорытынды жасауға болады:

• Туризмнің дамуына, қонақжай шаруашылығының қалыптасуына табиғи климаттық және жергілікті халықтың шаруашылықты жүргізу ерекшеліктері әсер етті

• Араб қонақ үй кешендері тұрғындардың жоғары санын сыйдырды

• Керуен сарайлардың инфрақұрылымы дамыған, қызметтердің алуан түрлерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Исламның негізгі белгісі Минареті бар мешіт

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Ислам дінінде ғана уникалды керуен сарайлар болды

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Сауда керуені сапар кезінде


Тақырып №10. Еуропалық Қайта құру. Ренессанс. Барокко. Рококо

Барокко «итал. Barocco артықшылыққа жақын», XVII-XVIII еуропа мәдениеті стилінде. Орталығы ретінде Италия танылған. Борокко стилі XVI ғасыр басы мен XVII ғасыр соңында пайда болған және пап стилі ретінде. Кейіннен Барокко Рим және Ватикан елдерінде танылды. Ең үздік құрлыс үлгілері мына елдерде жасалды: Италия, Испания, Португалия, Оңтүстік Германия, Чех, Польша, Литваелдерінде. Кеңінен таралған барокко сөзінің мағынасы "barruecco" испан тілінен шыққан және бұрыс үлгі маржанын білдіреді. Барокконың негізгі ерекшелігі ол кеңдік, байлық және кереметтік болып табылады. Сондай ақ, ауыспаллылық және өзгерушілік осы стильге тән және өзен раковинасымен салыстыруға болады. Кереметтік және байлылық стилі минимализммен ұштасады. Сондай ақ, бұл стильдің басты элементі ретінде фреск жазуларын айтуға болады. Бұл жазумен ідетте қабырғалар безендірілген. Орталық және басты элемент ретінде айналар саналажы және олар үлкендігімен ерекшклкнеді. Бұл айналар алтын жалатылған. Борокко орнаментінде табиғат мотивтері де көрініс тапқан, атап айтқанда: ағаш бұтағы, үлкен жапырақтар, гүл топтары. Диван және кресло арқалары толығымен сызық ретінде жасалған. Дивандар креслолардың жыйынтық конструкциясына ұқсас. Үстелдер домалақ формада және гүлді мәрмәрмен және мазайкалармен безендірілген. Барокко дәуіріндегі төсектер өте үлкен және үлкен шатер іспеттес тперделермен қоршалған. Қабырғаны безендіру үшін ағаш, мата, гобелен қолданған. Төбеде арнай жазу, алтын жалатылған шам және театр стиліне жақын есіктер бар. Бүгінде Барокко өзінің материалдық жағдайын көрсеткісі келетіндерге арналған. Арине бүгінгі Барокко стилі заман талабына сай өзгеріске ұшырады.

Рококо (от фр. rocaille - декоративная раковина, ракушка) -шығармашылық стилі(негізнен интерьер дизайнында). Бұл стиль XVIIIғасырдың бірінші жартысында Франция елінде пайда болды. Бұл стильдің негізгі рекшелігі мыналар: үлкен декаративті жіктеме, үйлесімді орнамент, жайлылылққа үлкен көңіл бөлген. Рококо стилі (1715-1723) Людовике XV кезінде пайда болған. Рококо стилі барокко стилінің өзгертілген жалғасы болды. Ол жаңа архитектуралық конструкция енгізген жоқ. Стиль жоғары даму деңгейін Бавария елінде тапты. Интерьерде қозғалмалы ширма, гүл бейнеленген габиленьдер, атақты қытай фарфоры балықтар, қытай шеберлерінің жихазы болды. Рокайль - стильденген раковина, стильдің символы және басты элемент. Роко стилінде , секретер, канапе, шезлонг атты жаңа жихаз түрлері пайда болды. Дәстүрлі стөл, кресло және өзгеде жихаздар әсемдене түсті. Жихаздарда тікбұрышты сызықтар кездеспейді. Тек дөңгелектенген формалар мен толқын сызықтар, арқалары бүгінкі креслолар, көп жастықты және жібекпен қапталған дивандар кездеседі. Рококо жаңа интерьерлерде кездесе бастады. Ол жалпыға раналған стиль емес. Бұл стильге аристократтық рухы тән. Жатын бөлме, қонақ бөлме, жуынатын бөлмелер үшін көп жердің қажеті жоқ, Керсінше үй мерекелік жеңілдікке толы.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Рокко стиліндегі жихаз

