• Преподавателю
  • Другое
  • Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы

Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл медициналық колледжі












Кәсіби қазақ тілі пәнінен

«Фармация» бөлімінің ІІІ курсына

арналған мәтіндер жинағы































Тараз қаласы

Өсімдік - дәрінің негізі.

Адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізгі қорегі өсімдік болған. Түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі - түрлі гүлдерді, шөптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі аурулар азабынан құтылу жолдарын да іздестіре бастаған.

Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің іш ауыртып, құстыратын да қасиеттері бар екенін байқаған. Сондықтан да іші ауырған адамдар осындай өсімдікті пайдалануға бой ұрған, өйткені ішек-қарын босаса, оның ауырғаны басыла қалатынына олардың көздері жете бастаған. Осыған қарағанда алғашқы адамдарда тиімді дәрілік өсімдікті талғап алу жөнінен қазіргі жабайы жануарлардағы сияқты түйсік сезімі болғанға ұқсайды.

Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді тауып, оларды қолдану жолдары алғашқы кезде өте қиын болды. Ауру түрлері және оларды емдеу жөнінде жолға қойылған белгілі бір білім болмады. Сондықтан ауырған адамдар бұрын осы сияқты аурумен ауырып жазылған адамдардан барып көмек сұрайтын болды.

Ғалымдар ертедегі египет иероглифінің сырын ашып оқи бастасымен-ақ ертедегі египеттіктер өмірінде өсімдік рөлінің күшті болғандығын білген. Храмдар қабырғалары мен табыттардан түрлі өсімдіктер суреті, оған иероглифпен жазылған жазулар табылды. Олар папирустарға жазылған. Шамамен алғанда біздің заманымызға дейінгі 1570 жылға жататын ертедегі египет папирустарының ең үлкенінің ұзындығы 20-23 метрге жетеді екен. Оны 1875 жылы неміс ғалымы Георг Эберс тапқан.Сондықтан оны «Эберс папирусы » деп атап кеткен. Бұл папирусқа әр түрлі ауруларды емдеу рецептісі жазылған екен.



















Дермене.


Жаңа сөздер:

дермене - цитварная полынь

жабайы - дикий

жер беті - весь мир

дәрілік - лекарственный

қасиет - свойство

ерте заманнан - с давних времен

нәрлі - питательный

ағза - организм

шөп - трава

себу - посев

Дермене - жабайы өсетін өсімдік, жусанның бір түрі. Дерменеден адамның ішек-құрт ауруын емдеуге қажетті сантонин дейтін дәрі жасалады.

Жер бетінде жусанның сан алуан түрлері өседі, бірақ олардың бәрінде де сантонин бола бермейді, болса, тіпті аз болады.

Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті 1830 жылы ғана анықталған. Ол әлі күнге жабайы өседі. Дермене біздің елде ғана, оның ішінде, Шымкент облысының Шаян, Арыс, Шәуілдір жағында ғана өседі. Дерменеден дәрілік таза сантонин шығаратын зауыт дүние жүзінде біреу-ақ. Ол - Шымкент қаласындағы химфарм зауыты.

Дермененің ауруға ем болатын қасиетін халық ерте заманнан білген. Бұрын халық медицинасы ішекте болатын құрт ауруларының бәріне қарсы осы дермене шөбін пайдаланып келген.

Ішек-құрты адамның ішкен-жеген тамағындағы нәрлі заттардың біразын жеп жатады. Ол ішектің ішіне жабысып, ішекті сорады, сөйтіп адам ағзасын улайды да іштен қан өткізеді.

Қазір Қазақстанда дермене өсімдігі қолдан себілетін, суарылатын өсімдікке айналды. Осының нәтижесінде ішек құрты ауруының азаюына, тіптен мүлдем құруына мүмкіндік жасалды.





Көкнәр.

Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы

Жаңа сөздер:

көкнәр - мак

мәлім - известный

бау - сад

дән - зерно

шектелмейді - не ограничится

уыт - горечь

бір жылдық - однолетний

алқызыл - алый

ақшыл қызыл - светло-красный

күлгін қызыл - неярко красный

тостағанша - чашечка

тілу - разрезать

шырын -сок

шаншу - колики

Көкнәр көпке мәлім сәнді өсімдік. Біздің бауларымызда көкнәрдің әдемі гүлді сұрыптарын декоративті өсімдіктер ретінде егеді. Ал оның дәнін сеуіп әр түрлі тәтті нандар пісіреді. Көкнәрдің пайдалылығы мұнымен шектелмейді. Одан апиын, морфин, кодеин, папаверин сияқты көптеген уытты дәрілер алынады.

Көкнәр бір жылдық өсімдік. Оның гүлдері алқызыл, ақшыл қызыл, күлгін қызыл болып келеді. Көкнәрдің гүлі түсіп, тостағаншасы шығады. Оны тілгенде аққан шырыны апиын болады. Апиын күшті - у.

Апиын - ұнтақ, таблетка, тұнба және экстракт түрінде шығарылады, сондай-ақ одан күрделі рецепторлар бойынша ішек-қарын, бүйрек шаншып ауырғанда, іш өткенде жұмсалатын дәрілер жасалады. Тұмау тигенде апиыннан жасалған: ұнтақ, апиын бензойлы тұнбасы, парегорик тамшысы, пектол таблеткалары беріледі. Бес жасқа дейінгі балалардың ерекше сезімталдығын ескеріп, апиынды және одан жасалған дәрілерді бермейді.

Омнопон - апиыннан жасалған жаңа дәрі. Морфин қандай ауруларға берілсе, омнопон да сондай ауруларға беріледі.



Сана.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы

Жаңа сөздер:

сана - александрийский лист

бұршақ - горох

шағын - небольшой

бұта - кустарник; ветка

құрамды - составной; соединенный

түнде - ночью

әсер - действие

араластыру - смещивать


Сананы бұршақ тұқымдастарына жататын не сопақша, не сүйір жапырақты кассия өсімдіктерінен алады. Өзінің шығатын жерінде бұл өсімдіктің екі түрі де шағындау бұта болып өседі. Жапырақтары құрамды, 4-8 қос қанатты болып келеді. Дәрі жасау үшін жапырақтарының қалағы жинап алынады. Жалпақ бұршақ тәрізді жемісі болады, оны дәріханаларда «Александрия жапырағы» деп атайды.

Кассия Африкада көп өседі, оның жапырақтары дүние жүзілік рыноктарға шығарылады, олар әсіресе Александрия қаласы арқылы шығарылғандықтан, бұл өсімдіктің аты «Александрия жапырағы» деп аталып кеткен.

Сананың жапырақтары мен бұршақтарында іш жүргізетін қасиеті бар антраглюкозид заттары бар, сондықтан сана дәрісі адамға түнге қарай беріледі.

Іш жүргізу ретінде 10-20г сана жапырағы мен бұршақтарын бір стақан суға салып түнге қарай ішкізеді, дәрінің әсері 6-10 сағаттан кейін білінеді. Оның әсерін күшейту үшін іш жүргізетін басқа дәрілермен араластырып қолданады.


Шайқурай.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы

Жаңа сөздер:

шайқурай - зверебой

күрделі - сложный

пайдалану - использовать

жара - рана

тұндырма - настойка

шаю - полоскать

күйік - ожог

шипалы - целебный

қабыну - воспаление

шиқан - фурункул


Ертедегі мемлекеттік актілер мұрағатынан табылған мәліметке қарағанда шайқурайды сонау ХVІІ ғасырдың басында дәрі ретінде пайдаланған екен. Шайқурайды еліміздің кез келген жерінен дайындауға болады.

Шайқурайда 10-12% тері илейтін заттар, эфир майы, смола, сары бояу, гиперин глюкозиді, санонин, холин, С дәрумені және каротин бар.

