Негізгі және туынды еліктеу сөздер. ҚМЖ 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

ІIІ тоқсан

16.03.2015 ж

45 минут

Пәні: Қазақ тілі

6а,б-сынып

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі. 6-сынып, Авторы: Г.Т. Тұрсынова, А.А. Қасымбек, А.Ж. Такишева, А.К.Шыныбаева. "Арман-ПВ" баспасы, 2009ж

Сабақтың мақсаты

1.Еліктеу сөздің құрамдық ерекшелігін түсіндіре отырып, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту. Негізгі, туынды еліктеу сөздерді ажырата білу.

Еліктеу сөздер туралы тапсырмалар беру арқылы білімдерін кеңейту.

2.Топ ішінде өзара баға беруін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

1.Еліктеу сөздің құрамдық ерекшеліктерін түсінеді. Еліктеуіш сөздер туралы тапсырмалар беру арқылы білімдерін шыңдайды.Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды;Өз бетімен жұмыстану арқылы тақырыпты меңгереді.Оқулықтағы жаттығуларды орындайды.

2.Топ ішінде өзара баға беруді қалыптастырады.

Негізгі идеялар

Еліктеу сөздердің топтық мағыналарын ажырата блу

Сабақтың әдіс - тәсілдері:

Ыстық орындық

Ой қозғау

Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)

Дәптермен жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Рефлексия

Көрнекілігі

Постер,маркер,стикер, үлестірмелі қағаз

Тапсырмалар

Шығармашылық жұмыс, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру;

  • Топтастыру. (Еліктеу сөздердің мағынасы мен құрамына қарай қағаз қиындыларында жазылған сөздер арқылы топтастыру)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

337-жаттығуды оқыту

1. «Ыстық орындық» әдісі

2. Ой қозғау.

Қалт- құлт

Қылтың

Гүрс

Сатыр-сұтыр



  • Балалар, жұлдызшалардың ішіндегі сөздерге мән беріп қараңдар? Сөздердің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадыңдар?

Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшелігі бар ма?

Оқушылар берген жауаптарына қарай «Жылы шырай таныту» арқылы бағалау

Топтық жұмыс

1-топ. Негізгі түбір еліктеу сөздер туралы ақпарат беру

2-топ. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру

3-топ.Еліктеу сөздерден өзге сөз табын тудыратын жұрнақтар туралы мәлімет беру

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау

Дәптермен жұмыс:

1-топ. 326 -жаттығу

2-топ. 37 -жаттығу

3-топ. 329 -жаттығу

«Смайликтер» арқылы бағалау

Жұбыңды тап!

Еліктеу сөздермен етістіктерді тіркестіру арқылы жұптасады.

Жұптық жұмыс.

1.Етістіктерге тиісті еліктеуіш сөздер тауып, байланыстыр.
Сынды, ұйықтау, шайнау, секіру, күлу, жүру,

2.Берілген еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір.
Бұрқ - сарқ, сатыр - сұтыр, шиқ - шиқ, зу - зу, зыр - зыр, гүрс, сарт - сұрт, қытыр - қытыр

3.Қатты қорыққан кездегі қозғалыс(селк)
Қазанның жай қайнауы(бүлк)
Жіңішке дауыстың естілуі(шіңк)
Жөтелдің түрі(күрк)
Тамшының дыбысы(тырс)
Күлкінің түрі(кеңк)
Қасыңнан бірнәрсе тез өте шықты(зу)

Семантикалық карта толтыру

мысал

дара

күрделі

негізгі

туынды

еліктеуіш

бейнелеуіш

Елпең


Жарқ-жұрқ


Домалаң


Ду-ду


Тық




Сықыр


қайқаң




Жұпаралық бағалау

«Суреттер» сөйлейді.

Еліктеу сөздерді қатыстырып, суреттерге қарап мәтін құрау.

1-топ. Табиғат құбылыстары

2-топ. Аң-құстар

3-топ.Жануарлар

«Стикер» арқылы бағалау

Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары.

1-топ

1.Еліктеу сөзді тап:

А)ағарады В)гүр-гүр С)бүлдіреді Д) иректе

2.Бейнелеуіш сөзді тап:

А)тарс В)жалт-жұлт С)сыңғыр Д)арс-арс

3.Негізгі еліктеу сөзді тап:

А)шұбартөс В)қыңқ С)елпең Д)күркіре

4.Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап:

А)-ша,-ше,-қы,-кі, В)-аң,-ең,-ың,-ің, С)-ыс,-іс,-ым,-ім, Д)-а,-е,-ар,-ер,

5.Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап:

А)… сауға,-деді саңқ етіп В)даусы қатты шықты С)шаңы бұрқ етті Д)мылтық даусы тарс-тұрс естілді

2-топ

1.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:

А) Ол сақылдап күлді. В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті. С)Су сылдыр-сылдыр ақты.

Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.

2.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.

А)тырс В)жалт С)маймаң-маймаң Д)тарс

3.Қажетті еліктеу сөзді тауып қой.Қарға… етті.

А)бұрқ В)сарқ С)қарқ Д)сарт

4.Бейнелеуішті белгіле

А)күні-түні,әрі-бері. В)үлкенді-кішілі. С)тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр. Д)әкелі-балалы, балалы-шағалы

5.Еліктеу сөзді тіркесті тап

А)сылқ-сылқ күлді В)емін-еркін отырды С)мыңға жуық Д)әттең, естімедім -ау

3-топ

1.Еліктеу сөзді табыңдар:

А) ағарады В) гүр-гүр С) бүлдіреді Д) илекте

2. Бейнелеуіш сөзді табыңдар:

А) тарс В) жалт-жұлт С)сыңғыр Д) арс-арс

3. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:

А)шұбартөс В) қыңқ С)елпең Д) күркіре

4. Туынды еліктеу сөзді табыңдар

А)күркіре В) тарс С)ойна Д)қыңқ

5. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңдар:

А)-ша, ше, -қы, -кі, -к В)-аң, -ең, -ың, -ің, -ң

С)-ыс, -іс, -ым, -м Д)-а, -е, -й, -ар, -ер, -р

«Өзін-өзі» бағалау

Кері байланыс.

Мен ............................................................................... таныстым;

............................................................ .. ...маған оңай болған жоқ.

Ерекше ұнағаны.............................................................................

............................................................................рахмет айтамын.

Мен болашақта ..............................................................................

.................................................................... .........жазып көремін.

Келер күнге тілегім........................................................................

Кейінгі тапсырма: 328-жаттығу. «Ауылда», «Қалада» тақырыптарына шағын әңгіме жазу.







© 2010-2022