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Барроко стиліндегі интерьер

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Тақырып № 11. Классицизм. Ампир. Эклектика

Классицизм (латин тілінен аударғандағы мағынасы «classicus» - үлгілі) - бұл осылай аталатын «үлкен» стиль. Оның үлкен деп аталуы себебі, ол еуропа өнерінің барлық түрлерінде байқалды: музыкада, әдебиетте, сурет, сәулетте өнерінде. Классицизм өнеріне тән ерекшеліктер: антикаға жүгінеді, симметрия және үйлесімділік - интерьер дизайнында да өз бейнесін тапты. Классицизм 17 ғасырда Францияда пайда болды және екі жүз жылдан көп уақыт Еуропада өз үстемдігін жүргізді. Ұстамдылық, құндылық және үйлесімділік, ең жақсы отандық классикалық ғимараттар мен интерьерлерге тән. Стильдің негізгі ерекшеліктері: Классицизм стиліндегі интерьер, тура пропорциялығымен, симметриялығымен, сызықтардың анықтығымен және дұрыс үлгілермен айрықша болады. Бұл стильде жасағанда аркалар, бағандар, жартылай бағандар, жапсырмалар жиі қолданылады. Материалдары: Классикалық интерьер үшін, қымбат жоғары сапалы материалдар пайдаланылады: шие, карель қайыңы, жаңғақ немес қызыл ағаш сияқты құнды ағаштар, мәрмәр, гранит, жалатылған алтын, жібек. Интерьердің элементтері және аксессуарлары: Интерьердің аксессуары қатаң және әшекейленбеген, декор ұстамды және тектілікті білдіреді. Классикалық стильдің маңызды элементтері - жапсырмалар, бағандар, мүсін, суреттер, фарфор, хрусталь салпыншақтары бар люстралар, антиквариаттар. Жиһазы: қатаң түрде, ою-өрнектік немесе безендіру болуы мүмкін, бірақ артық жері болмайды. Ақ лакпен жабылған жиһаз жиі қолданылады. Арқасы сопақ немесе тік бұрышты жеңіл орындықтарды, домалақ столдарды, терең креслоларды, канапені, комодтарды, секретерлерді, яғни классикалық интерьерге арналған жиһаздарды, көптеген атақты фабрикалар шығарады. Классицизм қазіргі жаңа итерьерде де қолданылады. Классицизм - бұл ауқатты, байсалды адамдардың стилі. Материалдар мен өңдеу сапасының өте жоғарылығы, бұндай интерьердің бағасының жоғары болуының негізгі себебі.