Шайқурай ғылыми медицинада кейін қолданылған өсімдік. Оның құрамындағы заттардың күрделілігі жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Құрамында холин болғандықтан ол гипертонияға қарсы да әсер етеді. Шайқурайдан бірнеше дәрі-дәрмектер жасалады.

Шайқурай майы жараны емдеуге қолданылады. Оның суға және спиртке қосқан тұндырмасы адамға ауызын шаю үшін беріледі. Украина Ғылым академиясы шайқурайдан иманин дейтін жаңа дәрі тауып, оны күйік, тері ауруларын емдеуге ұсынған.

Халық емшілері шайқурайды басқа шипалы өсімдіктермен араластырып қолданған. Онымен ішек-қарын, бауыр ауруын, түрлі қабыну процестерін, шиқан мен бөртпе сияқты жараларды емдеген.




Меңдуана.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы


Жаңа сөздер:

меңдуана - белена, дурман

бау-бақша - сад

төңірек - окрестность

дән - зерно

улы - ядовитый

жәндік - насекомое

жүйке - нерв

орталық - центральный

бұзу - разрушать

көмей - гортань

қарашық - зрачок

Кез келген жерде өсетін улы шөптердің бірі - меңдуана. Меңдуананың елімізде қара меңдуана, дала меңдуанасы, Сібір меңдуанасы, Шығыс меңдуанасы деген төрт түрі кездеседі. Мұның ішінде өте көп тарағаны - бау-бақшада, үйдің төңірегінде, өзен бойында, далада өсетін кәдімгі қара меңдуана мен сасық меңдуана.

Меңдуананың дәні тым улы болады, оның 20 дәнін жегеннің өзінде балалар уланып қалады. Меңдуананың дәнін жеген жәндіктер де, құстар да, адам да уланады.

Меңдуананың уы орталық жүйке жүйесінің - мидың қызметін бұзуға әрекет жасап, адамды есінен адастырады. Онымен уланғанда зардабы 25-30 минут ішінде-ақ біліне бастайды. Алдымен адамның аузы, көмейі құрғап, мойны мен беті қызарып, көзінің қарашығы үлкейеді. Содан кейін адамның жалпы қозуы күшейіп, жүріс-тұрысы бұзылады, есі ауысып, сандырақтай бастайды. Меңдуанамен уланған адамды тез арада дәрігерге жеткізу керек.


Меруертгүл.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

меруертгүл - ландыш

орман - лес

алқап - местность; территория

көлеңкелі - тенистый

хош иіс - ароматный запах

шүйіншөп - валериана

долана - боярышник

бәсеңдеу - ослабевание


Меруертгүл Ресейдің Еуропалық бөлігінің барлық орман алқаптарында, Қырымда, Кавказда және Қиыр Шығыста, көлеңкелі ормандардың ішінде бұталардың арасында өседі. Бұл өсімдікте жүрек ауруына қолданылатын глюкозидтер болады, жас гүлдерінде хош иіс шығаратын эфир майы бар. Меруертгүлден жасалған дәрілерді шүйіншөп пен доланадан жасалған дәрілермен қосып, көбінесе жүрек, жүйке жүйесінің жұмысы бәсеңдегенде қолданады. Жалаң өзінен жасалған дәрілерді ішкенде жүрек қызметіне тез, әрі күшті әсер етеді.

Ресейде меруертгүлді ертеден бері жүрек, шешек, қояншық, миға қан құйылу, көз, іш т.б. ауруларға қарсы қолданып келеді.


Тырнақшагүл.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

тырнақшагүл - календула

халық медицинасы - народная медицина

ертеден - с давних времен

шайдыру - полоскать

мәлімет - сведения

шайыр - древесная смола

ашымық - закваска

жігерлендіру - воодушевлять



Тырнақшагүлдің емдік қасиеті халық медицинасында ертеден-ақ белгілі. Мұны ауырған жерге басқан, жаққан, ауызды және ішті шайдыруға кең пайдаланған.

Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда тырнақшагүлдің гүлінде салицил және алма қышқылдары, ашымық, шайыр, эфир майы, кілегей, ақуыз заттары және сапониндер көп болады екен.

Спирт аралас тұнбаны мұның кепкен гүлінен жасайды. Тұнбаның адамды сергітіп жігерлендіретін әсері бар екендігін эксперименттік зерттеу арқылы дәлелденді. Ол жүйке жүйесін де тыныштандырады, жарақаттың тез жазылуына көмектеседі.

Жүйке жүйесі бұзылғанда және талма ауруы кезінде тырнақшагүл дәрісін ішуге де болады. Ол үшін тұнбаның 5-10 мл бір стақан жылы суға құйып араластырады. Оны күніне үш рет, тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Ларингит және баспа кезінде тырнақшагүл дәрісімен тамақты шаяды. Тамақты шаю үшін бір шай қасық тұнбаны бір стақан суға араластырады. Тамақты күніне 8-10рет шаю керек.



Тасшөп.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

тасшөп - чабрец

жазық - равнина

құмайт - полупесчаная почва

будандасу - скрещивать

кептіру - сущить

елек - сито

сояу - оголенный

орақ - серп

баяу - медленно

без - железа

қақырық - мокрота

ұнтақ - порошок



Тасшөп жазық құмайт жерлерде, құрғақ шыршалы ормандарда, әсіресе далада өседі. Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Сібірде, Кавказда көп тараған. Тасшөп химиялық жағынан нашар зерттелген, оның өзара будандасқан тағы басқа көп түрлері бар.

Тасшөп өсімдігін гүлдеген кезінде түгел жинап алады, кептіргеннен кейін үгіп, сым електен өткізеді де, сояу сабақтары мен тамырларын алып тастайды. Өсімдікті жинағанда тамыры өте тез жұлынатындықтан оны пышақпен не орақпен орып жинаған дұрыс. Тасшөп өте баяу өседі.

Тасшөпте 0,5-1% эфир майы бар, оны жапырақтарының үстіндегі бездері бөліп шығарады.

Тасшөпті адамға сұйық дәрі түрінде радикулит және неврит ауруларымен ауырып жүрген кезінде қақырық түсіруге ішкізеді.

Халық тасшөпті асты нашар сіңіргеніңде, жөтелгеніңде, кеудесі ауырғанда, ұйқысы қашқанда, ішегі іскенде қайнатып ішеді. Тасшөптің ұнтағын талма болған кезінде адамға иіскетеді.



Мия.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы


Жаңа сөздер:

мия - солодка

тамыр - корень

құнды - ценный

көбіктенеді - пениться

дене - тело

алмасу - обмен

дәрі жасаушылар - производителий лекарств

ежелден - с давних времен

жөтел - кашель

Мияның тамырында глюкоза, пектин, флавон болады. Әсіресе мияның құрамындағы құнды зат - глицирризин (6%) бар, таза күйінде ол қанттан 40 есе тәтті.

Глицирризин сумен араласқанда сабын сияқты көбіктенеді. Соңғы кезде оның денеде заттар алмасуына пайдалы әсері бар екені анықталды. Шынында да, оның ағзадағы тұз бен судың алмасуын реттейтін күшін дәрі жасаушылар дәлелдеп берді. Сондықтан да Шығыс Азиялық халықтар мияның тамырын дәрілердің құрамына қосып, дәрі ретінде ежелден бері пайдаланып келеді.

Мияның тамырын қызыл мия немесе өсімдік шайлары ретінде жөтелге қарсы қолданады. Сонымен бірге мия тамыры жедел іш жүргізуге әсер етеді.


Эвкалипт.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы


Жаңа сөздер:

үнемі - всегда

көкпеңбек - совершенно синий

малыну - покрываться

екпе - посаженный

жас - молодой

түссіз - безцветный

тәуір - неплохой

бүрку - опрыснуть


Эвкалипт - үнемі көкпеңбек жапыраққа малынып тұратын ағаш. Эвкалипт ағашының төрт жүзден астам сорттарының бірнеше түрі ғана медицинада қолданылады.