Ампир (франц. тілінен аударғанда empire - империя) классицизмнен, антикалық өнер үлгілерінен үйрене отырып, олардың ортасына үлы қуат пен жауынгерлік күшті сіңіріп, ондағы сарынды тауысу үшін, ежелгі Грекия мен Рим империясының мұра болып келген суреттерін қосты: ауыр діңмаңдайшаның монументальді үлгілерін, сәулет бөлшектеріне және декорға әскери эмблеманы (дикторлық дәнекер, жауынгерлік сауыт-саймандар, лавр гүлтәжі, бүркіт және т.б.). Ампир - XIX ғасырдың басында Францияда, Наполеон Бонапарт империясының кезеңінде пайда болған стиль. Стильдің негізгі ерекшеліктері. Ампир ауырлығымен, пішіндерінің нақты айқындылығымен және әдемілеудің күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл стиль металл бұйымдарымен, қабырғаға тағатын ескі кілемдерімен және безендірілген жиектемедегі суреттерімен ерекшеленеді. Мерекелігі, салтанаттылығы, қатаңдығы және қандай да бір суықтығы - ампирдің негізгі сипаты. Интерьердің элементтері мен аксессуарлары: Ампир стилінің декоративті сарыны, негізінен ежелгі рим әскери құрал-саймандарының элементтерінен тұрады: бүркіт бейнеленген легионерлік белгілер, найза, қалқан, садақ оқтарының, дикторлық балталар жиынтығы. Рим стилімен қатар, египет өнерінің сарындарында байқауға болады. Антикалық және аңыздық сипаттағы мүсіндік бейнелер аллегориядан тұрады: олар сфинкстер де, грифондар да, кариатидтер де және жеңістің әйел құдайы. Интерьерді безендіруге көбінесе қаруды пайдаланады. Ампир интерьеріндегі жиһазға, интеллектулаьді атмосфера жасауға дәл келетін рационалистік классицизм ретінде де сипаттама беруге болады. Ампир стиліндегі жиһаздарға қызыл ағаш, жаңғақ ағашы, ал Ресейде сондай-ақ карель қайыңы қолданылады. Ойып жасалатын ою-өрнек мүлдем пайдаланылмайды. Декоративті элементтер ретінде, қола немесе алтын жалатылған жапсырмалар қолданылады, ең сүйікті сарындары - айқасқан қылыш және найза, қалқан және дулығалар, лавр гүлтәжі. Ампир интерьеріндегі жиһаз, пайдаланудағы жайлылыққа нұсқан келтіре отырып, сән-салтанаттылыққа ұмтылады. Орындықтар креслоларға қарағанда біршама қарапайым, олардың арқасына көбінесе лира үлгісін береді, ол ампир стилі жиһазының заттарын безендіруде айтарлықтай көп қолданатын сарыны болып табылады.

Эклектика (XIX ғ., 1830-1890 жж.) әрқашанда әртүрлі мәдениеттердің арасында диалог болатындығы белгілі, бірақ өнердің негізін қалайтын принциптер XIX ғ. қалыптасты. Эклектиканың ең басты ерекшелігі - қолайлылық және жайлылық, қазіргі кездің стилінің бұрынғы кездің тарихымен бірігуі. Эклектика стилінде жасалған ғимаратты жасау кезінде, жиһаз ретінде, гүл мен фактура және де сәулеттік шешім мен текстура біріктірілген, бірнеше стиль интерьерінің заттарынан таңдап алынады. Сондай-ақ, эклектика стилінде жасалған ғимараттан, бірнеше тарихи стильдердің араласқанын көруге болады, бір ғана кішірек бұйымның өзінде рококо, ренессанс, классицизм және ампир сияқты көптеген стильдер кездеседі. Эклектикада интерьердегі әр түрлі заттарды біріктіретін, ұсақ бөлшектер өте маңызды болып саналады. Мысалы, егер қабырғаны қандай да бір әр алуан маталармен айрықша бөлгіңіз келсе, декордың бұл элементін ерекше көрсету үшін, онда ақ жерлер тастап кету керек. Әр түрлі стильдегі заттар араласқан жерде, бөлшектерге аса көңіл бөліп акцент жасау өте маңызды, себебі бөлшектер ғана заттардың сипаты бойынша әр алуандығына қарамастан, біріктіреді. Декор эклектика стиліндегі ғимараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Интерьер заттарының сыртқы пішіні, динамикалығымен ерекшеленеді және де ағаштағы безендірулермен қатар жүреді. Эклектика стиліндегі жиһаз динамикалық үліде (тым талғампаздықпен иілген және бұралған элементтер), ағаштан кесіліп безендірілген (иілген және бұралған оюлар) болды. Орындықтар мен креслолардың арқасы ғажайып үлгігеге ие болды, ал шынтақ таянышы бұрама еспелермен аяқталды. Барлық жиһаз сезім тудыруы керек. Эклектика қазіргі заманауи интерьерде. Эклектика стилі қазіргі күнде де өзінің бөлектігімен және өзгешелігімен өзіне тартады. Қазіргі интерьер - әр алуан стильдер мен бағыттардың синтезі. Қазіргі заманауи эклектиканы өзіне өзі сенімді, батыл, өзгеше ойлайтын адамдар таңдайды. Қазір әр түрлі дизайнерлік стильдердің араласуы болып жатыр және батыс пен шығысты, ескі мен жаңаны біріктіру өте сәнді болып саналады. Яғни, әр түрлі стильдегі элементтер бір-біріне қарсы тұрады да, нәтижесінде мүлдем басқа жаңа дизайн шығады.