Ол ағаштың жапырақтарында 1-3% дейін эвкалипт эфир майы, 5-6 % тері илейтін заттар, фитонцидтар, бальзамдық заттар бар. Әсіресе эфир майы екпе ағаштың жас жапырақтарында көп болады. Оларды қоңыр күз өтіп, қыс айлары жақындағанда жинайды.

Эвкалипттің эфир майы түссіз, дәмі тәуір, лаванда және камфор гүлдері секілді хош иісті.

Эвкалипт майының құрамында әр түрлі химиялық заттар кездеседі. Ағаш майының сырқатты бәсеңдететін, әр түрлі тамыр тартылуға қарсы әсер ететін және зәр жүргізетін қасиеті бар.

Дәрігерлер эвкалипт эфир майын таза күйінде, сондай-ақ зәйтүн және лентол майларымен араластырып тамақ, басқа ішкі тыныс ағзаларын бүркіп емдеуге қолданады.





Қайың.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

қайың - береза

қотыр - шершавый

түйнек - завязь; клубень

үлпілдек - пушистоколосый колосняк

бүршік - почки

өрімдей - юный

өт - жельч


Отанымызда қайыңның он шақты түрі өседі, бұлардың ішінен көбірек таралғаны оның екі түрі - қотыр қайың мен ақ қайың.

Қотыр қайыңның өрімдей жас ағаштарын шайыр иісі аңқыған түйнектер басып тұрады. Жапырақтары үш бұрышты немесе жұмыртқа тәрізденіп келеді.

Ал ақ қайыңның жас шыбықтарында шайырлы түйнектер болмайды, олар үлпілдек, жапырақтары жұмыртқа тәрізденіп, оның алақаны жүрекке ұқсас келеді.

Қайыңның шайырлы бүршіктерін сәуірден бастап, мамыр айының ортасына дейін жинай беруге болады. Қайың бүршіктерін майда бұтақтармен бірге көлеңкелі жерде немесе жылылығы 25°, ауасы таза үй ішінде кептіреді.

Қайыңның бүршігі мен жас жапырағында эфир майы, флавоноидтер, С дәрумені бар.

Қайыңның бүршігі мен жапырағын қайнатып тұндырып алып, оны өтке тас тұрғанда және басқа ауруларға ем ретінде қолданады.







Арша.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

арша - ель

қылқан жапырақты - хвойные листья

ылғалды - влажный

сазды - глинистый

мәңгі - вечный

қабыну - воспаление

несеп айдайтын - мочегонный


Солтүстік ормандардан дәрілік өсімдіктерді іздестіріп көрсек, жапырақты ағаштар арасындағы қалың бұталардың ішінен қылқан жапырақты аршаны кездестіруге болады. Арша жапырақты құрғақ шырша өсетін жерлерден, топырағы ылғалды, тіпті сазды жерде өсетін қарағайлардың арасынан да табылады. Әсіресе, арша ылғалы орташа жерлерде жақсы өседі де, биіктігі 1,5-2 метрге дейін жетеді.

Арша - ағаштың кипаристер тұқымдасына жататын, Ресейдің солтүстік және орталық Еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірде, кейде Шығыс Сібірге таяу жерде өсетін қылқан жапырақты бұта.

Арша - мәңгі жасыл бұталы өсімдік, оның қылқанды инелері тікен сияқты.

Аршаның бүршік жемістерін күзде жинайды. Аршаның бүршік жемістерін адамның ас қорытуына пайдасын тигізетін несеп айдайтын дәрі-дәрмек жасайды.

Арша жемісінің ерітіндісін бүйрек қабынғанда ішуге болмайды.



Жүгері .


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы

Жаңа сөздер:

жүгері - кукуруза

жұғымды - питательный

шипалы - целебный

дақыл - культура

пайдалы - полезный

тұнба - настой

езінді - раствор

едәуір - значительно; довольно

жорамал - предположение

«Дала аруы» - жүгерінің тағамдық тамаша қасиетімен қатар, ғалымдардың байқауынша, оның емдік те пайдасы көп.

Жүгері - дәмді, жұғымды, шипалы дақыл. Ресейде және шетелдерде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жүгері майының биологиялық қасиеті басқа өсімдік майларынан артық екенін анықтады. Сондай-ақ жүгері майы қандағы холестеринді азайтады. Сондықтан жүгері майын атеросклероз ауыруынан сақтандыруға, тіпті оны емдеуге пайдалануға әбден болады.

Жүгерінің пайдалы қасиеті жалғыз бұл ғана емес. Бұл өсімдіктің аналық уызынан өтке, несепке әсер ететін тұнба мен езінділер жасалады. Бұл дәрілерді қан тоқтатуға да пайдаланады.

Жүгеріні тағамға көп қолданатын Африка континентінде, сондай-ақ Италияда, Испания мен Бразилияда халықтар қатерлі ісік ауруымен едәуір аз ауырады. Мұның өзі жүгеріде магнийдің көп болуынан деп жорамалдауда.





Лимон.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

пайда - польза

мәлім - известно

шөл - жажда

тәбет - аппетит

қоздыру - возбуждение

сіңіу - впитывать

дәрумен - витамин

тәулік - сутки

ешқашан - никогда


Лимонның пайдалы жеміс екені жұртқа мәлім. Ол шөлді тез басады, адамның тағамға тәбетін ашады. Асқазанның қышқылы азайған адам лимонның шырыны араластырылған сусынды ішеді. Лимон шырыны қарынның ас қорытатын бездерін қоздырып, ішкен астың бойға тез сіңуіне көмектеседі.

Лимон С дәруменіне өте бай, 100гр тазаланған лимонда 40мг С дәрумені болады. Бұл дені сау адамның тәуліктік нормасының тең жартысы. Лимондағы С дәрумені басқа жеміс-жидектерге қарағанда тұрақты келеді, егер дұрыс сақталған болса ол ешқашанда бұзылмайды.

Лимонда Р дәрумені де жеткілікті. Ал бұл дәруменнің адам ағзасындағы қан тамырларының бірқалыпты қызмет істеуіне үлкен ықпалы бар. Лимондағы Р дәрумені С дәруменінің әсерін күшейте түседі. Бұл лимонды көп жеуге болады дегеніміз емес. Адам ағзасына мөлшерден артық барған лимон қышқылы жасушалардағы тұздардың алмасуына зиянды әсер етеді.

Үйде лимонды тоңазытқышта, сыртқы қабығын аршып, қант сеуіп, қараңғыда сақтаған дұрыс. Сонда лимон өзінің бастапқы сапасын ешқашан жоймайды.



Шай.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағыКәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы


Жаңа сөздер:

шай - чай

табиғи - природный

ғасыр - век

қасиет - свойство

қолтума - доморощенный

дерек - сведения

сусын - напиток

сергіткіш - освежающий

қабілет - способность



Шай - ежелгі табиғи өсімдіктердің бірі. Адам баласы өзінің ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінде оның тағамдық қасиетін ашып, қолтума ауыл шаруашылық дақылдарының біріне айналдырды. Қазір дүние жүзінде шайды сусын ретінде ішпейтін халық кемде кем.

Шай туралы деректер біздің жыл санауымыздан 2700 жыл бұрынғы ежелгі қытай жазбаларында кездеседі. Шайдың атауы қытай тілінен алынған. Оның мағынасы - жапырақты сусын деген сөз.

Шай дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Себебі шайдың адамға қуат беріп, әрлендіретін, шаршағанда сергітетін жақсы қасиеттері бар. Сондықтан ол тез арада-ақ, басқа елдердің де күнделікті тағамы мен шипалы сусынына айналып кетті.

Шайдың құрамында көптеген С дәрумені, 1-24 пайызға дейін қышқыл заттар, 2-4 пайызға дейін кофеин және 0,3 пайызға дейін эфир майы бар.