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіруДәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру

Дәрістер жинағы: Материалдық-техникалық база және қонақ үй кешенін безендіру



Тақырып №12. Жаңа сәулет. Модерн. Функционализм

Модерн (фр. Moderne сөзінен аударғанда - жаңа, қазіргі) - XIX ғ. аяғы - XX ғ. басындағы еуропа өнеріндегі стиль. Модерн өнері көп қырлы және әр алуан, оны жасаушылар қалайда әлемді әдеміліктің көмегімен өзгеруге талпынды. 19 ғасырдың аяғы ғылыми-техникалық прогресстің шапшаң дамуымен атағы шықты. Тұрмысты айтарлықтай жеңілдететін жаңа технологиялар мен материалдар, қоғалыстың және байланыстың жаңа құралдары, мыңдаған ұсақ-түйек заттар, жақын арада-ақ әлемді танымайтындай етіп өзгертеді. Шұғыл өзгерістерді алдын-ала сезген еуропа қоғамы, әлемді әдемілік заңдылығы бойынша өзгерту мақсатында, өмірге жаңа өнер концепциясын әкелді. Жаңа заман талаптарына жауап беретін, жаңа сұлулықты іздеу, өнердің барлық түрлері мен жанрларының мақсаты болды. Осылай жаңа стиль - модерн пайда болды. Таң қаларлық, бірақ ол бір уақытта әр түрлі елдерде қалыптасты. Осы таңғажайып құбылысқа дәл сипаттама беру үшін, оған әртүрлі атаулар берді: «1900 жылдың стилі», «толқын стилі», «сызық стилі», «гүл стилі», тіпті күлкілі - «вермишель» және «жыланбалық» дегендер де болды. Ол мәңгілікке модерн болып қалды - соңында әлемді қайтадан көркемдік өзгерту ниеті утопиялық болса да, тарихтағы жалғыз орасан зор жаңа стиль. Модерннің әр бір интерьері қайталанбайтын өнер туындысы, декордың қандай да бір тұрақты ережелері жоқ және болмады да. Стиль рухы, көркемдік логика және жасаушының жекеше шығармашылық сарынының өздері ережені қалыптастырады - және бұл модерн суретшілерінің принципиальді позициясы. Интерьер дизайнындағы модерннің тағы да бір маңызды принципі, заттық-кеңістіктік ортадағы барлық элементтердің көркемдік біртұтастық принципі болды. Сызықтар, түстер, аксессуарлар, қалыптасқан жағдай және кеңістікке білінбей бірқалыпты еніп кететін бөлшектердің жарасымдылығына байланысты, интерьерлер тақ қаларлық үйлесімділік пен біртұтастыққа ие болды. Модернге тән стильдік ерекшеліктер - ассиметрия және тік бұрыштар мен сызықтар болмайтын, табиғат әлемінің үлгілерінің шынайылығына еліктейтін бірқалыпты иілген сызықтар. Оюлары өсімдіктер сарынында болу - ғимаратты модерн рухында безендірудің негізгі элементі. Бірақ, үлкен гүл шоқтары емес, керісінше жалғыз гүлдің нәзік әсемдігі, өсімдіктер мен жапырақтардың бос және табиғи әшекейлі өрілісі дизайншынылардың назарын аударады. Көбінесе оюларға орхидея, лалагүл, тұңғиық, нәркестік стильді бейнелері қолданылады. Орыс модернінің сүйікті гүлі және символы болып, нәзік және таңдаулы күлгін түсті ирис саналады. Құстар және инелік, теңіз жұлдыздары, қабыршақтар, балдырлар да гүл, әйел, нимфа, су перілері сияқты әдемі - осылардың барлығы модерн тақырыбы. Декор жасауда қақталып, соғылған заттар жиі пайдаланылады: шарбақтар, торлар, жиһаз элементтері. Өткеннің интерьеріне қайтып келу, үйреншікті жағдай болды, көбінесе өрнек, керамикаға салынатын сурет, мүсін жиі пайдаланылады. Интерьердің барлық бөлшектері мен аксессуарлары жоғары суретшілік деңгейінде орындалған. Жиһаздың сыртқы үлгілері бір қалыпты және көбінесе геометрия тұрғысынан қарағанда дұрыс емес болып келеді. Бірақ, модерн жиһаздары тақ қаларлық сыртқы пішініне қарамастан, қолайлы және жайлы, адам денесінің сұлбасы сияқты, оның сызықтарының иілімдері табиғи. Корпустық жиһаздар декоры көбінесе таңдаулы, қақталып, соғылатын фурнитурадан, матовый немесе витражды әйнек қосулардан жасалады. Текшелер мен сөрелер өте кеңінен қолданылады, олар әр бір үйдің интерьерін өте айрықша және мүлдем қайталанбас етіп жасайтын, көптеген ұсақ заттарға, кітаптарға, декорлық-қолданбалы өнер туындыларына, суреттерге қажет.