Шай өзінің хош иісімен, ауыз үйіргіш дәмімен сусынды қандырады. Шай дәрігерлік тәжірибеде бір нәрседен уланғанда, қан қысымын арттыру керек болғанда және жүйке жүйесін сергіту үшін беріледі. Ол адамның қабілетін күшейтіп, күш-қуатын өз бойында сақтауға көмектеседі.



Асқабақ.


Жаңа сөздер:

асқабақ - тыква

бау - сад

дән - зерно

бір жылдық - однолетний

пішін - форма

көкшіл - голубой

сұрғылт - сероватый

құрамы - состав

мұқият - тщательно

ішек құрты - глист

быламық - кашица

ботқа - каша


Асқабақ дәнегінің ішек құртына қарсы дәрі екені бұрыннан белгілі.

Асқабақ бақшалар мен бауларда жалпылама егіліп жүрген бір жылдық өсімдік. Оның түрі де, пішіні де көп. Асқабақ дәнегінің сырты етсіз сұрпы ішек құртына қарсы көбірек әсер етеді.

Асқабақтың дәнегін бір жылдан артық сақтауға келмейді. Дәнекті пайдалану үшін оның қалың қабығын тазартады, бірақ оның ішіндегі көкшіл сұрғылт қабыққа тимей өзінде қалдырып қояды.

Дәнектің химиялық құрамы әсер етуші заттары жағынан мұқият зерттелген, бірақ бұл жөніндегі фармакологиялық және клиникалық зерттеулер асқабақтың іш құртына қарсы әсер ететінін халық медицинасының деректері дәлелдеп берді.

Сыртқы шытырлақ қабығынан тазартылған дәнекті қант немесе бал қосқан быламық түрінде қолданады.

Суға пісірілген асқабақтың несепті тез жүргізетіні де дәлелденген, ол үшін асқабақты ботқа етіп күніне 1-2 рет жеу керек.





Сарымсақ пен пияз.


Жаңа сөздер:

сарымсақ - чеснок

пияз - лук

басы - головка

шиқан - фурункул

әдет - привычка

қақырық - мокрота

тәжірибе - опыт

іріңді жара - гнойная рана

емхана - поликлиника

бу - пар

сығынды - выжимка



Сарымсақ пен пияз сонау ерте заманнан бері көп халықта, әсіресе шығыс елдерінде емдік дәрі есебінде қолданылып келген.

Пияздың басын іш, жүрек ауруына қарсы, шиқан, жара сияқты сыртқы дене сырқаттарына емге пайдаланған. Ал түрлі аурулардан сақтану үшін сарымсақтың түбін жіпке тізіп тағып жүру әдеті де болған.

Сарымсақта фитоцидтер, С дәрумені, йод, калций, марганец, кремний тұздары болады. Оны туберкулезде қақырық түсіретін дәрі ретінде, суық тигенде иіскету үшін т.б. ауруларда қолданылады.

Соңғы жылдардың тәжірибесіне сүйеніп қазір, пияз, сарымсақ буымен емханаларда іріңді жараларды емдейді. Өкпе туберкулезі мен суық тиіп ауырғандарға сарымсақтың буын иіскетеді. Сарымсақ пен пияздың ботқасы тұмаудан тез жазады, ол трихономад ауруларын жазуға да қолданылады. Сарымсақтың ішек құрттарын жою қасиеті де бар.

Таза пияздан әр түрлі дәрілер жасалады. Мысалы, пияздан аллиглицер сығындысы мен аллилчен тұнбасын жасайды.




Жемістердің емдік маңызы.



Жаңа сөздер:

бірқатар - некоторые

жеміс - ягода

ұлпа - ткань

өңдеу - обработка

кему - уменьшаться; убывать

піспеген - сырой

піскен - созревать

бағалы - ценный

артықшылық - преимущество

сіңіру - впитывать

жандандыру - оживлять

қабат - слой


Бірқатар жемістердің ұлпа етінен гөрі сыртқы қабықтарында дәрумендер анағұрлым көп болатыны есте болу керек. Ал ұлпа еттерінің ішкі жағынан гөрі сыртқы қабаты дәрумендерге бай келеді. Сол сияқты, жемістерді өңдеп сақтау кездерінде де олардың бойындағы дәрумендердің кеміп кететіні белгілі жағдай. Піспегендеріне қарағанда піскен жемістер пайдалы да бағалы, бұлар дәмді де қоректік заттарға бай болады, піскен жемістегі мұндай заттар ағзаға оңай сіңеді.

Жеміс бойындағы минералды тұздардың бір артықшылығы - олар дәрумендермен жақсы ұштасып келеді. Темір тұздары өзгеден гөрі алма, алмұрт, өрік, шабдалы, шие және бүлдіргенде көп болады.

Ішіп-жеген барлық тағамда бойға сіңіруге себепші болатын жемістер адам өмірінде ерекше рөл атқарады. Бұлар ас сіңіретін бездер қызметін жандандырып, ас сіңіру процесін реттейді.

Жас жеміс-жидекті қайнаған жылы сумен жуып жеу керек, өйткені жемістің сыртқы қабаты микробсыз болмайды.

Сақтау үшін жемістерді мұздату, кептіру, консервілеу және қайнату тәсілдері қолданылады.




Қара жидек.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы



Жаңа сөздер:

қара жидек - черника

мәлім - известно

күлтеленіп - распушиться

қалпақ - калпак; шляпа

тәрізді - похоже

құрамы - состав

болжам - предположение; догадка

тұнба - настой

қайнатпа - отвар

қабыну - воспаление

ащы ішек - тонкая кишка


Қара жидектің емдік мәні ерте заманнан мәлім. Оның қалпақ тәрізді жасыл гүлдері күлтеленіп тұрады. Емге оның жаз айларының аяғында пісіп жетілген бүлдіргендерін пайдаланады. Оларды жиып алып, желге жайып, пешке төгіп, не арнайы жасалған орындарда кептіреді.

Оның бүлдіргендерінің құрамында қант, тері илейтін заттар, алма мен лимон қышқылы, тенин дейтін қызартатын зат, В, С тобына жататын дәрумендер және басқа элементтер бар.

Көптеген зерттеулерде ерте замандағы дәрігерлердің кейбір болжамдары оның қайнатындысы іштің өтуін тоқтатуға өте пайдалы екенін дәлелдейді. Қара жидекті кисель, тұнба және қайнатпа ретінде де пайдалануға болады.

Қара жидектен жасалған дәрілерді баланың іші өткенде, ересек адамның ащы ішегі қабынғанда ішкізеді.

Дәрігерлер қарақат бүлдіргенінен жасалған дәрі-дәрмекті гипертониямен немесе қалқан бездерінің қызметі бұзылып ауырған адамдарға беруді ұсынады.








Таңқурай.


Кәсіби қазақ тілі пәнінен «Фармация» бөлімінің ІІІ курсына арналған мәтіндер жинағы


Жаңа сөздер:

таңқурай - малина

шырын - сок

хош иісті - ароматный

бал - мед

бұта - ветка

қышқыл - кислота

сергітеді - освежает; приободряет

тосап - варенье


Ресейдің Еуропалық жағында, бүлдіргеннің басқа түрлеріне қарағанда, таңқурай үлкен орын алады. Ара таңқурайдың шырынын жинап, хош иісті бал қорытады. Таңқурай бұтасындағы жемістер біртіндеп піседі. Олардың құрамында, глюкоза, клетчатка, минералды тұздар, ақуыз және басқа да органикалық қышқылдар бар. Ондағы С дәруменінің мөлшері ақ басты қырыққабаттікінен асып түседі. Сонымен бірге онда А, В, В2 дәрумендері болады.

Жаңа піскен кезінде таңқурай тәтті, шырынды және аңқыған хош иісті келеді. Ол адамның шөлін қандырып, ас қорыту мүшелеріне жақсы әсер етіп, ағзаны сергітеді. Таңқурайды қаймақпен, сүтпен және балмұздақпен қосып жеген тіпті жақсы.

Одан тосап, джем және басқа шырындар, сироптар, эссенциялар жасайды.

Таңқурай жемісінің кептірілген түрі мен одан жасалған сиропты суық тиіп ауырған адамдарға ерте заманнан береді.

















Тұмау дәрілері.



Жаңа сөздер:

тұмау - грипп

қауіпсіз - безопасный

елемейді - игнорирует

ауыр - тяжелый

жеңіл - легкий

жұқпалы - заразный

жеңіс кілті - ключь к победе

құнарлы - питательный


Тұмаумен адам көп ауырады. Бұл аурудан кейде адам тез жазылып кетеді.Сондықтан да жұрт тұмауды қауіпсіз екен деп ойлайды да, елемейді. Бұл дұрыс емес.

Басқа дерттер сияқты, тұмаудың да ауыр, жеңіл түрлері болады.

Тұмауды тез жазып жіберетін дәрілер жоқ. Дегенмен, кейбір дәрілер, адамның денсаулығына және тұмаудың ауыр, жеңіл өтетін түрлеріне қарай жәрдемін тигізеді.

Тұмау - өте қауіпті және тез таралатын жұқпалы ауру. Оны жазуға болады. Бірақ жеңіс кілті әр адамның өз қолында. Ол - еңбек тәртібін бұзбау, тазалық сақтау, дене шынықтырумен шұғылдану, дәмді-құнарлы тамақ ішу, дәрумендерді көп пайдалану, темекі мен ішімдіктен аулақ болу. Осының бәрі тұмаумен ауырмауға, ал ауыра қалғанда, тез жазылып, сауығуға көмектеседі.






Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер.


Жаңа сөздер:

жинақ - сборник

таяқша - палочка

төзімді - устойчивый; выносливый

лас - грязь

ащы - горкий

ұнтақ - порошок

еру - растворяться

негіз - основа

ағза - организм


Туберкулез - ежелден келе жатқан ауру. Бұл аурудың жұқпалы екені біздің ғасырымыздан 2000 жыл бұрынғы Хаммурабидың заң жинағында да көрсетілген. Оның микробтардан пайда болатыны белгілі болды. Ол микробты туберкулез таяқшасы немесе микробты тапқан ғалымның атымен «Кох бацилласы» дейді.

Туберкулез таяқшасын 500-1000 есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен ғана көруге болады. Туберкулез бацилласы өте төзімді. Ол 36°-38° жылылықта тез өседі. Ыстық температураға шыдамды, тек 100 градустық температурада ғана өледі. Туберкулез микробы қараңғы, лас, күн сәулесі түспейтін жерлерде көп жылдарға дейін сақталады.Туберкулезден тек адамдар ғана емес, мал мен құстар да ауырады.

Туберкулезге қарсы қолдану үшін соңғы жылдары көптеген жаңа дәрілер шықты.

ПАСК (натрийдің пара-амин салицилаты). Ащы дәмді, өте ұнтақ кристал. Суда жақсы ериді. Бұл әр түрлі туберкулезге, әсіресе өкпе туберкулезіне қолданылады. ПАСК-нің күніне 4 рет 2-3грамнан ішеді.

Стрептомицин - органикалық негіз, көптеген қышқылдармен қосылып барып, өзінің тұзын құрады. Оның туберкулез ауруының - өкпе, тамақ, ішек, жыныс мүшелері, сүйек т.б. түрлеріне әсері күшті.

Фтивазид - туберкулезге қарсы қолданылатын басты дәрілердің бірі. Ол - ашық сары түсті, хош иісті, суда нашар еритін кристалды ұнтақ. Туберкулез микробын өлтіретін қуаты мол, ағзаға өте сіңімді дәрі.



Туберкулезге қарсы егу.


Жаңа сөздер:

жұқпалы - заразный; инфекционный

шара - мера

зиянсыз - безвредный

пайда - выгода

қосалқы - вспомогательный

егу - прививка

енгізу - вводить

жұғу - заражаться

нәтиже - результат


Жұқпалы аурудың алдын алуда вакцинациялау - туберкулезден сақтанудағы аса маңызды шаралардың бірі. Оның ешбір зиянсыз екені, үлкен пайда беретіні әлдеқашан дәлелденген.

Туберкулезге қарсы алдын алу вакцинасы, БЦЖ, басқа түрлі вакциналардай жөнді қосалқы әрекеттер жасамайды.

Бала бірінші рет әйелдер босанатын үйде егіліп, одан кейін мектепке дейінгі жасында екінші рет егіледі, мұны ревакцинация деп атайды. Туберкулезге қарсы екінші рет егу алдында баланы туберкулин енгізу арқылы әбден тексеріп көреді, мұны Манту реакциясы дейді. Бұны балаға туберкулездің жұққан-жұқпағанын білу үшін істейді. Егер жұққан туберкулез болса, БЦЖ-ны екпейді, өйткені ол енген жерінде реакцияны күшейтіп жібереді.

Ревакцинацияны тек туберкулин енгізу арқылы тексертіп көргенде тиісті нәтиже бермегенде ғана жасайды.





Безгек дәрілері.


Жаңа сөздер:

безгек - малярия

таралу - распространение

шалшық - лужа

тұйық - замкнутый

бөгет - препятствие; помеха

күнара - через день

маса - комар

сору - всасывание

ұрық - семя; зародыш

сырқырап ауру - ноющая боль

кезеру - пересохнуть



Безгек - халық арасында көп тараған аурулардың бірі. Бұл ауру ыстық жерлердегі шалшық суларда, айналасы тұйық, ақпайтын көлдерде көбірек кездеседі.

Бұл аурудың микробы 1880 жылы табылған. Ол адам қанына түсіп көбейіп, қанның жүрісіне бөгет жасайды. Безгектің негізгі үш түрі бар: бірі күнара ұстайды, екіншісі екі күн өтіп, үшінші күнде ұстайды. Ең ауыры осы соңғы түрі. Безгек маса арқылы да тарайды. Маса ауру адамды шағып, микробты қанмен бірге сорып алады. Содан кейін, сау адамды шақса, оның қанына микробтың ұрығын енгізеді. Осыдан сау адам да безгекпен ауыра бастайды.

Безгекті тарататын масаны анофелес деп атайды. Бұдан басқа маса адамды шаққанмен безгек тарата алмайды.

Безгекпен ауырған адамның аяқ-қолы сырқырап, тамырлары тартып, денесі мұздайды, қалшылдап тоңып, басы ауырады. Ыстығы көтеріліп, ерні кезеріп, жүрегі қатты соғады.

Безгек дәрілері:

Акрихин - суда нашар еритін, сарғыш, өте ащы ұнтақ.

Хинин - хинин ағашының қабығынан өндіріледі. Дәмі өте ащы, ақ ұнтақ.

Эухинин - хинин препараты. Қышқылтым дәмі бар, жеңіл ақ ұнтақ.

Хлоридин - дәмсіз, иіссіз, кристалды ақ ұнтақ.т.б.











Бруцеллез ауруына берілетін дәрілер.


Жаңа сөздер:

арал - остров

жүйке жүйесі - нервная система

буын - сустав

шұғылдану - заниматься

ірі қара - крупный рогатый скот

борсық - барсук

суыр - сурок

кілегей - слизь

тіршілік - жизнь

тер - пот

лезде - миг; мгновенно




Бруцеллез - Мальтийск аралының безгегі, не болмаса Банга ауруы деп те атайды. Бруцеллез хайуанаттардан адамға жұғатын жұқпалы ауру, өзі өте ұзаққа созылып, адамның жүйке жүйесін, буын жүйесін әлсіретеді.

Бруцеллез - дүние жүзіне көп тараған ауру, мал шаруашылығымен шұғылданған аудандарда көп кездеседі. Мұны 1886 жылы ағылшын ғалымы Брюса тапқандықтан оның микробы да, ауруы да соның атымен аталып кеткен. Бруцеллезбен барлық хайуанаттар: қой, ешкі, ірі қара, шошқа, сонымен бірге жылқы, ит, үй құстары, борсық, суыр, дала тышқандары да ауыра береді.