Функционализм - қазіргі заманғы сәулет пен дизайнның басты стильдерінің бірі. Оған қарапайымдылық, қолайлылық, эргономикалығы, үлгілердің тіктігі, заттардың көп қызмет артқаратындығы, декоративтік элементтердің жоқтығы тән. Функционализм стиліндегі интерьер ықшам, бірақ сонда да ашық және көбінесе болжай алмайсын непредсказуем, Функционализмнің өрлеу кезеңі 20 ғасырдың 20-30 жылдарына келеді. Бірақта, оның негізінде жатқан ұтымдылық принципі басым болу идеясы, өткен ғасырларда-ақ суретшілер мен сәулетшілердің қызығушылығын туғызды.. Сол кезде құрылған дизайн мектептері, барлық адамды қоршап тұрған заттар әлемін жасай отырып, біртұтас жағдай қалыптастыруға үйретті. Функционализм шегінде, адамның өміп сүру ортасының ғылыми негізделген өлшемдері жасалды, қазір оны әлемның көптеген елдерінде заң жүзінде бекіткен. Функционализм дүние жүзі бойынша тез таралды, халықаралық стильге айналды. Интерьердің барлық бөлшектері қызмет жасайды, бұл жерде қарапайым, жай ғана безендіруге орын жоқ. Ашық кеңістіктер оңтайлы қалқалар көмегімен жабылған, жоспарлау еркін. Қабырғада орнатылған текше, жарықтар кеңінен қолданылады. Геометриялық сурет немесе тегіс боялған қабаттар тән, кей жағдайда қабырға материалы жабылмай, көрініп тұрады да, бетон немесе кірпіш дизайн элементіне айналады. Жиһазы эргономикалы және көп қызмет атқарады: диван-төсек, кресла-төсек, үстелдері қайырмалы немесе жиналатын, отыратын орындары дене контурларын қайталайды. Ғимаратта корпустық жиһаз өте аз, оның орнына сақтау жүйесі ретінде, қабырғаға орнатылған шкафтар мен сөрелер пайдаланылады. Бұл стильге, әдетте жиһаздың көп қызмет атқаратындығын көрсететін ерекше құрылым тән. Мысалға Ле Корбюзь жасаған болат құбырлық құрылымдағы кубтық кресло немесе сиыр терісімен қапталған жантайма төсекті алуға болады. Функционализмдегі ұтымдылық, бұл стильдің біртектілігі жайлы пікірлерге қарамастан, адамға тек қолайлылығын ойластырып жасап ғана қоймайды, сондай-ақ, ол эстетикалық тартымды және өзіндік ерекшелігі бар қазіргі заманғы итерьер. «Ақылды» функциональді интерьер, қожайындардың талғамы мен интеллектісінің куәсі. Функционализм іскер адамдарға тура келеді, бұл стильді өзінің уақытын бағалайтын және барлық жаңа мен әдеттен тыс заттарды жақсы қабылдайтын, энергиясы көп, белсенді адамдар қалайды.


© 2010-2022