Жан-жануарлар ағзасына бруцеллалар олардың кілегей қабықтары мен терісі арқылы өтеді. Бруцеллалар топырақ арасында 100 күнге дейін, ал су ішінде 150 күнге дейін өлмей, тіршілігін сақтайды.

Адамға бруцеллез көбінесе сиыр, қой, ешкіден жұғады. Мал арасында, мал қорасында жүрген адамдар бруцеллезбен жиі ауырады. Аурудың бірінші белгісі - дененің ыстығы көтеріліп, бел-буын сырқырап қақсай бастайды, бас ауырады, терлейді.

Бруцеллез ауруына берілетін дәрілер:

Биомицин - тетрациклиннің хлормен аралас түрі, көптеген микробты лезде өлтіру қасиеттілігімен танылған дәрі.















Гипертония ауруының дәрілері.


Жаңа сөздер:

кернеу - напряжение

шамадан тыс - чрезмерный

мүгедек - инвалид

құлағы шулайды - шум в ушах

лоқсу - позыв к рвоте

селқос - вялость; безразличия

қабырға - стенка

қанның өтуі - проходимость крови

ұйымдастыру - организовать

мезгілінде - вовремя

үнемі - всегда


«Гипертония» - грек сөзі. Ол гипер - өте жоғары, тония - қуатты кернеу деген екі сөзден құралған. Гипертония қан қысымының шамадан тыс көтерілуінен болады. Бұл бүкіл ағзаны әлсіретіп, адамның қызмет қабілетін кемітетін, кейде мүгедектікке де душар ететін ауру.

Қанның тасуына байланысты адамның денсаулығы тез нашарлайды. Адамның көбіне басы ауырады, құлағы шулайды, басы айналады, жүрегі айниды, лоқсиды, ұйқысы қашады, дене ауыр тартып, селқостық пайда болады.

Қан қысымы көтерілгенде - қан тамырларының қабырғалары тарылады да қанның өтуі нашарлайды.

Гипертониядан жазылу үшін, адам еңбек ету уақытын дұрыс ұйымдастыруы керек. Уақытылы дем алып, мезгілінде тамақтанып, ұйықтауы қажет. Өсімдік пен сүт араласқан тамақтарды көбірек, ет тағамдарын аз жеу керек. Қою шай, кофе, майлы сорпа ішуге, қазы-қарта, сүр ет жеуге мүлде болмайды. Күнделікті ішетін тағамның құрамында дәрумендердің үнемі аралас болғаны өте пайдалы.

Аминазин - ақ, крем түстес, ұсақ кристалды ұнтақ. Суда, спиртте және хлороформда жақсы, ал эфир мен бензолда нашар ериді.

Гипотиазид - Венгриядан шығатын, гипертонияға қарсы қолданылатын дәрінің бірі. Сонымен бірге ол жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына қолданылады.











Жүрек ауруларына қолданылатын дәрілер.



Жаңа сөздер:

себеп - причина

қабат - слой

зақымдалу - повреждение

демігу - одышка

ісіну - распухание

сасықшөп - пустырник

тұндыру - осадить

көп жылдық - многолетний

әлсіз - слабый

тұндырма - настойка

сығынды - выжимка



Жүрек ауруы әр түрлі себептерден болады. Мысалы, ревматизмнен, жұқпалы аурулардан, жүректің әр жерінде - ішкі және сыртқы қабында, еттерінде, қалталарында, тамырларында, жүрек қабының маңында және т.б. жерлердегі аурулардан пайда болады. Ол жүйке аурулары салдарынан да пайда болуы мүмкін. Кейде қан тамырлары ауруларынан жүрек зақымдалады, оның белгілері - жүрек өзгеше соғады, демігеді, қол-аяқ ісінеді.

Адонис - тау шөбінің гүлі. Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Қырымда, Кавказда, Сібірде өсетін аласа шөп тектес көп жылдық өсімдік. Жүрек қызметі нашарлап ауырғанда гүлінің 5-6 грамын 200 гр су қосып тұндырып, ас қасықпен күніне 3-4 рет ішіп отыру керек.

Сасықшөп - Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Орта Азияда, Батыс Сібірде өсетін кішірек қызғылт гүлі бар, көп жылдық шөп тектес жабайы өсімдік. Жүрек ауырғанда 6 грамнан 200 гр суға қайнатып, тұндырмасын немесе сығындысын күніне үш рет 15-25 тамшыдан ішеді.

Коринфар - жүрек тамырларын жиі болатын стенокардиядан сақтайды. 1-2 таблетканы күніне 3 рет ішеді.

Эринит - жүрек жұмысының әлсізденуінен сақтайды. 1 таблеткадан күніне 3 рет тілдің астына салып, сору керек.

Рибоксин - жасуша деңгейіндегі тотығу процестерін күшейтеді, жүрек етінің энергетикалық потенциалын өсіреді. Жүректің химиялық ауруы инфаркт миокардтың созылмалы коронарлық жетіспеуінде қолданылады.




Гипотония дәрілері.


Жаңа сөздер:

кернеу - напряжение

баяу - медленный

кеңес - совет

иіссіз - без запаха

алмасу - обмен

оттегі - кислород

қысым - давление

құлағы шулайды - шум в ушах

маралшөп - альпийская роза


Гипотония - грек сөзі. Ол екі сөзден құралған. Гипо - төмен, тонус - кернеу, көтерілу деген мағынаны береді. Қосып айтқанда қан қысымының бұрынғысынан баяулауы деген түсінік. Сондықтан гипотония науқасына ұшырасаңыз, дәрігерлердің кеңесін пайдалана отырып, төмендегі дәрілерді қолдану керек.

Дезоксикортикостерон-ацетат (ДОКСА) - кортат, дока-ацетат, перкортон препараттарымен тектес келетін иіссіз, түсі ақ, крем тәрізді, кристалды ұнтақ. Оның басты қасиеті - ағзадағы натрий мен калийдің алмасуын реттейді де, қан қысымының көтерілуіне себепші болады.

Казинтон - мидағы қан айналысын жақсартады. Қан қысымын түсірмей, жүрекке тікелей әсер етпей, миды оттегімен қамтамасыз етеді.

Гаммалон - бастағы қанның қысымын төмендету үшін, басты қатты соғып алғаннан кейін болатын бас айналуды, құлақтың шуылдауын тоқтату үшін 4-5 таблеткадан күніне 3 рет беріледі.

Жоғарыда көрсетілген дәрілермен бірге ертеден белгілі жень-шень, пантакрин, маралшөп тамыры тұнбаларын қолданған да дұрыс.





Тыныс демікпесіне қолданылатын дәрілер.


Жаңа сөздер:

демікпе - астма

тарылу - сужение

булығу - задыхаться

айығу - выздоровление

жүйке - нерв

ұстама - припадок; эпилепсия


Тыныс демікпесін медицинада бронхиалды астма деп атайды. Тыныс демікпесімен әркім-ақ ауырады. Адамның мезгіл-мезгіл тынысы тарылып, булығып қалады. Булыққан уақытта өкпе кеуіп, демін сыртқа шығара алмай, тынысы ішке тартылып тұрған сияқтанады. Бұл кеңірдек тармақтары қысылып, тыныс жолы тарылғандықтан болады.

Тыныс демікпесінен тезірек айығу үшін жалпы жүйке жүйесін тыныштандыратын шараларды қолдана отырып, таза ауада көп болу керек.

Ангистамин - Чехословакиядан шығатын, қан тамырларының кеңейіп кетуінен сақтайтын дене қызуын басатын дәрі. Онымен тыныс демікпесінің көптеген түрлерін емдеуге болады.

Астма-спрей - метилатропин, папаверин, адреналин, т.б. дәрілердің әр түрлі мөлшердегі қосындыларынан жасалған чехословакиялық дәрі. Оны тек тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде және алдын ала да қолданылады. Дәріні күніне бірнеше рет ингаляциялық тәртіппен жұмсайды.

Випразид - ол жыланның 0,1 уын ас тұзының ерітіндісіне араластыру арқылы алынады. Оны көбінесе, тыныс демікпесінен басқа да, ревматизм, радикулит, бел шаншудың (люмбаго), белдеме ұшық (опоясывающий лишай) ауруларына қолданады.







Ревматизм дәрілері.


Жаңа сөздер:

ағын - течение

тасқын - потоп

буын - сустав

сырқырау - ломить; болеть

лезде - мгновенно

ұнтақ - порошок

сіңу - впитываться


Ревматизм - халық арасында көп тарап, үзілмей келе жатқан аурулардың бірі. «Ревматизм» - грек сөзі. Грекше ревматисмос - ағын, тасқын деген мағынада. Мұны ел арасында сарп, буын ауруы деп те атайды. Бұл ауруда адамның буындары сырқырайды. Шынында да ревматизм тек буын ғана емес, сонымен қатар басқа да мүшелерді - өкпені, көк етті, бауырды, бүйректі, миды зақымдайды.

Ғылым ревматизмнің қалай пайда болатынын әлі де жете анықтап біткен жоқ. Сонда да, ревматизмнің суық тиіп, оны уақытылы қаратпай асқындырғандықтың салдарынан болатыны белгілі. Әдетте суық тиген адам байқамаса, оның ревматизмге шалдығуы оп-оңай. Кейбір жұқпалы аурудан адам ағзасы әлсіреп, содан ревматизм болуы мүмкін.

Антипирин - суда және хлороформда тез еритін, спирт пен эфирде баяу еритін, ақ түсті, иіссіз кристалды ұнтақ. Дәрі адамның буын-буыны, сүйегі сырқырағанын лезде басарлық қасиеті мен пиразол, дене қызуын басарлық күші барсалицил қышқылының туындысына жатады.

Адренокортикотропы гормон (АКТГ) - шошқа мен ірі қара миының мишығынан жасалған дәрі. Ол суда жақсы ериді.

Ревматизмнің өте ауыр түрімен сырқаттанғанда бұлшық етке тәулігіне 3-4 рет егіледі.

Гипертония, нефрит, қант диабеті және екіқабат әйелдерге АКТГ дәрісін беруге болмайды.

Бутадион - суда нашар еритін, дәмі ащы, ақ түсті ұнтақ. Бутадион ағзаға тез сіңеді, дене қызуын, буын мен басқа жердің сырқырап ауруын тез басады. Онымен ревматизмнің ең ауыр түрін емдейді.




Күнбағыс.



Жаңа сөздер:

күнбағыс - подсолнух

еріткіш - раствор

жабайы - дикий

қазба - раскопки

тұқым - семена

ысқылау - массаж

меңдуана - белена


Күнбағыстың жапырақтары мен гүлдері дәріге пайдаланылады да, ал майы еріткіш ретінде күрделі май заттарына қосылады.

Күнбағыстың алғаш өскен жері - Америка, онда ол жабайы өседі, археологиялық қазбалардың нәтижесіне қарағанда күнбағысты үнділіктер ерте заманнан бері егіп келген көрінеді. Оған дәлел қазба кезінде ішінде күнбағыс тұқымы бар құмыра табылған, оның жатқанына 2-3 мың жылдай уақыт өткен екен. Күнбағыстың тұқымын испандар Еуропаға тұңғыш рет әкеліп, 1510 жылы Мадрид ботаника бағына еккен. Оны ең әуелі сипаттаған Лобелиус деген ботаник. Ол күнбағысты «күн гүлі» деп атапты.

Петр І күнбағысты Голландияда көріп, оның тұқымын Ресейге жеткізіпті. Қара топырақты жерге егілген күнбағыстың табақшалары үлкен, дәнектері өте ірі болып өскен. Дәнектерінен май өндірген. Қазіргі кезде күнбағыс май өндірудің ең тиімді дақылы ретінде Ресейдің барлық жерінде өсіріледі. Қазақстанда соңғы он жылда күнбағыс егісі екі есе көбейді.

Күнбағыс майы денені ысқылау үшін камфора майының, меңдуана майының құрамына қосылады.







Грек жаңғағы.


Жаңа сөздер:

грек жаңғағы - грецкий орех

мол - много

өнім - продукт

төгілу - рассыпание

бағалы - ценный

аққуыз -белок

қуат - энергия

арнайы - специальный

әлсіз - слабый

ауыр - тяжелый


Солтүстік Кавказ бен Орта Азияда грек жаңғағынан мол өнім жинап алынады.

Грек жаңғағының қабығы екі қабат болады. Жаңғақ піскенде сыртқы көк қабығы кеуіп, ашылып кетеді де, оның ішіндегі қатты қабықты дәні жерге төгіледі.

Ағаштан жинап алынған жаңғақтардың бұзылмау үшін, оларды күн сәулесі түсетін, жел қағатын орынға жайып кептіріп алады.

Жаңғақ дәні - аса бағалы тағам. Оның құрамында адам ағзасы оңай сіңіретін 55% май бар. Сол майдың құрамында 15% ақуыз және 8% көмір сутегі, оның үстіне адам ағзасына өте пайдалы қанықпаған қышқыл заттар толы болады.

Жаңғақ өте калориялы келеді. Мысалы 100 гр жаңғақ 600-ден астам калориялық қуат береді.

Грек жаңғағы дәнінің құрамында адам ағзасына қажетті минералдық заттар: калий, магний, фосфор, кальций және темір де бар. Жаңғақта В дәрумені немесе тиамин деп аталатын заттар да мол.

Грек жаңғағының дәнін кондитерлік тағамдарға да қосады.

Жаңғақ дәнінен арнайы жаңғақ сүтін әзірлейді. Бұл сүт дәрігерлердің кеңесі бойынша әлсіз, ауыр науқастарға, сол сияқты балаларға беріледі.





Зәйтүн майы.


Жаңа сөздер:

зәйтүн майы - оливковое масло

тұқым - семена

жұғымды - сытный; питательный

құнды - ценный

қышқыл - кислота

төзімділік - стойкость; выносливость

екіқабат - беременный

емізулі - кормяший

зығыр - лен



Зәйтүн майы - зәйтүн ағашының тұқымынан алынады. Өзі өте жұғымды, иіссіз май. Мұның ең жақсы сортын провенск майы дейді.

Өсімдік майларының құндылығы - құрамындағы қанықпаған майлы қышқылдардың, мысалы, линол, арахидон қышқылдарының, Е дәруменінің азды-көптігіне байланысты. Қанықпаған майлы қышқылдар адам ағзасының өсуіне әсер етіп, атеросклероз ауыруынан сақтандырады, артық холестериннің ағзадан жылдам шығуына әсер етеді. Оларды қолдана отырып, тері ауруын болдыртпай, ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін арттыруға болады.

Майлы қышқылдарды екіқабат және емізулі баласы бар әйелдерге береді, жарақаттанған адамның жарасының тез бітуіне, бұлшық ет пен жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметтерін жақсартуға қолданылады.

Линол қышқылының құрамы: зәйтүн майында - 15% , күнбағыс майында - 54% , жүгері майында - 55%, мақта майында - 45%, сары майда - 3,6%.

Ал адам ағзасында күніне 5 грамдай қанықпаған май қышқылдары болуы шарт.

Сондықтан, зәйтүн майын күнбағыс, зығыр, мақта және жүгері майлары орнына қолдануға да болады.





Кофе.



Жаңа сөздер:

сүйкімді - привлекательный

дәмі - вкус

хош иіс - ароматный запах

қасиет - свойства

қышқыл - кислота

сапа - качество

сергіту - бодрящий

асқазан сөлі - желудочный сок

ойықжара - язва


Сүйкімді дәмі, өзіне тән хош иісі, бой сергітетін қасиеті бар тамаша сусынның бірі - кофе.

Кофенің шыққан жері - Африка, ол Оңтүстік Эфиоп провинциясы - Каффа дегеннен барып «кофе» деп аталған. Кофе Африкадан Араб жеріне әкелінген, кейін ол Оңтүстік, Шығыс Азия елдеріне тараған.

Кофенің құрамына талшық, кофеин, қант, май, органикалық қышқылдар, минералды заттар кіреді. Оның қоректік сапасы онша емес. Ондағы кофеиннің адам ағзасын сергіту үшін үлкен маңызы бар. Бір шай қасық кофеде 0,1-0,2 грамм кофеин болады. Дені сау адамның да, артериялық қан қысымы төмен адамның да жұмыс қабілетін арттыруға, жүрек қызметін күшейтуге соның өзі-ақ жетіп жатыр.

Жүрек, жүйке жүйесі, атеросклероз, гипертония аурулары бар адамдардың кофе ішуіне болмайды.

Ішек-қарын жолдарының әр түрлі ауруларында да кофені ішуге болмайды. Мысалы: ойықжара, асқазан қабынуы ауруларында. Ол ас қорыту бездерін қоздырады, асқазан сөлінің бөлінуін арттырады.




















Қырыққабат.



Жаңа сөздер:

қырыққабат - капуста

талақ - селезенка

теміреткі - лишай; экзема

ойықжара - язва

талшық - клетчатка

ағза - организм

сөл - сок


Қырыққабаттың емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі. Орыстың халық медицинасында қырыққабатты асқазан, бауыр, талақ, теміреткі, күйік, іріңді жара, ойықжара және басқа да ауруларға қарсы қолданған.

Бірқатар өсімдіктердің емдік әсерлері және жаңа дәрі-дәрмектер шыққаны туралы мәліметтер көбейген сайын қырыққабатты ем ретінде пайдалану бірте-бірте тоқтай бастады.

Арада жарты ғасырдан аса уақыт өткенде биологтар мен дәрігерлер қырыққабатқа қайтадан назар аудара бастады. Қырыққабаттағы талшық ішектің моторлық қызметін жақсартатыны, пайдалы ішек таяқшасының өмір тіршілігіне қолайлы әсер ететіні анықталды. Сонымен бірге талшық ағзадан холестеринді шығаруда да маңызды рөл атқарады.

Қырыққабатта микробтарға қарсы әсер ететін фитонцидтер, әр-түрлі ферменттер, фосфор тұздары бар екендігі эксперименттік жолмен дәлелденді. Қырыққабаттың жапырағында 25-тен 100мг дейін С дәрумені мен шамалы А,В1, В2, В3, В, Р, К дәрумендері бар. Сондықтан да қырыққабат - емдік және диета тағамдары пісірілетін өте маңызды өсімдіктердің бірі. Қырыққабаттың жараны жазатын қасиеті бар. Қырыққабаттың сөлін қарын және жіңішке ішегі жаралы адамдарға бергенде, олардың жараларының ауыздар тез тыртықтанып бітіп, адамдар сауығып кеткен. Медицина тәжірибесінде кәдімгі ақ басты капуста қарын жараларын емдеуге таптырмайтын дәрі екендігі анықталды.














Сәбіз.



Жаңа сөздер:

сәбіз - морковь

бақша - сад

тамыржеміс- корневой плод

шипалы - лечебный

ақуыз - белок

қабілет - способность

жара - рана

құнарлы - питательный


Сәбіз - жалпыға белгілі бақша өсімдігі. Оның тамыржемісін шипалы ем ретінде пайдаланады. Сәбіздің құрамында 20% мг каротин, 0,15% мг аневрин, 88% мг аскорбин қышқылы және көмірқышқылы, ақуыз, май бар.

Сәбіздің тамыржемісін авитаминоз бен гвитаминоздың алдын алу және оларды емдеу үшін қолданады. Әсіресе А дәруменінің авитаминозы мен гвитаминозының көз жанарының кемуі эпителидің атрофикалық, дистрофикалық өзгерістерімен қосарланған түрін емдейді. Бұдан басқа, сәбіз тамыржемісін жалпы қабілетті күшейтетін, жараны тезірек жетілдіретін құнарлы тағам ретінде де пайдаланады.

Сәбізді қазіргі уақытта А дәрумені мен каротин алу үшін негізгі өнімдік - шикізат ретінде пайдаланады.

Егілетін сәбіз тұқымынан даукарин дейтін сығынды алынады, фармакологиялық қасиеті жағынан бұл келлинге ұқсас.






Бал - дертке дауа.



Жаңа сөздер:

бал - мед

таулы өңір - горная окрестность

шырын - сок

сору - всасывание

түсі - цвет

иісі - запах

дәмі - вкус

құнды - ценный

қуаттылығы - энергия

асқыну - осложнение; обострение



Республикамыздың таулы өңірінде гүлге ұшып-қонып жүрген аралардың әрекетін көрген боларсыз. Ол бал жинап жүрген араның тіршілігі.

Халық араны адамның кішкене досы деп дұрыс атаған. Ара шырын жинаған кезде 100гр бал жинау үшін орта есеппен сағатына 6,5 километр жер ұшып, шамамен бір миллионға жуық гүлді аралап сорып шығады екен.

Араның шырынды қай өсімдіктен жинағанына қарай балды түсіне, иісіне, дәміне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

Бал - өте құнды тағам. Оның ішінде қант ағзаға тез сіңеді және балдың қуаттылығы да өте жоғары, 100 гр бал 335 калорияға дейін қуат береді. Сондықтан бал ерте заманнан бері тағам ретінде ғана емес, шипалы дәрі ретінде де пайдаланылып келеді.

Қазіргі кезде оны гастриттің асқынған түрімен ауырған адамдарға, іш қататын ауруға шалдыққандарға беруге болады. Бал адам денсаулығына ерекше пайдалы гликоген деген заттың бауырға жиналуына көмектеседі. Ол гликоген қантқа айналып қанға араласады да, ағзаның барлық жасушаларына тарайды. Сондықтан да балды бауыр ауруларына қарсы дәрі ретінде пайдаланады.




Итмұрын.



Жаңа сөздер:

итмұрын - шиповник

тамыр - корень

тұнба - настойка

бауыр - печень

асқазан - желудок

кептірілген - сушеное

дәріхана - аптека

түк - ворс

ашытқы - закваска

тосап - варенье

шарап - вино

мөлшер - доза


Халық ертеден-ақ итмұрынның тамырын қайнатып тұнба жасап, оны іш өткен, асқазан, ішек ауырған, кейде бауыр ауырған кезінде ішіп келген. Итмұрынның кептірілген жемісі дәріханаларда бүтін күйінде немесе оны үгітіп, ішіндегі дәні мен түктерінен тазартылған күйінде алынады. Итмұрынды орысша шиповник дейді.

Итмұрынның жемісі дәруменге бай келеді. Тамақ өнеркәсібі итмұрыннан түрлі дәрумендік концентраттар мен ашытқылар жасап шығарады, жастай жиналған жемістерден тосап қайнатады, оны конфетке қосады.

Итмұрынның гүл жапырақтарынан шарап, қызыл су және алқызыл сірке жасайды. Қоңыр және тікенек итмұрынның жемістерінен қызғылт сары түсті бояулар алынады.

Итмұрыннан жасалған экстракты холосас деп атайды. Бұл дәрінің өзінше иісі бар, дәмі тәтті, түсі қара қоңыр, қоюлау. Дәрігерлер оны холецестит, холангит, гепатит ауруымен ауыратын адамдарға несеп жүргізетін дәрі ретінде ішуге береді. Бірақ оны мөлшерлеп ішу керек.

Холосас ауруды жазбайды, бірақ ол маңызды көмекші құрал болып табылады да, өттің көп бөлініп шығуына көмектеседі.





© 2010-2022